Материалдар / Ашық сабақ Жай механизмдер 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жай механизмдер 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінің мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
1533
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ:

Мектеп:Ә.Сағынтаев атындағы орта мектеп



Күні:

Мұғалімнің есімі: Жұманқұлова Н


Сынып:7

Қатысқандар саны:

Қатыспапағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Жай механизмдер


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Білімділік:Жай механизмдермен алғаш таныстыру, олардың жұмыс істеу принципін түсіндіру, жай механизмдердің табиғат пен техникадағы мысалдарын келтіре алу дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық: сөздік қорын дамыту, тіл коммуникативтігін жетілдіру

Тәрбиелік: Өзінің жұмысына талап қоя білу,танымдық белсенділікті дамытуға күш салу. Ой еңбегі мәдениетін қалыптастыру ,жауапкершілік, өз бетіндік әдеттерді үйренуіне жағдай туғызу


Сабақ мақсаттары /табыс критерийлері/

Барлық оқушылар: /А,Ә,Б/

Оқушылар сабақтың соңында: жай механизмнің анықтамасын айта алады; жай механизмдердің түрлерін біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:А,Ә

жай механизмдердің мысалдарын келтіре алады: жай механизмдердің жұмыс істеу принципін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:А

жай механизмдер арасында қандай байланыс бар екендігі туралы өз пікірлерін айта алады; жай механизмдердің жұмыс істеу принципін түсіндіре алады


Тілдік мақсат

Оқушылар: «механизм» … білдіреді, Жай механизм дегеніміз...; «иіндік» деп ...;

«блок» дегеніміз …; «көлбеу жазықтық» деп... ;«жай механизмдерді»...мақсатта қолданады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жай механизмдер сөздігі

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:


-Сіз неліктен осының барлығы неліктен екенін айта аласыз ба?


Жазылым бойынша ұсыныстар:


Алдыңғы оқу

Оқушылар осы тақырыптың алдында мына ұғымдар мен анықтамаларды, физикалық шамаларды, заңдарды меңгерген және дағдылары қалыптасқан: механикалық энергия, оның түрлері: кинетикалық және потенциалдық энергиялар, механикалық энергияның сақталу заңы; энергиялардың формулалары, анықтамалары, жұмыс, қуат формулалары, анықтамалары, пропорционалдық байланыстары, математикалық амалдар қолдану арқылы негізгі формуланы түрлендіріп, одан ізделінді шаманың формуласын қорытып шығара алады; энергия және оның түрлеріне, механикалық энергияның сақталу заңына әр қиындық деңгейіндегі есептерді шығара алады



Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Басы.

Білу



Сәлемдесу

Оқушыларды психологиялық дайындау Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу. Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу Жаңа тақырып арқылы 3- шағын топтарға бөлу үлестірмелі қағаздарға жазылған атауларды топтастыру

Саяхат аялдамаларымен таныстыру.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы бағаланатын елдермен саяхатымызды бастаймыз.


Өзін -өзі реттеу Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді

Оқушылар берілген үлестірмелі қағаздарды алып, шағын топтарға бөлінеді

1 топ: «Иіндік» елі

2 топ: «Жай механизмдер» елі

3 топ: «Көлбеу жазықтық» елі

1 топ: «Иіндік» елі

1.Иіндік деген не?

2. Күш иіні дегеніміз не?

3. Күш моменті деген не?

4. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?

2 топ: «Жұмыс» елі

  1. Жұмыс дегеніміз не?

  2. Жұмыстың формуласы, өлшем бірлігі?

  3. Жұмысты қалай жеңілдете аламыз?

3 топ: «Энергия» елі

1.Энергия дегеніміз не ?

2.Энергияның түрлері.

3. Кинетикалық және потенциялдық энергиялар дегеніміз не? Қандай шамаларға тәуелді?

Әр топ оқушылар өткен тақырып бойынша білгендерін, көргендерін айта келе мазмұнын ашу.

1 топ: «Иіндік» елі

1.Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.

2. Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды

3. Түсетін күштің өз күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады: M=F*d

2 топ: «Жұмыс» елі

Күштің әрекетінен дененің орын ауыстыруы

3 топ: «Энергия» елі

Жұмыстың орындалу қабілетін сипаттайтын шама.

Кинетикалық энергия Дененің қозғалыстағы энергиясы

Потенциалдық энергия денелердің өзара орналасуына байланысты


Дәптер












қалам, дәптер











Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: жаңаша көзқарас. Әдістемелік құрал.








2-кезең: Ортасы

Түсіну

Жаңа сабақ

Жаңа сабаққа қажетті көрнекі құралдар: иінді таразы, қайшы, жаңғақ сындыратын құрал, тістеуік, отвертка, бұранда, екі иінді күрек, иіндік, иінағаш, блоктар, сына-клин, таяқ, оған асатын түйіншек жүк, т.б. құралдарды оқушыларға көрсетіп, ол құралдардың қандай қызмет атқаратындығын сұрап барып, жаңа сабақты бастау, сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру, оқу мақсатын еске түсіру.

Ендеше, «Тіл қаруы -сөз, сөз қаруы - ой, ақылды ой, алғыр сөз - адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз.

1. Механизм дегеніміз не?

2. Блок дегеніміз не ?

3.Жылжымайтын блок күштен ұтыс бере ме?

4.Жылжымалы блок күштен ұтыс бере ме?


Тең иінді таразылар мен ондық таразылардың арасындағы айырмашылық қандай ?

Қандай шарттар орындалғанда тең иінді және ондық таразылар тепе-теңдікке келеді ?

Жылжымалы және жылжымайтын блоктардың қызметінің ерекшелігі қандай ?

1.Оқушылар топпен тиянақты, жинақы отырып мәлімет алады.

Төмендегі суреттер салыстыра отыра қорытынды шығарып жаз.

Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады. Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе

Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.

Ондай таразының тепе-теңдік шарты:

mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.

Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.

Күштен ұту үшін, әдетте, жылжымайтын және жылжымалы блоктарды бірге пайдаланады

Жылжымайтын блок жұмысты атқару үшін ыңғайлы болу үшін ғана қолданады. Ол күштен ұтыс бермегенмен, күштің әрекет ету бағытын өзгертуге мүмкіндік береді.

Суретке қарап жай механизмдердің орналасуы жайлы мағлұмат беру.


Қолдану

Әр түрлі механизмдердің қолданылуы.

Өз бетінше іздену дағдысын қалыптастыру

«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - cол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп әр түрлі механизмдердің, қолданылу аялдамасын тамашалаймыз.

Есептер шығару

Әр түрлі жай механизмдер, көлбеу жазықтықтар тұрмыста қолданылады.

Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады.

Мысалы:

Иінді таразы

Блок

Көлбеу жазықтық


Талдау

Жай механизмдер өнеркәсіпте адамның күші жетпейтін жұмысты атқаруға мүмкіндік беретіндігін ерекшелеу


Блок көмегімен және блоксыз орыдалатын іс-әрекеттерді талдау,салыстыру

Таразылар айырмашылығын талдау


3-кезең:Соңы

Жинақтау

Семантикалық карта

Енді «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі аялдамамызға көшейік.


Әр оқушы анықтамалардың дұрыс тұсына белгі қойып шығады.

Оқушы тапсырманы жеке орындайды.


Бағалау

Нақты нені түсінгендерін жазу

«Бағалау терезесі арқылы кері байланыс жасау. Терезе төрт бөліктен тұрады «Маған бәрі де түсінікті», «Сұрақтар пайда болды», «Мен есте сақтадым», «Түсінбедім»..


Осы терезелерге сабақта алған әсерлерін білдіретін смайликтерге нақты нені түсінгенін, сұрақтарды, нені есте сақтағандарын, неге түсінбегендерін ашып көрсетеді.

Оқушылардың білімін бағалау

Әр топтағы оқушылардың әрқайсысынан бағалауларын сұраймын. Содан кейін жүйелеп нақты баға қоямын. Қорытынды баға қойылады.

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жазу

Оқушылар мұқият тыңдайды


Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)

Үйге тапсырма

3 мин §70, § 71 §72

Қосымша ақпарат

Видио

Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.

АКТ пайдалану арқылы іске асады. Қабілеті жоғары оқушылар жылдам жауап беріп, көмек көртете біледі.





Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі қолданылған стратегиялар өте тиімді пайдаланылды.

Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бүгінгі сабақтың сәтті жақтары мыналар болды:











Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.




Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!