400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ ""Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемді қайталау

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ өткізу барысында қажет. Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

ОІМ: Қайырқұл Ш.С.

Күні: 27.04.18

Мұғалімнің аты- жөні: Мусагалиева А.А.

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Жай сөйлем, құрмалас сөйлемнен өткендерін қайталау арқылы білімдерін пысықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратып, мысалдар келтіре алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратып, барлық тапсырманы орындай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сөйлем, құрмалас сөйлем

Талқылауға арналған сұрақтар: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы

Құндылықтарға баулу

Азаматтық жауапкершілікке, қазақстандық патриоттыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Жұмбақ

Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын

(сөйлем)


Ширату. «Ішкі сыртқы шеңбер» Қарама қарсы тұрып өткен тақырыптарды еске түсіреді

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

--Жалаң сөйлем қалай жасалады?

-Жайылма сөйлем қалай жасалады?

-Жай сөйлем неше сөйлемнен тұрады?

-Құрмалас сөйлем ше?


Сыныпты топқа бөлу. (Топ басшы сайлап, оқушылардың аты жазылған қағазды суырту арқылы сыныпты топқа бөлу)













Оқушы аты жазылған қағаз

Сабақтың ортасы


25 мин

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Мәтінді рөлге бөліп оқу.

Жаз. Өрісте Құлын, Қозы, Лақ, кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болады. Әуелі қандай ойын қызық екенін талқыға салды.

Сөзді ақ Лақ бастады.

- Ойынның қызығы - тауға шығу, тастан тасқа секіру. Бойыңа қаның тарап, күшті боласың.

Қошақан Лақтың сөзін жаратпады.

- Ойынның қызығы – сарт- сұрт сүзісу. Әрі күшің толады, әрі бұлшық етің қатаяды.

- Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң, жжарысып ойнайық. Тұра қалып тебісейік, - деді құлын.

Үшеуі қызылкеңірдек болып ұзақ керісті. Келісе алмай, әрқайсысы өз жөніне кетті.

Тапсырма

І топ – жай сөйлемді теріп жазу

ІІ топ – құрмалас сөйлемді теріп жазады


2-жаттығу. Сөйлемді аяқтау.

Ақжан ойланып қалып еді,.... Күн батты, ......Сәуле біресе отыра қалып жазды, .....Апанның іші әрі салқын,... Ол терезеден қарады...


3-жаттығу. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз. 1.Қанат ерте тұрды. Мектепке барды. 2.Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жауды. 3.Маржан кітап оқыды. Інісі жалықпай тыңдады. 4.Біз далаға шықтық. Балалар аулада ойнап жүр екен. 5.Баласынан хат келді. Ата- анасы қатты қуанды.


І топ 2- жаттығу Сөйлемді аяқтау. Құрмалас сөйлемге айналдыру

ІІ топ 3- жаттығу Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыру


Сергіту сәті.

«Көңілді күн» бейнеролик


4-жаттығу Құрмалас сөйлемнің ішінде неше сөйлем бар?

Көктем келді, күн жылып,

Тоң қақырап, қар еріп,

Гүрілдіп өлең сарқырап,

Айдын көлдер жарқырап,

Қиқулап ұшып қаңқылдап,

Қараша қаз сампылдап,

Құстар қайтып барады.




Оқулық

























Теледидар



Тілме қағаз

Сабақтың соңы

«Ысқыру диктанты» Оқушыларға диктант жаздыру, көршісіне тексерту, мәтін ішінен жай сөйлем мен құрмалас сөйлем таптыру.


Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Олар алғашқыда саусақтарын санаған, кейін есептеу үшін ұсақ тастар қоданған. Адамдар әлгі тастарды жіпке тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданған. Бұл есепшоттың алғашқы түрі еді


Кері байланыс














түрлі түсті бояу









































Лунара

Аяжан

Ерсін

Бахтияр

Ақмаржан

Айбол

Мұрат Қайрат

Жаннұр



Нұргаухар

Дана

Сезім



Думан

Ерсін

Жарылғап Қайрат























































































Сыныппен амандасу

Өзімді таныстыру

Жұмбақ

Сөйлем дегеніміз не? Сұрақтар қою

Топқа бөлу

Тақырып жаздыру

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді рөлге бөліп оқу

Тапсырмалар 1,2,3 жаттығу

Сергіту сәті

4 жаттығу

«Ысқыру диктанты»

Кері байланыс







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі