Ашық сабақ "Жалаң және жайылма сөйлемдер" 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жалаң және жайылма сөйлемдер" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі:

Түндебаева Назгүл Қасенқызы

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы

Жалаң, жайылма сөйлемдер.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдер туралы жалпы мағлұмат бере отырып, оқушылардың білімдерін жан-жақты тереңдету.

Дамытушылық: Сұрақтарға жауап беру арқылы мәнерлі, әдеби тілде сөйлей білуге баулу; Өзара сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты жазуға, тазалыққа тәрбиелеу.

Тапсырмалар

өзара сөйлесу, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс.

Оқуға арналған тапсырмалар

Мәтін

Сабақтың типі

Аралас

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Сызба кестесі, оқулық, тірек сөздер, суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, сыныпта психологиялық ахуалды реттеу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын білу, зейіндерін сабаққа аудару.

Шаңыраққа ілінген түрлі түсті ленталар бойынша үш топқа бөлінеді. Тәуелсіздік күнімен байланыстырамын. Құттықтау сөз айтылады: Балалар, биыл тәуелсіздігімізге қанша жыл? Ендеше, барлықтарыңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын! Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлт өкілі, қазақ елі бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп, ауыз біршілігіміз артып, ұлғайып, өркендей берейік! Олай болса, балалар, кім қай түсті ұстады, сол бойынша топқа бөлініп, орнымызға отырамыз.

"Білім шыңы" сайысы бойынша білімдерімен асулардан өтіп, шыңға шығу керек.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, пысықтап, түсінгендерін сұрау.

Үйге берілген 71-жаттығуды ауызша сұраймын:

Бастауышы айтылмай тұрған сөйлемдердің бастауышын баяндауыш арқылы тауып, жақша ішіне қойып көшіріп жазыңдар.

(Сен) Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, (сен) оны да ойла,

(Мен) Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

(Мен) мыңмен жалғыз алыстым, (сен) кінә қойма...

Жақты сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

Жақсыз сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІI. Білімді жан-жақты сұрау, тексеру.

Оқушылардың білімдерін өткен тақырып бойынша жан-жақты сұрақтар қою арқылы пысықтау; Түрлі сұрақтар қою барысында топқа бөліп жарыс ұйымдастыру; Тест түрінде өзін-өзі пысықтап, білімдерін тексеру;

ІV.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жалаң, жайылма сөйлемдер туралы жалпы мағлұмат бере отырып, жаттығу жұмыстарын, тапсырмалар орындату;

Сұрақтарға жауап беру арқылы ойларын еркін жеткізуге машықтандыру;

Өзара сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеуге дағдыландыру;

Ү.Жаңа сабақты меңгерту.

ЖShape1 Shape2 алаң сөйлемдер



Бастауыш Баяндауыш

Shape3 Shape4


Тұрлаулы мүшелер


Мысалы: Тәуелсіздік - тұғырым (жай сөйлем, хабарлы сөйлем, жақты сөйлем, жалаң сөйлем).

Не? Тәуелсіздік-бастауыш;

Не? Тұғырым-баяндауыш;

Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.


ЖShape5 Shape6 Shape7 Shape8 айылма сөйлемдер

Shape9

Бастауыш Баяндауыш


Анықтауыш

Пысықтауыш

Толықтауыш


Мысалы: Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр (жай сөйлем, хабарлы сөйлем, жақсыз сөйлем, жайылма сөйлем).

Не істеді? Толып отыр - баяндауш;

Қашан? Биыл-пысықтауыш;

Неге? Ел Тәуелсіздігіне-толықтауыш;

Қанша? 25 жыл-анықтауыш;

Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

VI.Жаңа сабақ бойынша меңгерген білімдерін тексеру.

Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, тапсырмалар орындатқызып, жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерін анықтау.

1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 78-жаттығу, 2-бөлімі. Әр топқа екі сөйлемнен беріп, тақтаға орындатқызып, сөйлем мүшелеріне талдатқызамын.

2-тапсырма. Шығармашылық ізденіс. Тәуелсіздік күніне байланысты бір шумақ өлең беріледі, оқушылар өз ойларынан шығарып, аяқтау керек.

Тәуелсіздік таңы атты алаулай!

---------------------------------------- (Желбірейді жалын атып, жалаудай)

Егеменді ел атанып, асқақтап,

---------------------------------------(Жатыр елім, жерім жатыр манаурай)

Сергіту сәті. Балалар, қазір қай мезгіл? Қыс. Ендеше "Қарлы кесек", яғни "қарды" бір-бірімізге лақтырып, тәуелсіздігімізге байланысты, тілге байланысты сұрақтар қойып, жауап береміз.

3-тапсырма. "Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік" атты тақырыпта сурет салып, сол сурет бойынша жалаң, жайылма сөйлем құрайды. Әр топ постер қорғайды.

4-тапсырма. Ереже сайысы. Қазір біз алма ағашынан алма тереміз. Әр алмада сұрақтар берілген. Сұраққа жауап берген оқушы алманы себетке салып отырады. Жауап бере алмаса жерге қоя береді.

5-тапсырма. Топтық жұмыс. Әр топқа сөйлем мүшелері бойынша сызбалар беріледі. Сол сызбалар бойынша сөйлемдер құрайды.

VII. Жаңа сабақты бекіту.

Стикерге өз ойларын жазғызып, кітапқа жаздырту. Жаңа сабақ бойынша кітап шығарамыз. Білім шыңына асулардан сүрінбей өткен топты анықтаймыз.

Сабақты оқушылардың өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу, сөйлей білуге үйрете отырып, дағдыға айналдыру. Түсінбегендерін сұрату.

ҮІII. Үй тапсырмасын беру, оқушылар білімін бағалау.

Жалаң, жайылма сөйлемдер; 78-жаттығу 1-бөлім; Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттаймыз. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жазамыз.

Берілген бағалау парақшасы бойынша әр оқушының алған бағасын талдай отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.




Тексерілді_____________


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі