Ашық сабақ "Жаңа Жылдық жапсырмалар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жаңа Жылдық жапсырмалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық аппликация түрлерімен таныстыру, олардың жасалу жолдарын үйрету. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ашық сабақ


Үйірме атауы: Қазалы аудандық Оқушылар Үйі, «Бастауыш техникалық жобалау» үйірмесі

Үйірме жетекшісі : Жакешов Алмас

Тобы: ІІ

Өткізілетін уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Жаңа Жылдық жапсырмалар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Аппликация түрлерімен таныстыру, олардың жасалу жолдарын үйрету. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың қол еңбегіне деген қызығушылығын арттыру, қолдың икемділік қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру, қабілетті балаларды анықтау, қолдау;

Тәрбиелігі: Оқушыларды әсемдікті сезіне білуге, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жапсырма түрлері, сызбалар, woordwall платформасында құрылған интерактивті тапсырмалар;

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, практикалық тапсырмалар орындау

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланысы: еңбекке баулу, технология, бейнелеу өнері;

Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, қартон, табиғи және жасанды материалдар;


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, тугендеу, оқу құралдарын дайындау;

Психологиялық дайындық:

Балалар бүгінгі күніңіз көңілді өтсін деп тілеймін.

Олай болса, алдымен бір-бірімізбен амандасып алайық.

Рахмет, балалар!

ІІ. Өткен сабаққа шолу, үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар, біз өткен сабақта «Қар ұлпасын жасау» деген тақырыпты өткен болатынбыз. Үйге қандай тапсыра берілді?

-Қағаздан қар ұлпаларын жасау.

Ендеше, жасап келген ұлпаларымызды тақтаға ілейік.

Сонымен қатар, балалар мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші (тақтада woordwall платформасында жасалған тапсырма орындалады).

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі екенін қайдан білдік?

- Қыс мезгілінде неше ай бар? Айтайықшы?

- Оқушылыр, қыс мезгілінде біз асыға күтетін мереке бар. Қане, бәріміз бірге айтайықшы. «Жаңа Жыл!»

Ендеше, бүгінгі тақырыбымызды ашу үшін, тағы да тақтаға назар аударайық.

Анаграмма арқылы тақырып ашылады.

«Жаңа жылдық жапсырмалар»

Алдымен, жапсырмалар туралы айтып өтейік.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жапсырмалау немесе «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнері Греция пайда болған.

Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.

Аппликацияның қай халықтың өнерінде болса да алатын орны ерекше. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының қиізге оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация әдісін пайдаланады.

Жапсырмалармен қораптарды, открыткаларды, албомдарды безендіруде болады. Жыл мезгілдерін жапсырмалауға болады. Жапсырма түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындауға болады. Осы жұмыстар арқылы біз түстерді үйлестіріп, көлемділігін ойлап отырып, шеберлігімізді арттырамыз.

Бүгін сендермен тақырыбымызға сәйкес Жаңа Жылдық жапсырмалар орындаймыз.

Жаңа жылдық жапсырмалар жасау үшін бізге не қажет? түрлі түсті қағаздар, картон, мақта дөңгелектері, мата қиындылары, фетр, сондай-ақ табиғи және жасанды материалдарды пайдалануға болады.Сендердің назарларыңа бірнеше жапсырма түрлерін кқрсетіп өтейін. (жұмыстар көрсетіледі)

(Жасалған жұмыстар таныстырылады)

Жапсырманың жасалу жолдары:

a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен қиып алу;

ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,

үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;

б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.

ІҮ. Өзіндік жұмыс.

Берілген тапсырмалар бойынша аппликация орындау. Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз.

Ү. Сергіту сәті

Ұсталардай тарсылдатып,

Шегені де қағамыз ( шегені қаққандай қимыл жасайды)

Әшекейлеп, әдемілеп,

Қағазды да қиямыз.( саусақтарымен қайшы етіп, қағаз қиған қимыл жасайды)

Әдепті де білімді боп,

Күнде бестік аламыз (екі қолдың бес саусағын ашады)

Сәндеп алып шыршамызды

Ән мен биге саламыз (би қимылдарын жасаймыз)

VI. Сабақты қорытындылау. (асық таңдау)

  1. Жапсырмалау өнері алғаш қай елден шыққан?

  2. «Аппликация» сөзі қандай мағына білдіреді?

  3. Жаңа Жылдық тақпақ білесің бе?

  4. Келе жатқан Жаңа Жыл қандай жыл?

  5. Бүгін қандай материалдармен жұмыс жасадық?

  6. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай қалай бөлінеді?

VII. Үйге тапсырма: аппликация жұмысын аяқтау

ҮІІІ. Бағалау.

Осымен сабағымыз аяқталды. Баршаңызды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтаймын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2023
485
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі