Материалдар / Ашық сабақ Жануарлар бір-бірінен несімен ерекшелінеді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жануарлар бір-бірінен несімен ерекшелінеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттайды Жануарлардың көбею жолдарын түсіндірді Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасайды
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

  Жаратылыстану 7-сабақ


Бөлім

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні

Тлеугазынова Қ.Қ

Күні:

19.10.2023

Сынып:2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

7 Жануарлар бір-бірінен несімен ерекшелінеді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.2.2 - жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау;

2.2.2.3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру;

2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттайды

Жануарлардың көбею жолдарын түсіндірді

Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасайды

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша , қоғамдағы бірлікке, оқушылар арасындағы достық сыйластық қарым –қатынасы сақтай білуге тәрбилелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.


5-минут







Оқушылармен сəлемдесу. Қатыспағандарды белгілеу. Сабаққа дайындықты тексеру. Жағымды көңіл күй орнату.


Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз.

Біз – дарынды жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды. Өзіндік дайындығын анықтайды. Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен сабаққа көңілдерін аударады.

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.

Суреттер.










Сабақтың ортасы

20 мин



Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын

ҚБТапсырма 1. МК.ҰЖ Ойлау дағдысы: білу, түсіну

Фотосуреттерді қарап, оларға ортақ нəрселерді тапқызады.

Сұрақтар қояды:

  1. Сен табиғат аясында қандай жануарларды

кездестірдің?

Жануарлар өсімдіктерден несімен ерекшеленеді?

ЕББҚ тапсырмасы. Суреттегі жануарларды атайды.мекендейтін ортасын айтады


Оқушылар тақырыпты, мақсатты анықтайды

Аралас,жұптас ой бөлісу

Әр топка жеке тапсырма-27бет 3-тапсырма 27-бет 4-тапсырма 28-бет 5-тапсырма



Жануарларды атайды.

Құрбақа, қасқыр, тасбақа, бекіре, аққу – жануарлар.

Табиғатта өз беттерімен тіршілік етеді.





Өсімдіктер жүре, жүгіре, жорғалай

алмайды, ал жануарлар қозғалады.

ҚБ: «Бағдаршам әдісі».

Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді.

Жаратылыстану оқу оқулығы. Алматы «Алматыкітап»2022 жыл,


5 мин

Сергіту сәті

Видео


Балалар бірге орындайды

Жарайсыңдар !


10 мин

2- тапсырмасы (ТЖ).

Тақырыптарды топқа бөліп беру. Топтардың атына байланысты. Балықтар,құстар,жәндіктер

.Тақырыпты топтың ішінде оқу, талдау, түсіну.

1 топ «Фрайер» моделі бойынша.

2 топ «Балық» әдісі

3 топ «Ассоциация» әдісі

Топтың жұмысын «Өзара бағалау»


Сұраққа жауап беруді ұсынады:

1. Барлық жануарларға не ортақ?

Жануарлар мен өсімдіктер несімен ұқсас?

Жануарлар мен өсімдіктер несімен ерекшеленеді?

Қандай жануарлар шөпқоректі деп аталады?

Жануарлардың қайсысы жыртқыштар деп аталады?

Қандай жануарлар жабайы деп

аталады? Үй жануарлары ше?


ЕББҚ тапсырмасы

Үй жануарларымен жабайы жануар айырмашылығын айтады


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, кластер құрады.

Жануарлар тірі ағзалар.

Жануарлар мен өсімдіктер жанды табиғатқа жатады. Олар туылады, тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, тіршілігін тоқтатады.

Қоректену тəсілі бойынша ерекшеленеді.

Өсімдіктер жарық кезде жасыл жапырақтардың көмегімен судан, минералды заттардан, ауа мен күн сəулесінен қорек түзеді.

Ал жануарлар өздеріне қорек түзе алмайды. Олар оны табады.

Жабайы жəне үй жануарлары, жыртқыш жəне шөпқоректі жануарлар.

Бағалау критерийі: жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттайды

Дескриптор:

Мəтінді оқып, сызбаны талқылайды жəне өз пікірлерін айтады.4 балл

Мынадай тұжырымға келеді 4 балл



Оқулық

5 мин

Оқушылардың назарын оқулықтағы мəтінге аударады.

Қандай ғалымдар жануарлар тіршілігін зерттейді?

Олар жануарларды қандай кластарға қандай белгілері бойынша бөлді?

Зоология ғылымы дегеніміз не?


Қазақстан Ұлттық телебағдарламасы «Қызық екен» ойыны бойынша өткізу.



Мəтінді оқып, сызбаны талқылайды жəне өз пікірлерін айтады.

Мынадай тұжырымға келеді:


Жануарлардың тіршілігін зоолог- ғалымдар зерттейді.

Олар жануарларды түрлі белгілері бойынша кластарға бөлген.

Зоология дегеніміз – жануарлар туралы ғылым.

Бағалау критерийі:

Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасайды

Дескриптор:

Тірек сөздер бойынша берілген ұғымдарды түсінгендерін бағалау.2 балл

Оқулық

Кері байланыс











Сабақтың соңы

4-сөйлем әдісі

1кластың атауы

2сипатта

3мекені

4көбеюі

Əр оқушының өзін-өзі бағалуын ұйымдастырады. Оқушылардан керікті бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды:

Қызыл– ештеңе түсінбедім;

Сары – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасыл– бəрін түсіндім,

  • басқаға түсіндіре аламын.


Үй жұмысы:

Жоспар бойынша жануарды сипатта



Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоционалдық жағдайын анықтайды. Өз білімін өзі бағалайды.

ҚБ: жетістік жолы Əр оқушы өзінің сабақтағы оқу материалдарын қалай түсінгенін, меңгергенін бағалайды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!