400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Жақшасы бар өрнектердегі амалдар реті 1 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен 1 - сыныпқа арналған сабақ жоспарының үлгісі берілген. Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес құрылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Шідерті орта мектебі

Пән: Математика

Бөлім: Алгебра элементтері

Сабақ тақырыбы: Жақшасы бар өрнектердегі амалдар реті


Күні: 1.06.2018

Мұғалімнің есімі: Шаймерденова Салтанат Макимовна


Сынып: 1

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


1.2.1.6. Екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу, амалдардың ретін анықтау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Жақшалы өрнектегі амалдардың орындалу ретін біледі.

Көптеген оқушылар: Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердің мәнін табады.

Кейбір оқушылар:

Жақшалы және жақшасыз өрнектерді өздігінен құрастыра алады.

Бағалау критерийлері:


Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Оқушылар жақшамен берілген екі амалды өрнектерді оқып жаза алады.

Терминология: Амалдар реті – порядок действий,

жақша - скобка

Сөз тіркестері: Екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдар қандай ретпен орындалады?

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Екі амалды өрнектер

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал.

«Арқаға жазылған комплименттер» ойсергек.

Әр оқушының арқасына түйрегішпен А4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.

Топқа бөлу. Сандар, амалдар, жақшалар жазылған қима қағаздарды таңдап, үш топқа бөлінеді.Топқа бөлінген әр топ өзіне ауызша сипаттама беріп шығады.

«Миға шабуыл» әдісі

1 – тапсырма.

(Ұ) Тақтада көрсетілген өрнектерді қарап, оқушылар топ ішінде берілген өрнектерді қандай екі топқа бөлуге болатынын табу керек.

Дескриптор:

1. Жақшалы және жақшасыз өрнектерді бір-бірінен ажыратады.

2. Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу ретін айтады.

Бағалау. «Білім желкені» әдісі












Сандар, амалдар, жақшалар жазылған қима қағаздар


Ортасы



Саралау


2 – тапсырма. (ЖЖ)

«Ойды жинақтау» әдісі

Тапсырма тәсілі арқылы (А)

Екі амалды жақшалы өрнектегі амалдардың орындалу ретін көрсет.

Дескриптор.

1. Екі амалды жақшалы өрнектегі амалдардың орындалу ретін көрсетеді.

Бағалау. «Жұдырық - алақан» әдісі

В) Берілген өрнектің мәнін есептеу

Дескриптор.

1. Берілген өрнектегі амалдардың орындалу ретін көрсете отырып, мәнін есептейді.

Бағалау. «Жұдырық - алақан» әдісі

С)

Екі амалды жақшалы өрнекті есептеудің алгоритмін құрастыр.

Дескриптор.

1. Екі амалды жақшалы өрнекті шешу алгоритмін құрастырады.

Бағалау. «Жұдырық - алақан» әдісі


(Ж) 3– тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Әр оқушы себеттерден сандар жазылған 3 парақша, жақшасы бар екі парақша, тең таңбасы бар бір парақша және арифметикалық амалдар жазылған екі парақшаны алуды ұсынып, жақшамен берілген санды өрнек құрастыру.

Дескриптор.

1. Жақшалы санды өрнек құрастырады.

2. Амалдардың орындалу ретін біледі.

3. Өрнектің мәнін табады.

Бағалау. «Сәттілік баспалдағы» әдісі

4 – тапсырма. «Жоғалған жақшалар» әдісі

(Т) Жақшаларды қой. Жақшаларды орнына қойғанда өрнектің алдын ала берілген мәні шығатындай етіп қою керек.

Дескриптор.

1. Санды өрнектегі жақшаның мағынасын түсінеді.

2. Өрнектегі тиісті жерге жақшаны қояды.

Бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі



Слайд №1

Аяқталуы


Рефлексиялық шеңбер тәсілі

Оқушылар шеңберленіп орындықтарға отырады. Мұғалім оларға рефлексияны шақыратын мынандай сұрақтар қояды.

Сабақ барысындағы көңіл – күйіңіз қандай? Неліктен?

Бүгін не білдіңдер?

Сендер үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?


Саралау – Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?


Тапсырма тәсілі арқылы

«Ойды жинақтау әдісі»



Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?


«Білім желкені» әдісі

«Жұдырық - алақан» әдісі

«Сәттілік баспалдағы» әдісі

«Мадақтау сэндвичі» әдісі


Денсаулық пен қауіпсіздік сақтау шаралары
АКТ
Құндылықтар


АКТ мен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
2427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі