Материалдар / Ашық сабақ Жаратылыстану 1-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Жаратылыстану 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Жаратылыстану 1-сынып Сабақтың тақырыбы: Электрлік Сабақты жоспарлауда алға қойған мақсаттарға жетіп, оқушылардың белсенді оқуын қамтамасыз ету үшін сабақта бірнеше белсенді оқыту әдістерін жоспарладым. Сабақта қолданылатын «Лездеме сұрақтар», «Фишбоун», «Түртіп ал», «Ойлан!», «Зерттейік» сияқты белсенді оқу әдістері оқушыларға нұсқау беру, түсіндіру, сипаттау, сұрақ қою және талқылау, зерттеу мен зерделеу тәсілдерін қарастырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу, проблемаларды шешу, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей білу дағдылары қалыптастырады. Сонымен қатар, «Сиқырлы лента», «Эстафета», «Кубизм», «Зерттейік» сияқты белсенді оқыту әдістері бекіту мен қолданысқа енгізу, рефлексия және бағамдау, қорытынды шығару және есте сақтау сынды белсенді оқудың тәсілдеріне бағытталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
345
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 1-сынып

Күні:

Бөлімше тақырыбы/дағдылар:

5.5.Электрлік (Электр)

Мұғалім: Шамгулова Алуа Бериковна

Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ мерзімді жоспардан

 1.5.5.1.адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлығы: электр тоғының адамның күнделікті өміріндегі маңызын біледі.

Көпшілігі: электр энергиясын басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.

Кейбіреуі: электр тоғын үнемді пайдалану қажеттігі жайында, электр тоғын пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелері жайында ой қорытындылайды.

Бағалау критерийлері

Адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіреді;

Электр тоғымен жұмыс істейтін және батереямен жұмыс істейтін заттарды ажыратады.

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Электр – электр - еlectr

Батарея – батарея - battery

Жазылым және диалог үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері:

- Балалар, суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- Бұл құралдарды біз не үшін пайдаланамыз?

  • Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Жылытқыш құралдарын іске қосу үшін бізге не қажет?

  • Тоқ дегеніміз не?


- Балалар, сендер жана сыныптағы электр тоғы арқылы жұмыс жасап тұрған барлық құралдарды атаңдыңдар. Ал сағат қалай жұмыс жасап тұр?

- Батереяны да электр көзі деп атауға бола ма?

- Батереяның қуаты таусыла ма?

- Оны қайта қуаттауға бола ма?

- Батареямен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды білесіңдер?

Құндылықтар

 

Электр тоғының адам өміріндегі маңызы мен алатын орны жайында қорытынды жасай отырып, электр тоғын үнемді пайдалануға баулу. Электр тоғының қауіптілігі туралы айта отырып, оны қолданғанда қауіпсіздік техникасын сақтап, үлкендерсіз электр құралдарын қосуға болмайтынын үйрету.

Ресурстар

 

 Иетербелсенді тақта, таныстырылым, ұялы телефон, батареялы ойыншықтар, батареялар, тоқ көзі, т.б.

Интернет ресурстар: электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, бу машинасының жұмысы жайлы бейнефильм

http://pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_yelektrichestva__280100,

Қауіпсіздік шаралары жайындағы бейнежазба https://www.youtube.com/watch?v=1hTprETszT8, https://www.youtube.com/watch?v=4xPNYP4Ogw8


Сабақтың жоспарлау кезеңдері

Оқыту әдістері


Бағалау әдістері

Саралау тәсілдері

Сабақтың басы

 1-5 минут

Ұ . Психологиялық ахуал.

«Үш көмекші» жаттығуы

М ынау менің жүрегім

Барлық істі бастаған.

Мынау басым ақылды,

Б арлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.


Ұ.Т. Топтастыру

Оқушыларға жылытқыш құралдардың суреттері бар қима парақшалар таратылады. Оқушылар суреттерге байланысты топтарға бөлінеді. Бір топта әр түрлі суреттер жинақталу керек.

  • Жылытқыш

  • Шәйнек

  • Микротолқынды пеш

  • Шаш кептіргіш


Ұ. «Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы алдыңғы материалды өзектендіру, ширату.

- Балалар, суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- Бұл құралдарды біз не үшін пайдаланамыз?

  • Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Жылытқыш құралдарын іске қосу үшін бізге не қажет?

  • Тоқ дегеніміз не?

ОМ ашып алу.

Мадақтау сөздері арқылы бағаланады































Құралдардың ортақ атауын айтады










Құралдардың электр тоғы арқылы жұмыс жасайтынын айтады.


Сабақтың ортасы

6-40 минут

Т. «Фишбоун» әдісі (Оқулықпен жұмыс)

Оқушыларға постерде «балықтың сүйегінің» дайын сызбасы беріледі.

ТDrawObject1 апсырма: Оқулықтың 66-бетіндегі суреттерді салыстыр. 1-суреттен не байқадың, соны балықтың жоғарғы сүйектеріне жаз. 2-суреттен байқағандарыңызды балықтың төменгі жақ сүйегіне жазыңдар. Ал балықтың құйрығына осы екі суретті салыстырудан жасаған қорытындыны жазыңдар.









Дескриптор: оқушылар үңгірдегі адамдардың не үшін от жағып отырғанын білді, түсінді, жазды. Екінші суретті сипаттап жазды. Салыстырудан қорытынды жасады.

Қ. топ спикерлері қорғаған соң, топтық жұмыс «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.



МК. «Түртіп ал» әдісі

Ертеде адамдар түні бойы жанып тұрған оттың жарығын пайдаланған. Одан кейін таяқтың басына шүберек байлып, соны жаққан. Осылайша «факел» пайда болған.






Кейінірек адамдар кішілеу ыдысқа май құйып, оған жіптен немесе мақтадан жасалған білтелерді матырып жағып қойған. Осылайша «май шамдар» пайда болған.





Б ір заманда адамдар ақылының арқасында электр шамын ойлап тапқан. Ол тиімді, әрі дұрыс пайдаланса қауіпсіз болып есептеледі. Электр тоғын үлкен «Электр станциялары» шығарады.





Табиғатта да электр заряды бар. Ол «Найзағай» деп аталады.


МК. «Ойлан!» әдісі

Проблемалық сұрақ: Түнде үйде электр жарығы өшіп қалса, не болар еді?

Оқушылардың жауабы тыңдалған соң мұғалімнің толықтыруы.

Оқулықпен жұмыс. Есте сақта! Адамдар электрдің көмегімен бөлме ішін жарықтандырады, үйді жылытады, ас әзірлейді. Электр көптеген тұрмыстық құралдардың арнайы жабдықтардың жұмыс істеуі үшін қажет.

Проблемалық сұрақ: сынып бөлмесінде қандай құралдар электр тоғының көмегімен жұмыс жасап тұр. Оларды атаңдар.

Дескриптор: сынып бөлмесіндегі электр құралдарын атайды.

Қ. мадақтау сөздері арқылы бағаланады.


Т. «Сиқырлы лента» әдісі

- Балалар, осы электр құралдарымен жұмыс жасағанда бізге абай болу керек пе?

- Олай болса, сендер өз беттеріңмен электр тоғымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ержелерін құрастырып көріңдер.

Топтық жұмыс үшін мұғалім әр топқа түрлі-түсті жолақ болып қиылған «лента қағаздар» мен маркерлер таратады. Оқушылар топпен ойланып, әр лентаға электр тоғын пайдаланудағы қауіпсіздік ержелерін жазады. Тапсырманы орындауға уақыт шектеулі болады.


«Эстафета» ойыны.

Ойынның ережесі: уақыт аяқталған соң әр топтан бір оқушы тұрып, бір ережені оқып береді де тақтаға лентаны іледі. Осылайша келесі топтар кезекпен бір-бір ережеден оқып, тақтаға іліп отырады. Бірақ бірінің ойын бірі қайталамаулары қажет.

Дескриптор: электр тоғын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерін біледі, құрастырады, жазады.

Қ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар әр топтың жауабын ойын барысында бағалайды.


МК. Оқушылардың ойларын толықтыру мақсатымен бейнебаян көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=1hTprETszT8

МК.

Проблемалық сұрақ.

- Балалар, сендер жана сыныптағы электр тоғы арқылы жұмыс жасап тұрған барлық құралдарды атаңдыңдар. Ал сағат қалай жұмыс жасап тұр?

- Батереяны да электр көзі деп атауға бола ма?

- Батереяның қуаты таусыла ма?

- Оны қайта қуаттауға бола ма?

- Батареямен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды білесіңдер?

Мұғалімнің толықтыруы.


Т. Зерттейік

Әр топқа батареямен жұмыс жасайтын ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншық) мен түрлі өлшемдегі батареялар таратылады. Оқушылар ойыншықтың батарея салынатын жерін анықтайды, ол жерге дәл келетін батареяның түрін анықтайды, оны дұрыс салып, ойыншықты іске қосады. Зерттеу жұмысы біткен соң, әр топтан бір оқушы ортаға шығып, ойыншықты қалай іске қосқандарын, оны іске қосу үшін қандай өлшемдегі батарея қолданғандарын айтып береді.

Дескриптор: ойыншықтың батарея салынатын жерін анықтайды, дәл келетін өлшемдегі батареяны таңдайды, батареяны дұрыс салып, ойыншықты іске қосады.

Қ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағаланады.


«Сен білесің бе?» айдары

Эврика мен Негештің диалогы аудиожазбадан тыңдалады.

Негеш: Эврика, батареямен жұмыс жасайтын ойыншық машинаны білеміз. Ал электр тоғымен жүретін нағыз машиналардың бар екенін білесің бе?

Эврика: Әрине білемін, балаларға да айтып берейін. Оқулыққа назар аударыңдар. Электрмен жүретін автомобильдер электромобильдер деп аталады. Олар тіпті 1841 жылы пайда болған. Алғашқы электромобильдер электр моторы бар арба сияқты болған.

МК. EXPO жайында қысқаша мағлұмат беру.

Балалар, көрдіңдер ме адам баласы неше түрлі құрылғыларды ойлап табады. Оны барлық әлемге көрме арқылы көрсетеді. Ондай көрме EXPO деп аталады. Біздің елімізде де EXPO көрмесі өтіп жатыр. Биылғы көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы». Яғни, бүгінгі біз өтіп жатқан электр тоғын алудың жолдары, электр тоғымен жұмыс жасайтын құрылғылар туралы барлық әлемнен неше түрлі өнертапқыштар келіп жатыр. Сендердің де өнертапқыш болғыларың келе ме? Ол үшін не істеу қажет?


Ұ. Сергіту сәті «Поезд» ойыны

Кәне кімнің бойы ұзын

Паравозы ол поездың.

Қатар, қатар тұрайық

Поезды біз құрайық.

Ал паравоз баста алға!

Бәрімізді басқар да.

Пш, пш, пш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.


Қ. Ө. Дәптермен жұмыс

Оқу мақсаты:  1.5.5.1.адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.

Бағалау критерийі:

  • Электр тоғымен жұмыс істейтін және батереямен жұмыс істейтін заттарды ажыратады.

  • Электр құрылғыларының атауын біледі, ой қорытындылайды.

Ойлау дағдысының деңгейі: білу, түсіну, қолдану.

1-тапсырма. Розеткаға қосылатын құралдардың суретін боя. Батарея арқылы жұмыс істейтін құралдардың суретін қоршап сыз.








Дескриптор: Білім алушы

  • Розеткаға қосылатын құралдарды анықтап, суретін бояйды;

  • Батареямен жұмыс істейтін құралдарды анықтап, суретін қоршайды.


2-тапсырма. Әрбір суреттің астыңғы жағына суретте көрсетілген құралдар атауының бірінші әрпін жаз. Осы әріптерді кестедегі тиісті нөмірдің астына жаз. Сол кезде бұл құралдар не арқылы жұмыс істейтінін білетін боласың.










Дескриптор: Білім алушы

  • Суреттегі құралдың атын атайды, алғашқы әрпін жазады;

  • Әріптерді кестеге толтырып, сөзжұмбақты шешеді;

  • Электр туралы қорытынды жасайды.


Қ. Оқушылардың жұмысы смайликтер арқылы бағаланады.

 «Бас бармақ» арқылы бағаланады





































578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!