Оқулықпен
жұмыс.
Балалар суретке назар
аударайық, кімдерді көріп тұрмыз. (оқулық,64
бет)
Н егеш пен Эврика неге тоңып қалды?
Олар жылыну үшін не істеді?
(от жақты)
Балаларға от жағуға кім
көмектесті? (үлкендер көмектесті)
Балалардың өздері отты жағуына
бола ма? (жоқ, үлкендердің қадағалауынсыз балаларға оттың қасына
жақындауға болмайды, от қауіпті!)
Ақпарат: Ежелгі заманда
адамдар жылыну және суықтан қорғану үшін ашық отты пайдаланған. От,
алау алғашқы жылытқыш құрал болып есептелген. Адамдар ең алдымен
отты пайдалануды, содан кейін ғана оты жағуды үйренген деген болжам
бар.
Жетелеуші сұрақ: Сендер қалай
ойлайсыңдар, ежелгі адамдар отты қайдан алды? (Олар найзағай түсіп
тұтанған ағашты тауып алып пайдаланған.)
Екінші суретке назар
аударайық.
Негеш пен Эврика не істеп
жатыр?
Олар жылыну үшін нені
пайдаланды?
Қ ыс
мезгілінде үйлерің жылы болды ма? Жылу қайдан
келеді?
Жылы болу үшін не
істейді?
Ақпарат: Көп қабатты үйлерде
радиаторлар мен батареялар сияқты жылытқыш құралдарды
пайдаланады.
Жетелеуші сұрақ: Ал ескі
сарайларда адамдар үйді қалай жылытады?
(Кейбір үйлерде, ескі
сарайларда адамдар пеш жағып, ошақта
пайдаланады)
Қорытынды
сөз: Жылытқыш құралдар деп - жылу
беретін және тарататын, үйді жылытып әрі жайлы ететін құралдарды
атайды.
Ойлану
сұрағы: Егер біздің үйлерімізде
жылытқыш құралдар болмаса, онда не болар
еді?
Оқулық,
65 бет. Суреттерге назар
аударайық. Суреттермен жеке-жеке танысып
өту.
Ал ендеше, жылытқыш
құралдардың түрлеріне тоқтала кетейік:
А лды ашық
пеш(камин) (грек тілінен kaminos –ошақ) Ежелгі Римде пайдалана
бастаған. Ол ашық оттығы және одан төбеге кететін мұржасы бар пеш
сияқты болған.
Кейіннен түтін шығатын мұржасы
бар пештер пайда болған. Олар сазбалшықтан және кірпіштен
жасалған.
Техниканың дамуына байланысты
жаңадан жылытқыш құралдардың түрлері мен модельдері пайда болды.
Оларға радиаторлар мен батареялар жатады.
О ларды
пайдалану үнемді. Олар газ, электр, сұйық немесе қатты отын арқылы
жұмыс істейді.
С оңғы жылғы
ең белгілі жылытқыш құралға конвектор жатады. Оған төмен жағынан
суық ауа келеді де, арнайы қондырғының көмегімен қызады, содан
кейін жоғары көтеріледі.
Топтық
жұмыс
1
–тапсырма.
Бұл суреттерді қандай екі
топқа бөлуге болады? Суреттерді екі топқа ажыратып,
жабыстырыңыздар.
Дескриптор: Білім
алушы
- Суреттерді екі топқа
(жылытқыш құралдар, жылытқыш емес құралдар)
бөледі;
-оларды
жабыстарады;
-жылыту құралдарын
атайды.
Жинақтаушы сұрақ: Үйді
үтіктің, шәугімнің, қысқатолқынды пештің көмегімен жылытуға бола
ма?
Қорытынды сөз: Үйді үтік,
шәугім, қысқатолқынды пештер қызады, бірақ олар үйді жылыту үшін
пайдаланбайды.
|