Материалдар / Ашық сабақ: жаратылыстану пәні бойынша "Жануарлар тірі ағзалар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: жаратылыстану пәні бойынша "Жануарлар тірі ағзалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен әдіс алмасу мақсатында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Жаратылыстану

Сынып:1

Мектеп: Ататүрік атындағы №4 мектеп лицейі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Серікбаева Б.А

Сабақтыңтақырыбы: Жануарлар тірі ағзалар

Қатысқандар: Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылыр: жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады,олардың ұқсастығымен айырмашылығын ажыратады.

Кейбір оқушылар: жануарлар мен өсімдіктердің қоректенетін, көбейетінін, тірі ағза екенің анықтайды.

Көпшілігі: жануарлардың және өсімдіктердің түрлерін атайды. Өзінің үй жануарлары туралы әңгімелейді.

Бағалау критерилері

Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығын сипаттайды

Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылығын ажыратады

Сөздік қор


Қоректенеді, қарғиды, қалықтайды, ағзалар

Құндылықтарды дарыту


шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас және бірлесіп әрекет ету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, бейнелеу

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

функционалдық және сын тұрғысынан ойлау дағдылары, Ақпарат құралдарына қол жеткізу және оны қолдану Технологияны ақпаратты зерттеу, ұйымдастыру, бағамдау және жеткізу құралы ретінде пайдалану

Алдыңғы меңгерілген білім


Жануарлармен өсімдіктер туралы түсініктері қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



Ынтымақсатық атмосферасын қалыптастыру

«Шаттық шеңбері»

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз

"Сұрақтар бұрқасыны" әдісі арқылы өткенді пысықтау.

Оқулық, проэктор, стикер.маркер, дәптер, дидактикалық материалдар.

Сабақ ортасы

35 мин

1-тапсырма «Танып ал да, атын ата» дидактикалық ойыны

Мақсаты:

Оқушыларды заттың түр- түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту

Суреттерге қара. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтарымен айырмашылығын анықта.

Дескриптор:

Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығын сипаттайды

Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылығын ажыратады

ҚБ «Мақтау, марапаттау»

Сергіту сәті «Ұшты, ұшты»

2-тапсырма Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісінде мәселені анықтап, қорытынды шығарып дағдылары қалыптасу мақсатында жұптасқан түрде оқулықтағы суреттегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды.


Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Берілген сөздердің арасынан олардың ұқсастығын білдіретін сөздерді тап.

Өседі, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді, ауаны тазартады, тірі ағза, көрік береді, жүреді, жұпар иіс шығарады, дыбыстайды.

Дескриптор:

-өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі ұқсастықтарды анықтайды;

-өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылықтарды сипаттайды

ҚБ «Стикерлер»

3 тапсырма «Вен диаграммасы»

Мақсаты: Ойлау, зерттеу дағдылары дамиды. Сөздік қоры молаяды.

Өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын салыстыр. Өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуін салыстыр.

Дескриптор:

- өсімдіктер мен жануарлардың көбеюіндегі айырмашылықты сипаттайды; - өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі ұқсастықты айтады;

- өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі айырмашылықты айтады.

ҚБ «Мақтау, марапаттау»


Әр түрлі жануарлар мен төлдерінің суреттері. Жұмыс дәптері. Үй жануарларының суреттері фотолары






«Өсімдіктер» және «жануарлар» жазуы бар бейджиктер немесе суреттер.


Жұмыс дәптері. Өсімдіктер мен жануарларды салыстыруға арналған жауаптары бар үлгілер.

Сабақтың соңы


Кері байланыс

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылыр: жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады, олардың ұқсастығымен айырмашылын анықтайды.

Кейбір оқушылар: жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра отырып олардың қоректенетін, көбейетінін, қөзғалатыннын біледі.

Көпшілігі: жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра отырып айырмашылығын анықтай алады.


«Стикерлер», «Мақтау, марапаттау»

әдістерімен бағалаймын

Сыныпта техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Курс барысында қысқа мерзімді жоспарды нақты, шынайы, қолжетімді құруды, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге түрлендіруді үйрендім. Менің жаратылыстану пәні бойынша сабағымды жоспарлауда тренердің берген кері байланысы маңызды орын алды: әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталуы, тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған болуы және бағалауда нақты критерийлер қолданылатының ескертті. Сондай-ақ бағдарламаның мазмұны мен ұйымдастырылуы және ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті ескерілді. Сонымен қатар, пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер «Стоп кадр», «бинго», «сыныптан шығу билеті» әр бір оқушының белгіленген оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі қалыптастырушы бағалаудың әр түрлі тәсілдерімен жүзеге асырамын. Алдағы жоспарым өзімнің білімімді тереңдетіп, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерімді кеңейтемін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!