Материалдар / Ашық сабақ. Жаратылыстану. Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Жаратылыстану. Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға, оқу орын мұғалімдеріне "Білім мен тәрбие берудің жаңа парадигмасы" атты жасауда керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Жаратылыстану

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Ақшұқыр мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Мұратқали Л. М.


Сабақ тақырыбы

Қатты,сұйық және газ тәрізді заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу

3.3.2.1 тәжірибе  жұмысын  жүргізу  арқылы  оқушылардың жан жақты   ойлау  қабілетін  дамыта  отырып,  дағдыларын арттыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктейді.

Көптегеноқушылар: денелердіңнеденжасалатынынтүсінеді.

Кейбіроқушылар: заттардыңшығутегітуралыбіледі.

Бағалау критерийлері

заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктейді.

заттың үш күйде бола алатынын түсіндіреді.

заттың үш күйде бола алатынын түсіндіреді, тұжырым жасайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Зат, дене.

Пәнаралық байланыстар

Заттар және олардың қасиеттері туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!


Психалогиялық ахуал:

Табиғат –тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен-күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің, сен –ормансың, сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.









«Төрт сурет –бір ой» әдісі.



  • Бұл не?

  • Қатты, сұйық, газ тәрізді

  • Бұл не? «су, мұз, бу»

  • Олардың арасында қандай байланыс бар?

  • Неліктен бір зат әр түрлі болып келеді?

2.Слайдтағы тапсырманы орындай отырып, оқушылар топқа бөлінеді.


I топ – «қатты» ; II топ – « сұйық» ; III топ – «газ»;


Дескриптор

1.Заттардың атын бір оймен атайды.

2.Ойымен бөліседі.



суреттер

Сабақтың ортасы

Бейнеролик


Көргендері туралы өз пікірлерін айтады.


Заттардың қасиетіне қарай бір сөзбен қалай атауға болады?

Айтылған пікірлер бойынша қорытынды шығарады.

Қорытынды: Заттар қатты,сұйық және газ немесе бу түрінде болады.

Сен білесің бе?


1) Жер бетіндегі су үнемі қоғалыста болады, әрі күйін өзгертеді.

2) Адам ағзасының 86 пайызы судан тұрады.


Оқулықпен жұмыс: «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

Суретте бейнеленген заттарды ата.

Заттарды топқа бөл. Әр топты ата .

Суретте бейнеленген заттарды ата. Заттарды топтарға бөл. Әр топты ата

Қандай белгілері бойынша жіктедің?

(Жеуге жарамды, жеуге жарамсыз; сұйық, қатты, газ және т.б.)

- Бұл зат, мысалы оттек не үшін қолданылады?

(Адамдар мен өсімдіктердің тыныс алуы үшін).

- Қандай күйде тыныстай аламыз?

(Тек газ күйінде).

Жауаптары

Қатты заттар: май, кірпіш, ағаш;

Сұйық: су, сүт, апельсин шырыны;

Газ: ауа, оттек.

Дескриптор

1.Заттардың атын жазады.

2.Заттарды топқа бөледі.


Тәжірибе. Зертте. Заттардың өзгеруі.

1 топқа

Шыны аяқтағы шайды көрсету.

Шай қандай зат?

Қант түйірлерін көрсету.

Олар қандай?

Қантты шайға салып, толық ерігенше араластыру.

- Енді не өзгерді?

- Шайдың түсі өзгере ме?

-Шайдың дәмі ше?

-Қант қалай өзгерді?

Заттардың үдеріске дейінгі және одан кейінгі күйін сипатта.

2 топқа

Шар үрлеу. Шардың іші немен толғаны туралы айтады.


3 топқа

Темір шегені стақанға, одан кейін шыны аяққа, содан соң кесеге салады. Қатты дененің пішінінде қандай өзгеріс болатынын тұжырымдайды. Шегені қысып көру. Қатты дене қысыла ма, жоқ па, қорытынды жасау.


Қорытынды шығару:

Заттардың барлығы дерлік бір күйден екінші күйге ауыса алады.




Picture 3








Ойлан. Оқушылардан өмірлік тәжірибелерімен бөлісуін сұрау.

- Егер мұз түйіршіктерін қолға ұстаса, не болады?

(Ол еріп, суға айналады).

  • Егер ыдысқа су құйып, оны отқа қойса не болады?

(Су қайнап, буға айналады).

- Темірді қыздырғанда не болатынына болжам жаса

(Темір балқиды, содан соң буға айналады).

  • кез келген металл үш түрлі күйде бола алады.



суреттер


Сабақтың соңы

Сабақты қорыту. Рефлексия

Берілген сөз тіркесін таңдап, өз пікіріңмен аяқта.

Ең қызықты болғаны ..........

Маған ой салғаны ...........

Маған ұнағаны .........

Мен мынадай сезімде болдым ........

Бәрінен кереметі...........

Мені мазалағаны ..........


Үй тапсырмасы. Заттардың өзгеруі туралы үйден тәжірибе жасап видео арқылы көрсету


Бағалау

Саралау– Оқушыларға жеке көмек пен қолдау көрсету

Бағалау –Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану. Әдебиеттік оқу

белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!