Материалдар / Ашық сабақ: Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2022
1529
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік.

Мақсаты:

оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

Ә) тәрбиелік –адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

Б) дамытушылық – оқушылардың бойында құқықтың білімді қалыптастыру, заңдарды талдай білу.


Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Заң - адам пайдасына жазылады, адам - заң үшін тумайды.


Құрметті ұстаздар және оқушылар! 

Бүгінгі «Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! 

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.

Бүгінгі сабағымызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері мен жазалар туралы сөз қозғаймыз.

 Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Ал осындай жағдайлардың алдын алу үшін, болдырмау үшін әрқайсымыз не істеуіміз қажет? Қалай ойлайсыңдар?


I бөлім: «Кім жылдам?»  (қайталау сұрақтары)

II бөлім: «Сенің құқығың» - (баптарды еске түсіру)

III бөлім: «Поезд» жаттығуы (сергіту сәті)

 ІV бөлім:  « Жасөспірімдер арасында қылмыстық

істердің көбею себептері» (тірек сызба)

 V бөлім:   «Фемида» (Жорамал диктант)

VI бөлім:  «Ситуациялық жағдаят» (көрініс)

VII бөлім: «Рефлексия» (Сабақты қорытындылау)


I бөлім:  Қайталау сұрақтары Кім жылдам? 


1.ҚР қай жылы тәуелсіздігін алды? 1991ж 16 ж

2.ҚР тәуелсіздіген алғаш таныған мемлекет? Туркия

3.ҚР ұлттық валютасы қай жылы айналымға енгізілді? 1993 15 қараша

4.ҚР Ата Заңы неше бап,неше бөлімнен тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт? (1993ж, 28 қаңтар)

5.Биыл тәуелсіздікке қанша жыл? 31ж

6Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)

7.ҚР – сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?(унитарлы)

8.«Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы? (Тәуке хан)

9. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)

10. Азаматтардың құқық құбілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап)

11.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

12.«Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері ұанша? (мың қой)

13.Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан)


II бөлім:  «Сенің құқығың» - баптарды еске түсіру.


14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
22-бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.


IV бөлім «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар себептері»

  • Отбасындағы ақау тәрбие;

  • Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

  • жұмыссыздық;

  • баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

  • ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

  • мінез-құлқының ауытқушылығы;

  • Рухани құлазуы;


 V бөлім:   «Фемида» (Жорамал диктант)

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын ........................... деп атаймыз.

2. Құқықтың пайда болуы . ......................... пайда болуымен байланысты.

3. Мемлекет тарапынан заңдандырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесін ................... деп атаймыз.

4........................ – мемлекеттің негізгі заңы.

5. ______________ азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігін білдіреді.


1 Этикет, Мемлекет , Құқық, Конституция, Зайырлы мемлекет 










VI бөлім:  «Ситуациялық жағдаят» (көрініс)

Жағдаят №1

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

  1. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

  2. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

  3. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?



VII бөлім: «Рефлексия» (Сабақты қорытындылау)


мыз.

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

деп болашақта тек ата-анасының емес, бүкіл алаштың жақсы азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Қатысқан оқушылар мен  ұстаздарға да үлкен  рахмет!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!