Материалдар / Ашық сабақ: Жастықты әшекелеу өнері 5 сынып

Ашық сабақ: Жастықты әшекелеу өнері 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көркем еңбек пәнінен ашық сабақ әзірлеуге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: 5.3А: Дизайн және технология

Мектеп №10

Күні: 5.03. 20ж

Мұғалімнің аты-жөні: Маханбетова Г.Ж

Сынып: 5 сынып, қыздар

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жастықты әшекейлеу өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.6.1 Материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау.

5.2.3.2 Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым жасау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары


Бағалау критерийі

1. Құралдар мен құрал – жабдықтарымен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау.

2. Бұйымдарды әрлеу материалдарымен сәнді безендірумен айналысады

3. Шығармашылық жұмыс өте ұқыпты және аяқталған болып табылады.

Дескриптор

  • Өз бұйымын жасау кезінде міндетті түрде ұстанатын қауіпсіздік ережесін тұжырымдайды.

  • Қауіпсіздік ережесін қолданудың маңыздылығын көрсетеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

Табиғи және химиялық тоқыма талшықтарын суреттеуді,

жіп негіздерінің бағытын білу, сыртқы сипаттары бойынша және сипап білу арқылы мата мен талшықтарды аңықтау және салыстыру, түсініктемелер беруді, аңықтау және талқылауды істей алады.

Пәндік лексика және терминология

Диалог және хаттар үшін пайдалы фразалар топтамасы

тоқыма материалдары, талшық, табиғи және химиялық талшықтар, мақта, зығыр, жүн, жібек, вискоза, мата, тоқымашылық, негізгі, үлестік және арқаулы жіп, кескілеу, тоқыма өрімдері, қасиеттер, оң және ішкі жақтары.

Маған мына маталар белігілі …

Мен маталарды … осыдан дайындайды деп ойлаймын

Мен мынандай …. талшықтар түрлерін білемін

Мата …. жіптерден құралады.

Бұл жағдайда арқаулық жіп/ негіздері….

Құрақ құрау – Локустное шитье – Quilting

Әдемілеу – Декор – Decoration
Сурет – Рисунок – Drawing
Мәдениет – Культура – Culture

Ресурстар

Оқулық, суреттер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі, бейнелеу өнер, математика.

Акт қолдану

Өз жобаны құрастыру үшін ғаламторда ақпаратты іздеу.

ТҚ сақтау

Қайшы, қол ине, тігін машина.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;

  • оқушылар назарын аудару.

Жағымды көңіл-күй туғызу. Шaттық шеңберiн құрып, «Жүрек жылyы» тренингi oйнaтy.

Мaқсaты: oқyшылaр бiр-бiрiне жүрек жылyын сыйлaп, әр oқyшы бiр-бiрiне мейрiмдi, қaйырымды, жылы сезiмге тoлы екенiн, жaқсылықтың бәрi жүректен шығaтынын жеткiзy.

Ал енді үй тапсырмасына не берілген еді, кім айтады?

Үйге диванға арналған жастық дайындау деген тақырып берілді.

Ия өткен сабақта біз сендермен жастық дайындау, жастықтың эскизін жасау, құрақ құрау түрлерімен, құрақ схемаларымен таныстық.

Қыздар сендер меруерт тас туралы не білесіңдер?

Мен бүгінгі сабақты жоғары нәтижеге жеткен оқушыларды меруерт тасымен бағалаймын.. Егер, бүгін сабақта кім жақсы нәтижеге жетсе, сол бүгінгі сабақтың меруерт тасы болады.

Меруерт тас, ол тастардың ішіндегі ең қымбат, құнды тас.

1. Құрақ дегеніміз не?

2. Құрақтың қандай түрлері бар?

3. Құрақ құрау үшін қандай геометриялық пішіндер қолданылады?

4. Құрақ құрау үшін ең алдымен не істеу керек?

Жауап берген оқушыларды мадақтау.

Үй жұмысын қорытындылай келе, біз сендермен жастықтың эскизін жасау үлгісімен таныстық,ең алдымен кез келген бұйымның нобайын, яғни эскизін жасап содан кейін матаны кесіп, тігеміз.

Оқулықтағы жұмыспен танысу

Слайд, презентация

Сабақтың ортасы 15 мин

















Сарамандық жұмыс

Енді үстел бетінде қиылған пазлдар жатыр, олардың артында сұрақтар берілген, егер де сендер сол сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, біздің бүгінгі өтетін тақырыбыздың мазмұны ашылады.

(Слайд) сабақтың тақырыбы: «Жастықты әшекейлеу үлгілері».

Сабақ барысында презентация жастық түрлерімен таныстыру. Жастық – адамның басына жастауға арналған үй бұйымы. Жастықтың ішіне көбінесе құстың мамығы салынып, сырты матамен тысталады. Оны «бидай шүберек» деп атайды. Бидай шүберектің сырты әртүрлі асыл матамен капталады. Оны «жастық тыс» деп атайды. Жастық тысын ауыстыруға қолайлы болу үшін түйме қадалады не бау тағылады. Енді қыздар өткен сабақта тіккен жастықтарыңды алыңдар. Қыздар қараңдаршы біздің жастығымыз көз тартарлықтай әдемі болу үшін не істеуге болады?

Жастықташалар әдемі болу үшін, оларды моншақтармен, таспалармен, стразалар,атласты ленталармен, жапсырмалау, түймелермен әшекейлесек, сәнді болады.

Қауіпсіздік іс-шарасын сақтауды қадағалау.

Оқушылар әртүрлі тәсілдер арқылы жоспарланған кестеге сәйкес өзінің бұйымын әшекейлеуді бастайды.

Жұптық және жеке жұмыс орындайды.

Оқушылардың пайда болған қиыншылықтарына қарай көмек көрсетіледі.

Сыныпқа өзінің орындаған жұмыстарын көрсетеді, қорғайды.

Жақсы шыққан жұмыстарды мадақтап, меруерт тасымен бағалау.

Ал енді сендермен сабағымызды қорытындылай келе, лото тәсілімен «жалғасын тап» ойынын ойнайық.

Алдарында тұрған лотоны айналдырып, ішінен мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.

1. Жеті рет өлше, бір рет кес.

2. Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен

3. Қыз еркем,ісімен көркем

4. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

5. Қолөнері кілемде, сөз өнері өлеңде

6. Талаппен бастап, талғаммен аяқта

7. Өнерлі болу зейнет, өнерсіз болу бейнет.

Жұмыс жасау таспа, безендіруге арналған заттар моншақтар, жапсырмалау, кестелеу, лентамен өрнектеу, стразалар









Қайшымен жұмыс істеген кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері.

Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

Қайшыны досына үшкір жағымен берме.

Қайшыны ашық қалдырма

Инені арнаулы жастықшаға қыстыр.

Инені киімге қыстыруға болмайды.

Инемен жұмыс істеген кезінде оймақ киген дұрыс.

Инені тістеп отыруға болмайды.


Сабақтың соңы

10 минут

Оқушылар өздерінің аяқталған жұмыстарын ұсынады және шарт жоспарларына сәйкес бір-біріне баға береді.


Рефлексия





«Басбармақ әдісімен» бағалау




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ