Материалдар / Ашық сабақ "Жеке қорғану құралдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жеке қорғану құралдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал Алғашқы әскери даярлық пәніне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2020
2153
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасы

«№8 Мойынқұм колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







«Бекітемін»

ДОІЖ орынбасары:

__________ Наушабекова А.А.

«____» ____________2019жыл









Тәжірибелік сабақ









Тақырыбы: Жеке қорғану құралдарын жіктеу

және пайдалану.



8 Мойынқұм колледжінің АӘД пәнінің мұғалімі: Несипбаев Арсен















Мойынқұм 2019 жыл





Сабақтың тақырыбы: Жеке қорғану құралдарын жіктеу және

пайдалану.

І . Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді:

а) жеке қорғану құралдарымен таныстыру және

оларды жіктеумен пайдалануды үйрету.

ә) қорғану кезінде бұрылыстар тәсілін үйрету,

топтық жұмыс жасауды үйрету.

б) отан қорғай алатын, елін, жерін сүйетін жеке

тұлғаны тәрбиелеу.

ІІ. Уақыты: 45 минут.

ІІІ. Өткізілетін орны: АӘД кабинеті

ІV. Өткізілетін күні:

V. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, қорғаныш маскалары, арнайы

қорғаныш киімдерінің үлгілері.

VІ. Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

а) Взвод командирі:

  • білімгерлерді сапқа тұрғызу;

  • взвод командирінің баяндамасы;

  • амандасу, түгелдеу;

  • білімгерлердің сырт көрінісін тексеру;

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Биологиялық қару дегеніміз не?

  • БҚ-ның жою күші неге негізделген?

  • БҚ-ның жою күші қалай әрекет етеді?

  • БҚ-ның тарихы туралы не білесіңдер?

  • БҚ адамдар мен жануарларға қандай қауіп туғызады?

  1. Негізгі бөлім- 25 минут



Халықтың жеке қорғану құралдары-радиоактивті, улағыш заттар мен бактериологиялық заттардың ағзаға, тері қабатына, киімге ткелей енуінен қорғануға арналған. Олар тыным алу органдарын қорғау және теріні қорғау құралдары болып бөлінеді. Біріншісіне сүзгіш, жекедегіш газ тқмылдықтар, тқмылдықтар, шүберек маскалар және мақта-дәке таңғышы; Екіншісіне арнайы жекелегіш қорғаныш-сүзгіш киім және адамдарға лайықтап жасалынған киім жатады.





Жеке қорғану құралдары төмендегідей жіктеледі:



  1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары

  2. Тұмылдырықтар, шаңға қарсы шүберек маскалар.

  3. Теріні қорғау құралдары.

  4. Медициналық құралдар

Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қаоумен зақымданбауына мүмкіндік береді.

Сзгіш газтқмылдырықтары дем алу органдарын, әскери қызметшілердің көзін, бетін ауада оттек жеткілікті мөлшерде болған кезде УЗ, РЗ, биологиялық құралдар аэрозольдан қорғауға арналған және оларды ұзақ дұрыс таңдап киген жағдайда ұрыс қимылдарын сәтті дүргізуді қамтамасыз етеді.Дем алу органдарын көміртек тотығынан қорғау үшін сүзгіш газ тқмылдырығы бар жинақтағы гопкалит патрон пайдаланады.

Жалпы қорғағыш толымы тұмылдырықпен бірге арнайы әскерлер және әскердің барлық түрлерінің жеке құрамымен улағыш заттардың , сондай ақ әскер киімі, аяқкиім және жабдықтардың радиоактивті заттармен немесе биологиялық құралдармен зақымданудан қорғану үшін қолданылады.Жорықтық жағдайда жеке құрам жаяу ретте жеңілдендірілген жабдықпен ашық машиналарда қимылдау кезінде қорғаныш плащты жабдық үстінде қапшыққа салып арқада тасмалдайды.

Ұрыстық жағдайда жалпыәскери қорғаныш толымның қорғаныш плащын жеңге киілген жамылғы терінде немесе комбинезон ретінде пайдалануға болады.

Қорғаныш жабдығын кию тәсілдері:

  • Қаруды жерге қою немесе бір затқа сүйеу;

  • Газтұмылдырық пен, бас киімді шешіп жерге қою;

  • Кительді шалбарға жинау;

  • Қорғаныш шұлығын кию;

  • Қапшықты ашуға арналған жіпті тарту;

  • Плащты жеіге кию;

  • Қапшықтағы жартылай сақинадан жіптің қштарын босатып, плащ артынан етегімен оларды жартылай сақинаға енгізіп бекіту;







  1. Сабақты бекіту



Практика жүзінде орындау



  1. Қорытынды бөлім

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жеке қорғану құралдары туралы айтып, оларға сипаттама беріңдер.

  2. Жеке қорғану құралдары қандай улағыш заттардан қорғайды?

  3. Тұмылдықтар мен газтұмылдықтардың өлшемі қалай таңдалады?

  4. Комбинезон түріндегі қорғаныш толымы қалай дұрыс киіледі?

  5. Жалпыәскери қорғаныш толымы қалай дұрыс шешіледі?



  1. Бағалау

  2. Үй жұмысы. Жеке қорғану құралдарын жіктеу жіне пайдалану тақырыбын оқып, меңгелу. 224-237 беттер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!