Сабақтың тақырыбы
|
Жел өрнегін сызу, климат картасын оқу
|
Мақсаттары
|
Физикалық және климат
картасымен жұмыс істету арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін
арттыру.
|
Оқыту нәтижесі
|
Жел өрнегін сызу,климат картасын оқуды ажырата
алады.
Сыни тұрғыдан
ойлануға үйренеді.Өзгенің пікірін тыңдап, өз пікірін дәлелдеуге
үйренеді. Жел,негізгі
түрлері және себептері,оның күнделікті өмірде болатынын тәжірибе
жүзінде анықтай алады,оқып үйренеді.
|
Түйінді идеялар
|
Жел болмаса шөптің басы қозғалмайды
|
Әдіс-тәсілдер
|
Түрткі болу, сынақтан
өткізу, қайта бағыттау сияқты диалогтың
техникалары, жорамал жасау
сұрақтары, жұптық, топтық
жұмыстар, АКТ пайдалану, сыни ойлату, анықтау,
талдау
|
Сабақтың мазмұны:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сынып оқушыларына жағымды ахуал
туғызу.
«Тілек айту»
«Молекула» жаттығуы арқылы
топқа бөлінеді
|
Оқушылар әр түрлі желдердің
дауысын сала немесе қасиеттерін пайдалана отырып бір-бірімен
амандасады.
Оқушылар нұсқау
бойынша бей-берекет қозғалысқа еніп, атомдар болып жүреді. Молекула
болып құралған кезде 6 оқушыдан 4 топқа
бөлінеді.
|
Оқушыларға топтар бойынша
сұрақтар қойдырта отырып, өткен тақырыптарға шолу
жасатам.
1. Жел дегеніміз?
2.Желдің түрлері қандай болады?
3.Желбағдар қандай құрал?
4.Желдің маңызы?
5.Муссондар арабша қандай мағына береді?
6.Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел?
7.Жылына
бағытын екі рет өзгертетін жел?
|
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды және басқа топ
оқушылары қойған сұрақтарға жауап береді.
|
Қызығушылықты
ояту
Қазақстанда желдің қандай түрлері
бар,ата?
«Деформация индекстері» туралы суретті көрсете
отырып, жел жылдамдығын анықтау индекстері туралы сұрақтар
қоямын.
|
Жауап беру арқылы диалогқа
түседі
|
Мағынаны тану.
Тақырыпты меңгерту
мақсатында климаттық картаны оқуға бағыттаймын.
1-топ.
Қаңтар және шілде айларының орташа температурасын
анықтау.
2-топ. Жауын-шашынның жер
бетінде таралуын анықтау.
3-топ. Климаттық
белдеулердің шекарасын анықтап, сызып көрсету.
4-топ. Жаз және қыс
мезгілдеріндегі басым желдердің таралуын анықтау.
Желдің
түрлері: 1. Бриз - бағытын тәулігіне 2 рет
өзгертеді. 2. Муссон - бағытын жылына 2 рет
өзгертеді. 3. Дауыл - жылдамдығы 19 -
30м/сек. 4. Тұрақты - жер бетіндегі қысым белдеулеріне
байланысты.
|
Оқушылар мұғалімнің
бағыттауы бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды.
1-топ. Климаттық картадан изотермалық
сызықтар арқылы жер шарының әр түрлі бөліктеріндегі қаңтар және
шілде айларының орташа температурасын табады.
2-топ. Жауын-шашынның жер
бетінде таралуын анықтайды.
3-топ. Климаттық
белдеулердің шекарасын анықтайды.
4-топ. Жаз және қыс
мезгілдеріндегі басым желдердің таралуын
анықтайды.
|
Ойтолғаныс
І топ: Жел өрнегін сызу
ІІ топ: Желдің жаз айындағы өрнегін
сызу.
ІІІ топ:Картадан желдерді анықтау.Желдің
түрлері.
IV топ:Венн диограммасы арқылы бриздер мен
муссондардың айырмашылығын көрсетіңдер.
3. Желдің
маңызы: 1. Ауа массаларын
тасымалдайды. 2. Мухит ағыстарын
қалыптастырады. 3. Жел күшін қайықтар, жел диірмені, жел
электр станциялары
пайдаланады. Желдің
зияны: 1. Апатты дауылдар адам өміріне
қауыпты. 2. Су тасқындарын
тудырады. 3. Топырақтың беткі жұқа беткі қабатын алып
кетеді. 4. Қорытынды. Жел – сарқылмайтын қуат
көзі. 5.
Нәтижесі. 5. 1. Термин сөздер: жел, бриз, муссон,
желбағар, анемометр.
|
Жел өрнегі. Масштаб
бойынша күн саны белгіленеді (1км - 0,
5см).
|
Бекіту
кезеңі.
Географиялық
есеп. Жел өрнегін салу. Егер
оңтүстік - батыс желі бір айда 4 күн, батыс желі 7 күн, солтүстік
желі 6 күн, шығыс желі 1 күн, оңтүстік - шығыс 5 күн, солтүстіктен
3 күн соқса, тымық күндер саны
қанша? Жауабы: 1) О - Б 4 күн * 0, 5 см = 2
см 2) Б 7 күн* 0, 5 см = 3, 5
см 3) С 6 күн * 0, 5 см = 3
см 4) Ш 1 күн * 0, 5см = 0, 5
см 5) О - Ш 5 күн*0, 5 = 2, 5
см 6) О 3 күн *0, 5 =1,
5см 26 күн жел соққан. Бір айда 30 күн болса,
тымық күндер саны: 4.Жел кестесінің
сызба-нұсқасын құрастыруға тапсырма беремін
Ш-6 күн ОШ-4 күн С-8 күн О-7
күн ОБ-3 күн СШ-7 күн
СБ-9 күн
Б-4 күнҚорытынды
Өзара бірін-бірін бағалауға
бағыттаймын
|
Қошемет көрсету және пікірлерін білдіру арқылы,
бірін-бірі бағалап отырады
|
Үйге
тапсырма:
|
Ауа райын бақылау
күнделіктерін пайдалана отырып, Хромтау қаласының бір айлық жел
өрнегін сызу. 1. Жел - дауылдың шақырушысы. Эссе
жазу. 2. Өз өлкеміздің жел түрлері туралы ақпарат
дайындау.
|