Материалдар / Ашық сабақ Желдің пайдасы мен зияны 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Желдің пайдасы мен зияны 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәні. 472 бұйрық бойынша құрылған сабақ жоспары. Бөлім: Заттар және заттардың қасиеті. Тақырыбы: Ауаның орын ауыстыруы және жел. Желдің пайдасы мен зияны.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
1064
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.


Мектеп: №2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі

Мұғалім: Туребекова Л.М.


Күні

04.12.

Тақырыбы

Желдің пайдасы мен зияны

Оқу мақсаты

4.3.2.4 ауаның табиғаттағы орын ауыстыру процесін түсіндіру;

4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Желдің пайда болуын, оның пайдасы мен зиянды әсерін түсінеді;

Желдің қандай мақсатта қолданылатынын біледі.

Бағалау критерийі

Желдің қолданылу мақсаттарын атайды.

Желдің пайдасын сипаттайды, мысал келтіреді.

Желдің зиянды әсерін сипаттайды, мысал келтіреді.

Тілдік мақсат


Пәндік терминология мен тірек сөздер

желдің бағыты, желдің жылдамдығы

Құндылықтар

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауаның жылитынын, суынатынын біледі, оның қозғалысын түсіндіре алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы




Өткен сабақпен байланыс.

«Иә/жоқ» ойыны.+карточкадағы тест тапсырмасы.

-Ауаның түсі бар ма?

-Адам ауасыз өмір сүре ала ма?

-Ауа міндетті түрде таза болуы керек пе?

-
Көлік ауаны ластайды ма?/


Дұрыс жауабы слайдта шығады. Оқушы өздерін тексереді. Мұғалімге тапсырылады.


«Ширату»

Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау./жұмбақ шешу арқылы.

1.Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады.

Бұл не?

2.Қанаты жоқ,ұшады,

Аяғы жоқ,қашады.

Бұл не?

*Ал енді алақанымызбен бетімізге қайта қайта желпиікші?

Кім не байқады?

Бұл тәжіребиенің маңызы қандай? Біз өзгеріссіз отыра берсек жел пайда бола ма? Демек ауа райы өзгергенде жел пайда болады.

*Екінші тәжіребие. Шарды үш демде үрлеп, ұстап тұрып шардық ауызын ақырын босатамыз.

Шарға ауа кіріп,Резеңке шар серпіледі. Шардың аузын босатқанла ауа сыртқа шығып жел пайда болады. Және желдің қатты дауысы естіледі.

Ал табиғатта қай кезде желдің дауысын естідіңдер?

Слайд


Сабақтың ортасы

























































Оқушылар барлығымыз бірге тәжіребие жүргізейік. Үш майшаммен есікке жақындап желдің бағытын анықтаймыз.

Жоғарыдағы жалын сыртқа бағытталған.

Ортасындағы тік.

Ал төмендегі майшам ішке бағытталған.

Суық ауа есіктің астынғы жағынан кіріп, бөлмеде ауа алмасу процесі жүреді. Кабинеттегі Жылы ауа есіктің жоғарғы жағынан сыртқа шығады. Осылайша бөлмедегі ауа орын ауыстырады.

Қол шапалақтау.

Жел. Жел пайдалы ма, зиянды ма?

Желдің пайдасы мен зияны

Суреттермен жұмыс.

Желдің пайдасын адамдар ерте заманнан білген. Желдің жылдамдығын пайдаланып, желкенді кемемен саяхатқа шыққан. Жел диірменінде дақылдарды ұнтақтап, ұн жасаған. Желдің табиғатта да маңызы зор. Желдің көмегімен өсімдік тұқымы таралып, көбейеді. Жел бұлтты айдап, жаңбыр жауғызады. Ауаны тазартады. Қазіргі уақытта желді қуат көзі ретінде пайдаланып отыр. Оның күшінен электр

энергиясын өндіреді. Мұндай энергияның экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Ол қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтауға және табиғат ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Желдің зиянды әрекеті де бар. Желдің күші электр желілерін үзіп, ағаштар мен ғимараттарды құлатып, адам өміріне қауіп төндіреді. Теңіздер мен мұхиттарда алып толқын туғызып, кемелерге, жағаға жақын елді мекендерге зиянын тигізеді, дала мен орман өртін өршітеді.


Жел туралы нені білу керек?

Миға шабуыл.

  • Қатты жел болатыны туралы хабарламалар келсе, қалай дайындаласыңдар?

  • Желді пайдалану үшін және зиянынан қорғану үшін, ол туралы не білу керек?

  • Желдің қай уақытта, қандай бағытта соғатынын және желдің жылдамдығын білудің маңызы қандай?

Қауіпсіздік шараларын пысықтау.

Топтық жұмыс.

1-топ Табиғатта жел қалай пайда болады?(күн жерді қыздырады. Жылы ауа жеңіл болғанжықтан ол жоғары көтеріледі. Ал суық ауа ауыр болған соң төмен түседі. Осылайша жел пайда болады.)

2-топ.Жел туралы ертегіні оқып, жалғастыр. Желдің тағы қандай пайдасын білесің? (Бұрыңғы өткен заманда жел өмір сүріпті. Ол барлық тіршілік иесін қуанышқа бөлейді екен. Жел соқса,гүлдердің, бидай сабақтарының хош иісі ауыл тұрғындарын қуантады екен. Ыстық күнде теңіз жақтан соққан жел ылғалды салқын жел әкеліп,тұрғындардың көңілін жайландырыпты. Тұрғындар желге шексіз риза болыпты.

1...(өсімдіктерді тозаңдандырады)

2....(ауаны тазартады)

3....(жел электр энергиясын береді)

3-топ. Желдің зиянына байланысты 3мысал келтір. (Дауыл,өрт, құйын)

4-топ. Бриз желі. Дәне оның бағыты қандай? Теңіздегі салқын ауа құрлыққа қарай бағытталады. Ал құрлықтағы жылы ауа теңізге қарай бағыттталады. Ал түнде керісінше.

Ал енді Видео көрейік. Мұқият болыңдар, бұл бейнебаян арқылы тапсырма орындаймыз.

Географиялық диктант. Бұл тапсырмаға 2мин уақыт беремін.

Карточкалық жұмыс. Слайтпен тексеру.

-Бриз сөзі (самал жел) деген мағвганы береді.

-Ауаның көлденең бағытта қозғалуын (жел) деп атайды.

-Бағытын тәулігіне 2 рет өзгертетін жел (Бриз) деп аталады.

-Бағытын жылына 2 рет өзгертетін жел (Муссон) деп аталады.

-Желдің жылдамдығы мен бағытын өлшейтін құрал (желбағар) деп аталады.

«Алға бір қадам»- ойыны

Оқушылар екі қатарға бөлінеді . Бір қатар желдің пайдасын айтқан сайын бір қадам алға басады. Екінші қатар зиянын айтып адымдайды.














Оқулық




























Пластик стақан, пластик түтікше, қағаз, қайшы, желім, кеңселік шеге, желдеткіш немесе фен


Сабақтың соңы


Рефлексиялық кезең


Бүгін мен сабақта...............білдім

Мен ....................... ажырата аламын.

Маған сабақ ....................

Маған ............................. қызықты-қызықсыз болды.




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Жұптау бойынша саралау

  • Сұрақ қою барысында саралау


Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы

-Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!