Желтоқсан
жаңғырығы
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушылардың
ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне
деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен
қарауға тәрбиелеу;
Тәрбие
сағат
көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында
шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан
оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған
буклеттер
Тәрбие
сағаты барысы:
Әнұраным
жанұраным
Айтар әнім, сөйлер
сөзім.
Туған жерім –
сағынарым
Мәңгі бақи
шырқалады,
Республикам әнұраны, — дей отырып гимнді
шырқаумен тәрбие
сағаты басталады.
Елім менің
тәуелсіз жерім менің
Күннен алған шуақты өмір
дәмін
Рухы
ұлттың өсіпті өлместей боп
Көк байрағын
төбеме көтерген күн!
Мұғалім:
Құрметті
балалар, қадірлі қонақтар!
Сіздерді
еліміздің Тәуелсіздік күнімен
құттықтаймыз.
Сіздерге зор
денсаулық, ашық аспан,
Отанымызға
тыныштық тілейміз.
1986 жылғы желтоқсан
көтерілісі-мәңгі
тақырып.
Қазағымыздың өлмейтін, өшпейтін тарихы
ол!
Желтоқсан желі осы кезеңде інгәләп дүниеге
келген ән.
Мұғалім:
Ендеше Отан жайлы қандай тақпақтар
білесіңдер?
Ерасыл: Бақытты боп
жүргенім
Сенің арқан
Қазақстан
Елім менің тірегім
Құшағында
гүл атам.
Каусар: Сарқылмайтын
қуатым,
Тірегімсін Қазақстан
Мәңгі соғып
тұратын,
Жүрегімсін
Қазақстан.
Төлеуғазы: Отанның қасиетті тілін
сүйем,
Отанның құдіретті үнін
сүйем.
Отан, отан бәрінен биік
екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп
өтем
Әмірбек: Толтырған гүлге
даланы,
Жайнатқан ауыл
қаланы
Ардақта ата
мекенім,
Отаным-Қазақстаным.
Мұғалім:
Балалар мемлекет рәміздері туралы кім тақпақ
айтады.
Аружан: Аспан түстес
көгілдір,
Тік бұрышты
матаның
Ортасында төгіп тұр,
Күн
жаяды шапағын
Астында оның
қалқыған,
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің
шалқыған,
Көңілі деп
білерсің.
Аяжан: Қатар шапқан қос
тұлпар,
Ай астында қазақ
үй
Қалықтаған жас
сұңқар,
Шарықтаған таза
күй
Қара шаңырақ ел
күні,
Асқақтатып тұр
мұңы
Елтанбасы
елдігім,
Елдің тыныш
тірлігі.
Рәбия: Тәуелсіздік
жолында,
Талай-талай тер
төккен
Билігін өз
қолыңда,
Еркіндігім елдігім.
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне
жетті, бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен
құтықтаймыз. Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан
көрінетін азамат пен азаматша болуға
тілектеспіз.
Тәрбие сағатымыздың соңын мына көркемсөзбен
аятасақ деймін.
«Азаттықтың ақ
таңы»