Материалдар / Ашық сабақ «Жер судың аты – тарихтың хаты » 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Жер судың аты – тарихтың хаты » 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзге мемлекетті білген да дұрыс шығар , бірақ ең алдымен өз туған жеріңнен бастау керек шығар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2018
750
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пәні: Өлкетану

Сабақтың тақырыбы: «Жер судың аты – тарихтың хаты »

Сыныбы: 7

Сабақтың түрі:қорытынды сабақ.

Сабақтың типі: қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.

Сабақ әдісі:түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың формасы:

«Жер судың аты – тарихтың хаты »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Ырғыз өңірінің жер бедерін анықтау, ауылдың құрылуы, қалыптасу тарихы туралы білімді кеңейту және бекіту.

Дамытушылық:

Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелілік:

Туған жерін қастерлеу, табиғатқа қамқорлық жасау, жер байлығын, ел байлығын, көздің қарашығындай сақтау, ұрпақтан- ұрпаққа мұра болған қоршаған ортаны қорғау әрбір егеменді еліміздің азаматтарының міндеті, парасатты парызы.

Сабақтың міндеттері:

  1. Ырғыз өңірінің географиялық орнын, тарихын,өсімдіктерін,көлдерін, жануарларын біле отырып өз жерін тереңірек түсіндіру;

  2. Оқушының шығармашылық әлуетін ашу мен дамыту;

  3. Оқушының жеке даралық тұлғасын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізу;

  4. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың оқыту құралдары:дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, видеоролик, интерактивті тақта, проектор т.б.

Сабақ көрнекілігі:Қазақстанның экономикалық картасы, атластық карталар, кескін карталар, трек-сызбалар, газет-журналдар, электронды оқулық.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал (Тренинг мен ырғыз өңірінің мақтанамын ..........)

2.Мұғалім сөзі.

3. Топқа бөлу( мозайка әдісі)

4. Видеоролик (Ырғыз өңірі жайында)

5.Ротация әдісі (топтық жұмыс)

6. Домино әдісі

7.Сұрақ жауап?

8.Кім жылдам?

9. Балық кері байланыс

Сабақтың барысы:

Ата –бабамыздан бері сақталып келе жатқан өлкемізді тану және ондағы ресурстарды сақтау мақсатында біз, бүгін шежірелі ауданымызға саяхат жасайық!





І. Ұйымдастыру кезеңі.


Психологиялық ахуал (Тренинг оқушылар шеңбер құрып тұрады,бір біріне Ырғыз өңірінің мақтанатын жерлерін айтып, бір біріне жіпті бере отырып шаңырақ жасайды )

ІІ.Мұғалім сөзі

Ырғыз – шежірелі өлкеАғайын бас қосып, алда-жалда ашылып шүйіркелескенде тілге тиек етері осынау текті мекен болса, ойымызға оралатыны – тарих. Олай дейтін себебіміз, талай дүлдүлді топырағында аунатып қана қоймай, қасиетін бойына сіңірткен жұпар иісті жусанды даланың ұрпағы ұялмай ұлықтайтын қазынаға толы құндылықтары көп

Ырғыз - тарих жәдігеріМұнда жүзеге асыруға әзір тұрған іс-шаралар көп-ақ. Іске асыруды тілеп, сұранып тұр. Атап айтсақ,  біріншіден, Ырғыз өңірінде көрікті жерлер көп. Шағаласы шулап, балығы тулаған өзен-көлдері бар бұл өлкенің табиғатына өзгелер таңырқай қарайды. Бір ғана Байтақ көлдің өзінен қоқиқаз, қызғылт бірқазан, сыбырлақ аққу, құтан, қасқалдақ, саз құладыны, қызылтұмсықты сүңгуір, көк сүңгуір, жалбағай, өзен қарқылдағы сияқты құстарды кезіктіруге болады. Соңғы жүргізілген санақ бойынша, Ырғыз өңірінде 30 мыңнан астам ақбөкен бар. Ал, бөкеннің мүйізінен пантакрин дәрісін дайындайтыны белгілі. Ол өкпе қабынуына, жүрек ауруына ем.

Сондай-ақ, көне тарих куәсіндей ескерткіштер мен сәулет өнері әлеміне түрен түсіп, зерттелсе, Ырғыздың қойнауында өзгеге паш етіп көрсетері жетерлік.

Өткенге үңілсек, Ырғыздың Мәнітөбе деген жерінде 1731 жылы 19 ақпанда Кіші Жүзді Россияға қосу туралы грамотаға қол қойды. Мұны біреу біліп, біреу білмейді. Тарихтың куәгеріндей киелі өңірде туризм саласын дамытса мұндағы көрікті мекендер жергілікті халықтың, ауыл қонақтарының көзайымына айналғалы тұр. Келген қонақтарға мынау деп көрсетерлік мекендерге жан бітірсе, әрлене түсері сөзсіз. Ендеше, Ырғызда туризм саласын дамыту қажет!

Екіншіден, бұл өлкеде елімізде сирек кездесетін дәрілік шөптердің алуан түрі өседі. Бір ғана «Ырғыз-Торғай табиғи резерваты» аумағының өзінде дәрілік өсімдіктердің 26 түрі кездеседі. Мысалы, қақырық түсіруге, қан тоқтатуға қолданылатын жалбыз, іш босатып, ішек-қарынның жұмыстарын реттейтін түймедақ және сонымен бірге, құрқұлақ ауруын емдеп, несеп жүргізетін сарыбас құрай сияқты емдік шөптер бар. Демек, Ырғызда ел экономикасын   әртараптандырудың бір саласы - фармацевтика кластерін  дамытуды  жолға қою керек!

Бұл өңір - елімізді еңсесі биік елу елдің қатарына қосатын, халқына шапағатын сыйлап, басшысына абырой әперетін  өлке. Тек ырғыздықтардың  сол ізгі идеясын  жүзеге асыра білсек керекті..




ІІІ.Топқа бөлу

Мозайка әдісі.Оқушыларға тақырыпқа байланысты суреттер беріледі. Сол суреттерді құрастыру арқылы тақырыпты айқындайды және топпен бірігіп сол тақырып бойынша жұмыс жасау.


ІV. Видеоролик (Ырғыз өңірі жайында)



V. Ротация әдісі . Топтық жұмыс

(алдарына берілген мәтін бойынша постер қорғау)


1.Географиялық орны, тарихы, жер бедері

2. Ырғыз ауданының климаты, топырағымен су көздері

3. Ырғыз ауданының өсімдігі мен жануарлар дүниесі және экологиялық жағдайы.


VI. Домино әдісі

Әрбір топқа сөзерді беріп сол сөздерден артығын алып тастау арқыл бүгінгі сабақ жайында бір сөлем құрау.


1. Ырғыз өзені тобы

(Ырғыз өңірі өзен көлдерге бай өлке)

2. Киікоты тобы

(Туған өлкеміздегі қорымдар ата бабамыздан бізге мирас болған бай мұралар)

3. Киік тобы

(Өлкеміздегі Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғай білейік)


VIІ.Сұрақ жауап


  • 1.Республикада 3 облыспен шекараласатын бірегей аудан?

  • (Ырғыз )

  • 2.Жер көлемі жағынан облыста аудандар бойынша үшінші орын алады?(Ырғыз)

3. Ауданның топырағы (ашық – қызғылт топырақ және қоңыр топырақты болып, екі аймаққа бөлінеді.)

4.Өлкеміздегі емдік өсімдіктер?

  • (Киікоты,шайшөп,жалбыз, жантақ,бақбақ,өгейшөп)

  • 5. 2007 жылы 14 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 109 қаулысымен өлкемізде ашылған мекеме ?

  • («Ырғыз – Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі ашылды.)

6. Ырғыз ауданының жер бедері (солтүстіктен – оңтүстікке қарай еңіс келеді)



VІІІ.Кім жылдам

Кім жылдам сайысында 3 топка ариптер таратылады сол аріптерді құрастыру арқылы бір топ өңірдегі дәрілік өсімдіктер, көлдерін,тарихи ескерткіштер аттарын топпен бірігіп құрастыру.

1.Дәрілік өсімдіктер Киікоты,шайшөп,өгейшөп,жалбыз,жантақ,бақбақ

2.Көлдер.Сабынкөл,Аманкөл,Қызылкөл,Құтикөл,Малайдар көлі

3.Тарихи ескерткіштер Мәні ,Хан моласы,Назар,Алмат,Жаныс мавзолейі







IХ. Балық кері байланыс








Шорағай








Табан







Сазан

Не жақсы өтті ?

Не өзгертуіміз керек ?

Ең жақсы өткені ?















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!