Материалдар / Ашық сабақ Жергілікті желі 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жергілікті желі 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал өзімнің ашық сабағым өтілген. Деңгейлік форматта жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қырқүйек 2018
1728
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ордабасы ауданы

Темірлан елді мекені

Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Әбілқасым Меруерт Әбдірахмақызы

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жергілікті желі




Пән аты: Информатика

Сыныбы: 11 Б

Мұғалімі: Әбілқасым М

Сабақтың  тақырыбы:    Жергілікті желі.

Сабақтың  мақсаты:        

Білімділік:  Оқушыларға компьютерлік желінің түрлері:жергілікті желі,  Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Дамытушылық:  Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.

Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік

дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық

қабілетін дамыту.

Сабақтың  түрі: ашық сабақ

Сабақтың  көрнекілігі: үйлестірмелік материалдар

Оқыту  әдістері: сөздік,  көрнекі,  практикалық тапсырмалары.

Оқыту  формалары: жеке,  топтық,  ұжымдық

Табыс критерийлері:

  • Оқушылар компьютерлік желі туарлы түсінік қалыптастырады;

  • Ғаламтор туралы дұрыс ұғымға ие болады;

  • Ғаламторда сауатты жұмыс істей алады.
    Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгелдеу, тексеру.

Сабаққа психологиялық әзірлік.

Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Сұрақтар қорабы» стратегиясы бойынша сыныппен жұмыс.

  • Сауалнама: Ғаламтор туралы не білемін. Пайдасы мен зияны тақырыбы.

ІShape2

Компьютерлік желілер

ІІ. Ой қозғау.








ІҮ. Жаңа сабақ:

Электронды оқулықпен жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін ЖИГСО әдісін пайдалану:

Жергілікті желінің конфигурациясы әртүрлі байланыстармен (топология) беріледі. Топология – желі компоненттерінің физикалық орналасуы. Желінің негізгі үш топологиясы бар.

« Жұлдызша»-топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалгастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынады: компьютерлер мен концентратор арасындғы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағышардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құрған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері –деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік коспьютерлер «шина» тікелей қосылады.

« Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

Желілік концентратор немесе хаб – кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы. Қазіргі таңда желілік концентраторлар іс жүзінде қолданылмайды, оның орнына желілік коммутаторлар қолданылады.

Желілік коммутатор деп бір (бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын қондырғы. Бірнеше желіні байланыстыруды бағдарлағыш (маршрутизатор) жүзеге асырады.

Бағдарлағыш дегеніміз – желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер. Бағдарлағыштың міндетіне желі топологиясы туралы ақпаратқа және әкімшіліктің қойған ережесіне негізделіп жіберуге шешім қабылдау кіреді.

Жергілікті желіні баптау

Wi-Fi желісін баптау

Жергілікті желіні пайдалану жалпы ақпаратты ғана емес, жалпы құрылғыны да қолдануға мүмкіндік береді. Шалғай орналасқан (перифериялық) құрылғыларға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оны баптау қажет. Windows 7 операциялық желісіндегі принтерге жалпы рұқсат тағайындауды қарастырайық. Ол екі кезеңнен тұрады:

  1. Принтер қосылған компьютерде жалпы қолжетімділікті баптау.

Басқару панелі – құрылғы және дыбыс – құрылғы және принтер бұйрығын таңдау қажет.

  1. Жергілікті желідегі барлық компьютерлерге желілік принтерді орнату.

Компьютерде құрылғы және принтерлер сұхбат терезесін ашу керек. Терезенің жоғарғы бөлігінде принтерді орнату бұйрығын таңдау қажет. Әрі қарай принтердің желілік болып табылатынын нұсқау керек. Келесі қадамда табылған принтерлердің ішінен өздеріңе керектісін таңдау керек. Компьютердегі принтерді орнату шебері жұмысы аяқталуымен желілік принтерде белгіше пайда болады. Желілік принтердің белгішесі берілген компьютерге қосылған принтердің белгішесінен ерекшеленеді.

Компьютерлердің жергілікті желісіне қосылу үшін мәліметтерді жіберу электромагнитті толқындардың көмегімен жүзеге асатын сымсыз қосылу жиі қолданылады. Сымсыз жергілікті желілерде орталық желілік құрылғы ретінде рұқсат нүктесі қолданылады.

Wi-Fi (ағылш.Wireless Fidelity-сымсыз дәлдік) – бұл радио-арналар бойынша мәліметтердің сандық ағындарын тасымалдау стандарты. Wi-Fi типті сымсыз желілер мәліметтерді жіберу жылдамдығын 54 Мбит/с-ке дейін қамтамасыз етеді, дегенмен жылдамдық қосылған компьютерлердің санына және рұқсат нүктесіне дейінгі қашықтыққа тәуелді.

Желінің баптауы екі кезеңнен тұрады:

  1. Желінің бас компьютерінің құрылымы.

  2. Басқа компьютерлердің желіге қосылуы.

Қосымша материал беру оқушыларға


Ү. Сергіту сәті: «Лездеме!» әдісі.  
Конверттен бір сөзді бір рет алу 
Сөздің өзін атамай түсіндіру. Іс қимылмен.
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 


ҮІ. Топтық жұмыс: Постер әзірлеу. Жаңа тақырып бойынша ақпаратты өз бетерінше игеру. Мәтінді оқу, зерттеу, талдау, қорғау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:








Деңгейлік тапсырма:


І деңгей тапсырмалары

1.Науқастың емес, программалаушының басы қандай вирустардан ауырады?

2. Компьютерге үлкен құлып салып қойсаң да, оны бұза алатын адамды кiм деп атайды?


ІІ деңгей тапсырмалары

1. Электрондық пошта арқылы хатты жiберу үшiн қандай құрылғы қажет?

2. Интернетке қосылу үшiн қандай құрылғы қажет?


ІІІ деңгей тапсырмалары

1.Жергілікті желіні қалай баптайды?

2.Wi-Fi желісін қалай баптайды?

Рефлексия: Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны 
• Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 
1. Чемодан(суреті) 
2. қоқыс жәшігі (суреті) 
3. еттартқыш (Суреті) 
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) 

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

Жергілікті желі.

ІХ. Бағалау. Өз-өздерін бағалау парағы бойынша бағалау.


Оқушылардың постер қорғау сәті



Лездеме әдісін пайдалану сәті






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!