Материалдар / Ашық сабақ: Жетістікке жету жолында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Жетістікке жету жолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістікке жету жолында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1059
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т.Әубәкіров атындағы ЖОМ

Педагог-психолог: Күмісбекова М


Сабақтың тақырыбы: «Жетістікке жету жолында».


Мақсаты: 1. Оқушылардың тұлғалық, рухани өсуінің ішкі

динамикасына көңіл бөлуді қалыптастыру. Иық, мойын, омыртқадағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

2. Эмпатия сезімін, сенімділікті, ұйымшылдықты дамыту.

3. Оқушылардың «Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіндегі кездесетін қиындықтарын анықтап, көмек түрлерін анықтау.

Көрнекілік: ДВД, әуенді дискет, Ватман қағазы, түсті қағаздар,

қайшы фломастерлер, карандаштар, скотч, 5 сурақтан тұратын тест парағы.

Сабақ барысы: Адамның өзара жақындасып, үйлесіп кетуі бір –

бірінің пікір – көзқарастарына деген құрметтен, жолдастық жолымен басталады.

1 – Жаттығу: «Шаттық шеңбері». (1 мин)

Нұсқау: Мұғалім балалармен бірге, барлығы бір – бірімен

еркін қарым – қатынас жасайтын шеңбер жасайды. Әртүрлі ән айтып, өлең оқиды.

«Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді өзіне сенім артып және өзгелердің сеніміне ие болады.

2- жаттығу: «Ну ормандағы жаңбыр» (10 мин)

Нұсқау: Шеңбер ішкі және сыртқы болып 2 қатарда жасалады.

Қанекей, бір – біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер.

Ауа – райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын.

(32 –ші әуен ойналады, баяу) міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен желдің қимылын жасаңыз. Жел күшейді, қол қимылы жылдамдайды (музыка күшейе түседі). Дауыл тура бастады, күшейді. (35 –ші әуен) Сосын ақ жауын басталды. Алдағы адамның арқасына иығына мойнына тамшылар тамуда саусақтармен тамшы етіп әсер ету. Нөсер үдеді барлық саусақпен алақанмен қағу. Нөсер баяулады саусақтармен тамшы етіп әсер ету. Күн ашылды. 1800 қа бұрылып келесі адамға осы массаж қайталанады.

Талдау: 1. Сіздер, осындай массаждан кейін өзіңізді қалай

сезіндіңіз? Жағымды болды ма?

2. Әлде тек әрекеттерді орындау қажет болды ма?

3. Сезім күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

3 – жаттығу: «Біздің топтың жүрегі»

Жүрек суреті сызылған ватман қағазы тақтаға ілінген, стол үстінде түсті қағаздар, қайшы, фломастерлер, карандаштар, скотч. Желпуіш.


Нұсқау: (31 әуен) Тақтада үлкен жүрек суреті сызылған. Ол

тірі емес, дүрсілдемейді. Оған жан бітіру қажет. Ал енді әрқайсыңыз түсті қағаздан алып, жүрекше қырқыңыздар.оған шын жүректен жолдастарыңызға тілек жазыңыздар.

Енді тақтадағы үлкен ақ жүрекке жан бітіреміз, ол үшін өзіміз тілек жазған кішкене жүрекшелерді оның ішіне жапсырамыз. (әрбір жүрекші жапсырылған сайын желпуішпен желпіп тұру керек) Қараңдаршы, ол біздің көз алдымызда тіріліп келеді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол үнемі дүрсілдеп бізге жақсы тілектер тілеп тұрады.

Талдау: 1. Бұл жаттығу қандай сезімдер мен эмоциялар

тудырды? Жаттығу ұнады ма?

2. Бұл жүректе сізге не ұнады?

3. Жағымды нәрсені айту жеңіл болды ма?

4. Ең ұнағаны қай жүрекшедегі тілек?

Бекіту: Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан

келетін нәрсе.

Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең.

«Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да білім-күш», депті Френсис Бэкон.

Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған бұлақтардың бәрін қабылдай берсе. Білімділік те солай, құр оқып қана қоймай, бойыңа сіңіре білсең ғана, білімдар боласың

Тест сұрақтары: (3 мин)

  1. ҰБТ және мемлекеттік емтихан жақындаған сайын сенде іштей толқу, қорқыныш бар ма?

а) иә в) онша емес. с) жоқ

  1. Өз күшіңе (біліміңе) сенесің бе?

а) ия в) онша емес с) жоқ

  1. Өзіңнің даярлығыңды қаншаға бағалар едің?

а) «5» в) «4» с) «3»

  1. Қай пән қиындық тудырады?

а) қазақ тілі в) қаз.тарихы с) математика

  1. Саған қандай көмек қажет?

Қорытынды: Тест қорытындысы шығарылып жатқанда келесі

сабаққа қажетті материалдар және келесі сабақ тақырыбы ескертілді.

Тест қорытындысы жасалды. Рефлекция жасалады.(стиккер)







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!