Материалдар / Ашық сабақ Жиын 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Жиын 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға сабақ өту барысында көмек болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2021
277
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Математика


Мектеп: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №165 мектеп


Мұғалімнің аты-жөні: Есенжол Баян Есенжоловна

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жиын дегеніміз не?



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті)

1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жиын элементтерін ажыратады.

Көптеген оқушылар: Жиын злементтеріне мысал келтіре алады, элементтерді белгілері бойынша салыстырып, жіктей алады.

Кейбір оқушылар: Жиынды элементтердің белгілері бойынша құру және жіктеуді тәжірибеде қолдана отырып ,талдай алады., екі жиынның бірігуінен және бір жиыннан артық бөлігін жою арқылы жаңа жиынның құрылуын көрсете алады.


Бағалау

критерийлері

  • Ортақ белгілері бойынша жиындар құрады

  • Заттарды ортақ белгілеріне қарай жиындарға жіктейді


Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: Жиын, элемент

Диалог/талқылауға арналған сұрақтар:

-Жиын дегеніміз не?

- Жиынды құрайтын заттар не деп аталады?

-Жиын құру үшін не қажет болады?

-Жиындарды өз бетінше құрай аласың ба?

-Жиын құрауда қандай элементтерді қолдандың?


Құндылықтарды дарыту

Өсімдіктердің мен жануарлар суреттерінен жиын құрата отырып, табиғатты сүюге, тазалыққа, еңбек етуге қалыптастыру.


Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек (суреттермен жұмыс кезінде орын табады, жиынның суреттерін салады)

Жаратылыстану ( топтық, жұптық жұмыс кезеңдерінде жануарлар мен өсімдіктер топтарын атау кезінде байланыс жүреді)


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд

Бастапқы білім


Заттардың атауларын біледі, ажырата алады, заттар тобы туралы жалпы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5мин


Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Математика керек әркімге

Математика керек әр күнге

Математиканы оқимыз

Миымызға тоқимыз.

Балалар, бір-бірімізге сәттілік тілеп, бүгінгі сабағымызды бастаймыз! Сәттілік!

Топқа бөлу."Бұрыштық тәсіл" арқылы. Үстел үстіне жеміс, оқу құрал,ойыншықтардың суреттерін қоямын. Оқушы суретті таңдау арқылы , тиісті бұрышқа барып тұрады.

1-топ:Жемістер

2-топ: Ойыншықтар

3-топ: Оқу құралдары

Әр оқушы неге сол топқа барғанын түсіндіреді.

"Сұраққа жетіп ал" әдісі

-Сен неге бұл топқа бардың?

- Топты жалпы қалай атауға болады?

- неше элементен тұрады?

Сол арқылы сабақ тақырыбын ашып, мақсаттарын анықтаймыз.

1) жиын ұғымымен танысасыңдар;

2) жиын элементтерін білетін боласыңдар

-Жиын неден құралады?

Оқушыларға қорытынды шығаруға мүмкіндік беру.

Кері байланыс. "Сөздік бағалау" (Жарайсың, керемет, тамаша, өте жақсы!)










Қима суреттер

Сабақтың ортасы

30мин

















(МТ) Жиын -ортақ белгілері бойынша біріккен заттар жиынтығы. Жиынды­ әртүрлі нысандардың қандай да бір белгісі негізінде құруға болады.

Жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады.

Оқулықпен жұмыс. Суретке назар аударыңыздар. “ЖЕМІСТЕР” — жиын, ал “АЛМА” “ЖЕМІСТЕР” жиынының элементі.. (оқушыларға түсінікті болу үшін ойыншықтар, жеміс модельдері көрсетемін)

Сондай- ақ “бос жиын”, яғни бірде-бір элементі жоқ жиын да болады.


(ТЖ) "Галерияға саяхат" әдісі.( Суретпен жұмыс.)


1-топ. Жиындарды тап, олардың элементтерін ата.


Дескриптор:

- Жиындар атауын табады;

- Жиын элементтерін атайды;


2-топ. Мына берілген элементтер қай жиынға жататынын табыңдар.



Дескриптор:

- құстың қай жиын элементі екенін табады;

- қайыңның қай жиын элементі екенін табады;

-көбелектің қай жиын элементі екенін табады;

- өріктің қай жиын элементі екенін табады;






3-топ. Жиындарды толықтырып суретін сал және жиындарды ата.


Дескриптор:

- Көкөністер суретін салады;

- Киімнің суретін салады;

- Ойыншықтар элементін салады;

Бағалау. "Мадақтау сэндвичі" арқылы. (әр топ сағат тілі арқылы бірін-бірі бағалайды)


(ЖЖ) "Ойлан,жұптас, бөліс" әдісі

Әр жиындағы артық элементті тап.


Дескриптор:

- жиындағы артық элементі табады ;

-нысандар жиынын бір сөзбен атайды;

Б. Жұптар өзара алмасу арқылы бағалау "Дұрыс-бұрыс" әдісі

(МТ) Егер екі жиынды біріктірсе, онда жаңа жиын пайда болады. Егер бір жиыннан оның бөлігін алып тастаса, онда да жаңа жиын пайда болады.


Қандай жиындар пайда болады?

А. Балалар жиыны мен ересектер жиынын біріктірсе;

Ә. Сынып оқушылары жиынынан қыздар жиынын алып тастаса қандай жиын шығады? (Оқушылар жауабы)

Кері байланыс. «Сәнді жұлдыздар» арқылы.


Сергіту сәті:




(ЖЖ) Дәптермен жұмыс




Бағалау: Өзін-өзі бағалау."Жетістік баспалдағы"



ҚБ. Ойлан, тап!

Тапсырма. Жиын атаулары мен элементтерін сызба арқылы сәйкестендір.


Аңдар

Шие,өрік,алмұрт

Жемістер

Қарға,торғай,шағала

Құстар

Қарағай,емен,қайың

Ағаштар

Түлкі,қасқыр,арыстан


Дескриптор:

- Жиын атауларын анықтайды;

- Элементтерін сәйкестендіреді;




А3 плакаттар, суреттер

Жемістер, ойыншықтар







Топ ережесін құру:



Суреттер, плакаттар, түрлі-түсті қаламдар































Тапсырма жазылған карточкалар




















https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY










Жұмыс дәптері

105-106 бет

















карточка




Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс:

- Жиын дегеніміз не?

-“Көктем айлары” жиынының элементтерін ата.

-Емен қай жиынның элементі?

- Жиынды құрайтын заттар не деп аталады?

- Қалам, өшіргіш, желім қандай жинығажатады?

- Екі жиынды біріктерсе не пайда болады?

- "Бос жиын" дегеніміз не?

Рефлекция:


DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

бұл тақырып маған өте қызық болды

маған бәрі түсінікті

маған көмек қажет



















Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау сабақтың өн бойында жүреді.

Топтық жұмыс барысында кейбір ұяң, үлгермейтін оқушыларға ресурстарды пайдалана отырып, қолпаштау арқылы саралау жүргіземін.

Жұптық жұмыс кезінде қолдауды қажет ететін оқушыларға диалогқа түсіп,қолдау көрсету арқылы саралаймын.

Жеке жұмыста оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма арқылы саралау жүргіземін.



Ұ.Ширату "Бұрыштық тәсіл" әдісі бойынша оқушылар суреттерді таңдап, сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбы ашылады.

ҚБ:"Сөздік бағалау"әдісі мұғалімнің мадақтауы ("Жарайсыңдар!", "Тамаша", "Өте жақсы!")

(ТЖ) "Галерияға саяхат" әдісі.( Суретпен жұмыс.)ҚБ. Оқушылар бір бірінің тобын «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалайды.

(ЖЖ) "Өйлан,жұптас,бөліс" әдісі.

ҚБ: Жұптар өзара бірін-бірі "Дұрыс-бұрыс"әдісі арқылы бағалайды.

Дәптермен жұмыс кезінде оқушылар өзін-өзі "Жетістік баспалдағы" арқылы бағалайды.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!