Ашық сабақ "Жол белгілері еліне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жол белгілері еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал балабақшаның тәрбиешілеріне, даярлық топ ұстаздарына керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жол белгілері» еліне саяхат

Жоғарғы топ балаларына арналған сабақ

Мақсаты: Баланың жол ережелері, белгілері туралы, 10-ға дейін санау, геометриялық фигуралар туралы түсінігін кеңейту.

Міндеті:

Білімділік:

  • Жол белгілері, «Басты жол», «Оңға бұрыл», «Абайлаңыз, балалар!», «Жаяу жүргінші жолы» туралы білімін бекіту.

  • «Жаяу жүргінші» бағдаршамымен таныстыру.

  • Баланы ойын барысында баршаға ортақ ережеге бағынуға, белгі бойынша қимыл-әрекет жасауға баулу.

  • Геометриялық фигуралар, 10-ға дейін санау, заттың формасы, түсі мен өлшемі бойынша топтастыруға үйрету.

Дамытушылық:

  • Сөйлеу, зейін, ойдың жинақталуын дамыту.

  • Балада жол, көше туралы түсінігін анықтау.



Тәрбиелік:

  • Өзіне және қоршаған адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынас көрсетуге тәрбиелеу.

  • Қиындыққа ұшыраған адамдарға көмектесуге үйрету.

  • Топта жұмыс жасауға үйрету.



Қажетті құралдар: жол белгілері: «Басты жол», «Оңға бұрыл», «Абайлаңыз, балалар!», «Тоқта!», «Жаяу жүргінші жолы!», «Зебра», 1-10 дейінгі сандармен белгіленген көліктер, әр балаға жол белгілерінің жиынтығы, жол белгілерінің пазлы, геометриялық фигураларадан құралған үлкен үй, магнитафон.



Сабақ барысы:

Тосын сый сәті.

Тәрбиеші: балалар бізге «Жол белгілері» елінен хат келді. Онда «Жол белгілері» елінің қандай да бір қиындыққа ұшырағаны жазылған. Зұлым сиқыршыға «Жол белгілері» еліндегі тәртіп ұнамаған көрінеді. Ол «Жол белгілері» елінің астаң-кестеңін шығарыпты. Елдің тұрғындары бізден көмек сұрайды. Көмектесеміз бе балалар?

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші: Онда жолға шығамыз! Міне, біздің алдымызда («Басты жол») белгісі. Ол қалай аталады? Ол белгі тұрғанда біз қалай қозғалуымыз керек? (балалардың жауабы тыңдалады, қате болған жағдайда дұрыс мәлімет беріледі).

«10 саны төңірегінде санау» тапсырмасы.

Тәрбиеші: Балалар мұнда 1-10 аралығындағы санмен белгіленген көліктер араласып өз орындарын білмей жатыр екен. Кәнекей, көліктердің ретпен орналасуына көмектесіп жіберейікші.

(Тапсырма орындалып біткен соң)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді алдымызда тағы бір белгі «Оңға бұрыл» белгісі. Ол қалай аталады? Қалай қарай қозғалуымыз керек? Балалар жауабы тыңдалып, әрекет орындалады.

«Белгіні көрсет» жаттығуы.

Тәрбиеші: Мен мына конверттен сендерге белгіні кезекпен алып көрсетемін, сендер сол белгіні өздеріңнен тауып маған көрсетулерің керек. Кәне, ойынды бастаймыз! (Ойын жалғасады, тәрбиеші енжар балаға ойынға белсене қатысуына ат салысады).

«Геометриялық үй» жаттығуы.

Тәрбиеші: Мына үйде неше фигура бар? Қанша үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы? Қай фигура көп? Қай фигура аз? (Балалар бірге санайды)

«Фигураларды топтастыр» жаттығуы.

Тәрбиеші: Үстелдің үстінде көптеген түрлі-түсті геометриялық фигуралар жатыр. Соларды түсі, түрі, өлшемі бойынша топтастырамыз.

(Балалар тапсырманы бірге орындайды)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді алдымызда тағы бір белгі «Абайлаңыз, балалар!» белгісі. (Тәрбиеші белгінің суретін балаларға көрсетеді). Ол қалай аталады? Бұл белгі тұрған жерде автокөлік жүргізушілері қандай ережелерді назарда ұстау қажет? (Балалар жауабы тыңдалып, тірбиеші толықтырады.)

Балалармен санамақ айту (балалардың күнделікті айтып жүрген жеңіл санамағын бірге қайталау)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді алдымызда тағы бір белгі «Жаяу жүргіншілерге арналған жол» (зебра), «Жаяу жүргінші бағдаршамы» белгісі. Тәрбиеші балаға белгінің суретін көрсетеді. Ол қалай аталады? «Жасыл, қызыл, сары белгілері» нені білдіреді? Қалай қозғалуымыз керек? Балалар жауабы тыңдалып, әрекет орындалады. «Жаяу жүргінші бағдаршамы» туралы балаларға мәлімет беріледі.

Міне, балалар, біз «Жол белгілері» еліне де жеттік. Сіздердің ережелерді жаттап келе жатқандарыңызды көріп, зұлым сиқыршы бұл елден қашып кетіпті.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге «Жол белгілері» елінен сандық келіпті. Сандықты ашайық. Сандықтың ішінде хат бар екен. Хатта «Жол белгілері» елінің тұрғындары сендерді өте ақылды, батыл, батырлықтарың үшін алғысын білдіріп жатқандығы туралы жазылыпты.

Сабақты талдау:

  • Қандай тапсырманы орындау қиын болды?

  • Біз тапсырмалардың барлығын орындай алдық па?

  • Сендерге сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

Жауап бергендеріңе үлкен рахмет! Балалар сабақ осымен аяқталды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
1823
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі