Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге экономика негіздері және нарықтық экономика негіздері пәндері бойынша алған білімдерін кеңейту, тиянақтау және жинақтау. Экономикалық білім заман талабы екендігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Естаева Бахыт Муханбетжановна

Күні

Топ

02.12.2021

КТ-28-9


Өтілетін орны:
106

Уақыты:13.30

Пән атаулары: «Нарықтық экономика және өндірісті басқару негіздері»

Сабақ тақырыбы: Нарықтық жағдайындағы жоспарлау

Cабақ типі: Білімді жүйелеу, жинақтау

Сабақ түрі: Ойын-сайыс сабағы

Әдісі: тәжірибелік

Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, нарықтық экономика негіздері, кәсіпорын экономикасы, маркетинг және менеджмент негіздері, Қазақстан тарихы.

Сабақтың

мақсаты

Білімділік: Студенттерге экономика негіздері және нарықтық экономика негіздері пәндері бойынша алған білімдерін кеңейту, тиянақтау және жинақтау. Экономикалық білім заман талабы екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: Студенттердің ой өрістерін, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, экономикалық  ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Алған білімдерін іс-жүзінде қолдануға, инновациялық технологиялармен тиімді жұмыс жасай білуге, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, шешендікке баулу және тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.


САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, логикалық сұрақтар, бейнежазбалар, нақыл сөздер, плакаттар.

Сабақтың кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен амандасу, түгендеу. Сабақтың мақсатын хабарлап, студенттердің назарын сабаққа аудару.

Енді сайыс сабағымызды бастамас бұрын топ студенттерін топқа бөліп алайық. Тақырыпқа байланысты түрлі-түсті қағаздарда жазылған сөздер беріледі. Осы сөздер бойынша Валюта (сары), Нарық (қызыл, Кәсіпорын (жасыл) деген 3 топқа бөлінеді.

Ендеше сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық:

1.Коллдж әдіскері - Абильдаев Мейрамбек Тоқмырзаевич

2. ЦӘК төрайымы және экономикалық пәндер оқытушысы - Естаева Бахыт Муханбетжановна

3. Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы – Қанибайқызы Ақмарал

ІІ. Өткенді қайталау.

«Нарықтық экономика және өндірісті басқару негіздері» пән бойынша өткен барлық тақырыптарының терминдерін еске түсіру үшін барлық үш топқа «Криптограмма» ойыны ұсынылады. Криптограмманың жауабы жауап парақшасына жазылып, оқылады. Әр жауап – 1 ұпай.

Берілетін уақыт 2 минут.



Э

к

о

р

і

д

н

ө

Қ

ы

н

і

с

і

і

м

А

р

о

п

ә

п

д

а

Д

а

м

и

к

а

й

ы

у

н

б

а

ғ

қ

а

з

А

с

ы

т

а

ш

р

ы


  • Криптограмма жауаптары: кәсіпорын, нарық өндіріс, өнім, кәсіп, пайда, пайыз, қарыз, ақша, баға, табыс, сауда.


  • ІІІ Негізгі кезең:

  • Оқытушы:

  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алты бағытын белгілейді. Солардың бірі: Бәсекеге қабілеттілік, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы. Ендеше «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі» демекші, құрметті оқытушылар мен студенттер бүгінгі «Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

  • «Бәйге» сайысы

  • «Ойымды жалғастыр» сайысы

  • «Ойлан, тап» сайысы

  • «Білім аукционы» сайысы

  • «Ғажайып төрттік» сайысы


1-сайыс «Бәйге»

Оқытушы: 

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір ойын болсын

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын, демекші ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген топ жауап береді.Егер ол ойыншымыз дұрыс жауап бермесе. Екінші қол көтерген топ жауап бере алады.Сонымен, ойыншылар ойын шартын түсінікті болса, сайысымызды бастайық.

1-сұрақ

Кәсіпорын дегеніміз бұл ...(экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі)

2- сұрақ

Мемлекеттік кәсіпорын бұл? (негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын кәсіпорындар)

3- сұрақ

Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттен қаржыландырылса, ол қандай кәсіпорын? (бюджеттік кәсіпорын)

4-сұрақ

Жеке меншік құқық негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын бұл қандай кәсіпорын?(жеке кәсіпорын)

5-сұрақ

Кәсіпорын қызметіне не жатады?(өндірісте және жеке тұтынылатын өнім шығару)

6-сұрақ

Қазақстанда меншік туралы заңға байланысты кәсіпорынның қандай түрлері бар?(мемлекеттік, жеке, аралас)

7-сұрақ

Егер кәсіпорын өндірісте тиімсіз тәсілдер қолданса, онда не болады?

(дағдарысқа ұшырайды)

8-сұрақ

Кәсіпорында тапшылық неден болады? (ақша)

9-сұрақ

Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметіндегі басты мақсаты?(табыс табу)

10-сұрақ

Сұраныс заңы бұл?(егер тауардың бағасы арзан болса оған сұраныс көбейеді, ал қымбат болса азаяды)

11-сұрақ

Нарық дегеніміз не? (Сатушы мен сатып алушының кездесетін орны)

12-сұрақ

Пайда дегеніміз не?(кәсіпкер қызметінің басты нәтижесі және мақсаты)


2-сайыс «Ойымды жалғастыр»

Оқытушы : Екінші сайысымыз «Ойымды жалғастыр» деп аталады, яғни мақал-мәтелдің жартысы оқылды, сендер жалғасын табуларыныз керек.

Әр бір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

І. «Валюта» тобына:

1.Ақша табудан,шашу оңай. 2.Арзанның сорпасы татымас.

3. Қор жинаған қор болмайды. 4. Ақша ашпайтынқұлып жоқ.


ІІ. «Кәсіпорын» тобына:

1. Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.

2. Базар ақшалыға базар,Ақшасызға назар.

3. Оңай олжа оңалтпас. 4. Бағаны базарбелгілейді.


ІІІ. «Нарық» тобына:

1. Базарға әркім барар, Өзіне керегін алар. 2. Есептей білгеннің есесі кетпейді.

3. Саудаға достық жүрмейді. 4. Базарға бар да, бағыңды сына.


3-сайыс «Ойлан тап»

Оқытушы: Бұл кезеңде студенттерге «Экономикалық анаграмма» берілді.

Орындары ауысқан әріптерден сөз құраулары керек. Бір сөз, бір ұпай болып саналады. Сөз құрауға 2 минут уақыт беріледі.

І. «Валюта» тобына:

1.ЖЕҚАТІТКІЛ-Қажеттілік 2.ОПТРЭСК- Экспорт

3.ҰТТНУЫЫШ-Тұтынушы 4.ШАҚА- Ақша

5. ЫЖҚАР-Қаржы 6.НРЫСПКІӘО - Кәсіпорын


ІІ. «Кәсіпорын» тобына:

1.РДНӨІШІУ-Өндіруші 2. КНБА-Банк

3. ТРАУА-Тауар 4.БЕСЕКӘ-Бәсеке

5.НРҰСАЫС-Сұраныс 6.ТРОМИП-Импорт

ІІІ. «Нарық» тобына:

1. ПӘКСІЕКР-Кәсіпкер 2.ҚСЫАЛ-Салық

3.НЫҚАР-Нарық 4.КЕІШНМ-Меншік

5.ЮДБТЕЖ-Бюджет 6.АЭОМИОКН-Экономика


4-сайыс. Келесі сайысымыз «Білім аукционы» деп аталады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2021
753
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12