Материалдар / Ашық сабақ жоспары Дүниетану. Ауаның құрамы. 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ жоспары Дүниетану. Ауаның құрамы. 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары қазіргі оқып жатқан 4- сынып мұғалімдеріне пайдалы . Бқл жоспарда ауаның құрамы жайлы толық мағлұматтар берілген. Оқушыларға сабақ өтуде түрлі әдістер пайдаланылған. Жоспардыбастауыш сынып мұғалімдері ауа жайлы өткенде қолдана алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2018
1132
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты: Дүниетану

Мұғалім:СагындиковаЖ.А.

Сабақтың тақырыбы

Ауаның құрамы. Ауа қабаты

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ауаның құрамы,ауа қабаты туралы оқушылардың білімдерін толықтыру;

Сабақтың міндеттері:
1. Тақырып мазмұнын меңгерту. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу. 
2. Оқушыларға ауа жайында ғылыми түсінік беру.Қорытынды шығара білу қасиетін, шығармашылық ізденістерін дамыту. 
3. Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру, тәрбиелеу. 

Психологиялық ахуал

Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,

Оны айтатын табиғаттың тілі жоқ!
Сондықтанда табиғатты қорғайық,

Ешбір жанға жаманшылық қылмайық.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Үй тапсырмасы

Топқа бөлу. Ауаның қасиеті,ауа құрамы,ауа қабаты. Балалар біз сіздермен су тарауын толығын өттік.Ендеше білгенімізбен бөлісіп,су тарауын қорытындылайық.

Бірінші топқа: Су

Екінші топқа:Өзен

Үшінші топқа:Көлдер

Мағынаны тану

Жақсы балалар, олай болса, сусыз тіршілік жоқ.

- Тіршілік үшін ең қажетті жағдайлар нелер?

- Ауа, су, жарық, қорек, жылу

- Дұрыс - ақ

- Тіршілік үшін ең бірінші не қажет?

- Ауа

Біз сусыз бір апта,ассыз күн жүре аламыз.Ал ауасыз ше?

Мұрындарын жауып дәлелдету

- Біз ауа туралы білеміз бе?

- Ия

- Ауаның қасиеті қандай?

- Иіссіз, түссіз, мөлдір, дәмсіз.

Демек олай болса, сіздер бүгін ауаның құрамы мен ауа қабығымен танысатын боласыздар.Бүгінгі мақсатымыз: ауаның құрамы,қабаты туралы білімдерімізді толықтыру

Инсерт жүйесі бойынша жұмыс.

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?





Жаңа сабақ

-Дәптерлерін ашып, күнді жазу;

- Жаңа сабақтың тақырыбын жазу;

- Оқулықтан 46 бетті ашып, мәтінге назар аудару;

- Мәтінді топтарға бөліп беру, мағынасын ашу;

Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Сонда азот 78%, оттегі 21%, көмірқышқыл газы 1%.

Ауа Жер шарын тегіс қоршап, қабат түзеді. Оның қалыңдығы бірнеше жүз километрге жетеді. Біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз.

Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұрады.

Жер бетіне жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіліп, жауын — шашын жауады. Екінші бөлігін де газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді,

өйткені су буы өте аз. Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады

Әр қабат ауа шарлары, ұшақтар жасанды Жер серіктері, ғарыш кемелері арқылы мұқият зерттелген. Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы да анықталған.

Тақырып бойынша тапсырмалар беру

Кестені толтырту

Сергіту сәті

-Балалар, сендер оттегі беретін ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

-Олай болса, бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып, барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып, қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрды.Желдің арты жаңбырға ұласып, ағаштар алғашқы жаңбыр тамшыларын сезінді.

(алдыңғы қатарда тұрған оқушының арқасын,саусақтарыңмен жаңбыр жауып тұрғандай тарсылдат.) Жаңбыр одан әрі күшейіп, қатты жауа бастады. Сәлден уақыттан кейін, бұлыңғыр бұлттар арасынан күлімдеп күннің көзі көрінді. Ағаштар қуанып, өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп-сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезінді.

Ой толғаныс

Тәжірибе жасау

1 тәжірибе.Доппен тәжірибе жасап көрсету

  • Ендеше, алғашқы зерттеуімізді бастайық, сендер мұқият бақылап отырыңдар. Мына доптың ішінде не бар? 
    - Ол қалай үрленіп тұр? (Ауа толтырылған.) 
    - Допты екі бүйірінен қысып едім не байқадыңдар? (Ішке қарай кірді.) 
    - Неліктен, ішіндегі ауаға не болды? (қысылды, сығылды.) 
    - Ал жіберіп қалып едім не болды ? (өз орнына келді.) 
    - Еденге ұрғанда не байқадыңдар? (Қайтадан жоғары көтерілді.) 
    - Яғни серпіледі екен. Бұл тәжірибеден не бақыладыңдар, ауаның қандай қасиеттерін білдіңдер?

2-тәжірибе

Енді мен мына тең бөлінген шырағданның біреуін ашық, біреуін үлкен банкімен, біреуін стақанмен жабамын. Сендер қайсысы бұрын сөнетінін байқандар. Қай шырағдан бірінші сөнді? Қалай ойлайсыңдар, неліктен? 
- Ашық шырағдан біткенше жанады, неліктен? Осы жерден қандай қорытынды жасауға болады? (Ауа оттың жануына керек.) Яғни жануды қолдайды. Қандай қорытынды шығаруға болады?

Тәжірибе жасау арқылы нені білдіңіздер? Кестеге толтырту

Қорытынды

Топтарға тапсырма беру

1-топ

«Азот»сөзіне ребус құрастыр

2-топ

«Оттегі» сөзіне сөзжұмбақ

құрастыр

3 - топ

Ауа туралы ойдан өлең жаз


Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Аспанымыз ашық болсын

Түніміз тыныш болсын

Ауамыз таза болсын

Суымыз мөлдір болсын

Аман сау болайық


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!