Материалдар / Ашық сабақ жоспары «Қаржылық есептілікті құру және ұсыну»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ жоспары «Қаржылық есептілікті құру және ұсыну»

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің тақырып бойынша алған біліммдерін, тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2019
839
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаөзен политехникалық колледжі



.


Ашық сабақ жоспары



Тақырып: «Қаржылық есептілікті құру және ұсыну»


Пәні: «Қаржылық есеп беру»


Дайындаған: Калдибаева М.А.
















ЖАҢАӨЗЕН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

«Арнайы пән» оқытушысы:

Калдибаева Маржан Абдикадировна



Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Қаржылық есептілікті құру және ұсыну»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің тақырып бойынша алған біліммдерін, тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.


Дамытушылық: студенттердің шығармашылық, экономикалық өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, ой – өрісімен танымдық қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік: таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын ояту, эмоцияларын басқаруға, тұлға ретінде өзін – өзі дамытуға тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру


Сабақтың түрі: Аралассабақ.


Сабақтың технологиясы:Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Ой қозғау, жеке тұлғаға бағыттылған тапсырмалар ұсынылады. Сыни тұрғыдан алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, жаңа ақпаратты өз бетінше қорыта білуге үйренеді.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау, ой туғызу, бағалау.


Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, құжаттар, тірек сызбалар, шоттар жоспары, калькулятор, төлем құралы болып табылмайтын ақшалар,


Пәнаралық байланыс:Бухгалтерлік есеп, Экономикалық теория негіздері, АҚН (ақша,қаржы,несие), Математика, Қазақ әдебиет.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу.

  • Студенттерді түгендеу.

  • Студенттердің зейінін сабаққа аудару.

  • Студенттерді екі топқа бөлу.(экономикалық терминдер арқылы)

  • Студенттерге алдын ала бағалау ақша беріледі. Сабақтың әр бөлімінде студенттер 1000, 2000 тг ақшалармен өз білімдерін бағалап отырады.



2. Ой қозғау сұрақтары:

1. Бүгінгі оқу іс – әрекет қалай аталады?(қаржылық есеп)

2. Қаржылық есеп берушілердің пайдаланушылар қатары?

3. қаржылық есеп мақсаты?

4. қаржылық есепте өзгеріске қандай өтемділік әсер етеді?

5. қаржылық есеп қандай элементтерден тұрады?

6. Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарты?

7. Қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар қатарына?

8. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заң қай жылы енгізілді?


3. Жаңа сабақ түрін «Мағынаны тану әдісі» арқылы түсіндіру.

(«Мағынаны тану әдісі» - жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды.)

Жаңа сабақты үйге берілген тапсырма арқылы ашу.

Жаңа тақырып: «Бухгалтерлік баланс»

Қаржылық есептілікті құру мынадай нысандардан тұрады:

  1. Бухгалтерлік баланс

  2. Табыстар мен шығыстар туралы есеп

  3. Ақша қозғалысы туралы есеп

Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді. «Баланс» термині латын тілінене аударғанда «тепе-теңдік», «таразы» деген мағынаны білдіреді.

Баланс екі бөліктен тұрады: активті және пассивті. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары. Баланс активінде: 1. Қысқа мерзімді активтер,

2. Ұзақ мерзімді активтер бабынан тұрады.

Баланс пассивінде: 1. Қысқа мерзімді міндеттемелер;

2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер;

3. Меншікті капитал.

Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең

АКТИВ=КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕЛЕР

КАПИЛАЛ = АКТИВТЕР-МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Мұндай теңдікті баланстық теңдеу деп атайды.

4. Білімді тексеру.

1. Иподром ойыны.

2 топ мақал-мәтелдер, сұрақтар бойынша бухгалтерлік терминді табады. Жауабын қазақша, орыс тілі мен ағылшын тіліне аудару.

1000 тг бойынша;

1.«Ақша – ақшаға келеді» (ақша – денег – money)

2.«Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей» (еңбекақы-заработная плата – siaty)

3.«Базары жоқ байымас» (табыс – прибыл-profit)

4.«Шығысы шықпай кірісі кірмейді» (шығыс – рассход -consumpion)


2000 тг бойынша;

  1. Кәсіпорынның ақшалары кірістелуі мен шығысталуы қандай операциялар есебінде жүреді?(касса – касса – cashbox)

  2. Баланстың қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімінде 3100 шотында не жазылған? (салық – налог – tax)

Сұрақтар жасырылады.

  1. «Құжат толтыру»

2 топ 1тапсырма баланс құрып толтырады.

1топ баланс активтер бөлігін жазады.

2топ баланс міндеттемелер бөлігін жазады.

  1. «Тапқыр болсаң озып көр»

Интеративтік тақтадағы есепті 2 топтан бір студенттен шығып баланс активі мен міндеттемелердің теңдігін тексереді.

  1. «Қызықты ребус» жарыс ойын

Берілген карточкадағы ребусты 2 топ өзара шешіп, шыққан бухгалтерлік терминдерге анықтама береді.


5. Сабақты қорытындылау.

Қаржылық есеп берудегі бухгалтерлік баланс туралы не білдіңіздер? (әр студенттің жеке ойы).



«СИНКВЕЙН» әдісі

Білемінv

Білдім+

Білгім келеді?





6. Үйге тапсырма.

Дәрісті оқып, баланс құрып келу.


7. Бағалау.

  1. Студенттің өзін – өзі қорыта бағалауы.

  2. Жинаған ақшалары бойынша топпен бағалау.


Бағалау карточкасы


Бағалау

А

В

С

D

1

Студент өзін-өзі бағалауы

Аты-жөні, тегі_________________________






2

Мұғалім бағалауы





3

Қорытынды бағалау






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!