Материалдар / Ашық сабақ жоспары тақырыбы: "Қазақстан халықтарыні музыкасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ жоспары тақырыбы: "Қазақстан халықтарыні музыкасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка мұғалімдеріне көмек ретінде музыка сабағының жаңартылған бағдарлама бойынша 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2019
659
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қазақстан халықтарының музыкасы»





Музыка мұғалімі : Мұратова Б.М.














Өскемен қаласы 2019 жыл


Тақырыбы: «Қазақстан халықтарының музыкасы» (жалғасы)

Мақсаты: Қазақстанда тұратын кавказ халықтарына жататын грузин,әзірбайжан халықтарының музыкалық дәстүрі жайында мәлімет жинайды. Осы халықтардың музыкалық аспаптарына байланысты ақпарат жинап, ән, билерінен әуендер тыңдайды. Өздері жасаған жұмыстарын бағалайды.

Көрнекілігі: музыкалық аспаптар,слайдтар,аудио,видео жазбалар,т.б.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы: ұйымдастыру,түгендеу.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырып қалайық!

- Сәлеметсіңдерме балалар! Сендерді көргендеріме өте қуаныштымын! Көңіл күйлерің қалай? Ендеше бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін!

- Балалар,біздің өтіп жатқан тақырыбымз қалай аталады?

- Қазақстанда тұратын қандай халықтардың музыкалық дәстүрімен және музыкалық аспаптарымен таныстық? / Орыс және Украин /

- Неге Қазақстанды көпұлтты «достық» елі деп атайды?

- Неліктен Қазақстанға көптеген басқа ұлттар келіп қоныстанды?

- «Бірлік бар жерде,тірлік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ендеше ортаға әр топтан бір бала шығып,Отанымыз туралы,береке-бірлік, достық туралы жақсы лебізін білдіріп, мына көгершінді тілегіміз орындалсын деген оймен аспанға ұшырайық!

1 бала – «Еліміз тыныш болсын!»

2 бала – «Достығымыз жарассын!»

3 бала – «Туымыз биікке самғай берсін!»

4 бала – «Тату-тәтті өмір сүрейік!»

Бәріміз бірге: «Көгершінім қалықта»

- Тамаша! Енді үй тапсырмасын тексере кетейік.

Үй тапсырмасына не берілді?

  1. Қазақстанда тұратын орыс және украин халықтарының музыкалық дәстүрлері жайында мәлімет жинау.

  2. Орыстың халық әні «Во поле берёза стояла» - жаттап келу

- Орыс халқының музыкалық өнері жөнінде не білдік?

- Орыс халқының қандай музыкалық аспаптарымен таныстық?

- Украин халқының музыкалық өнері туралы не білдік?

- Украин халқының қандай музыкалық аспаптары бар?

- Қазақстанды орыс және украин халықтарынан басқа тағы қандай ұлттар мекен етеді? /басқа ұлттарды атау/

Мен ортаға ұлдар тобын шақырайын. Біздің ұлдарымыз тамаша бір «Сулико» деген әнді орындап берсін.

- Тамаша орындау!

- Балалар, бұл қай елдің әні деп ойлайсыңдар?

- Грузиндер қай халыққа жатады? / Кавказ /

ІІ. Жаңа сабақ.

- Балалар, Кавказ жөнінде естігендерің бар ма? Кавказ деген сөз нені білдіреді? Ендеше кітаптарыңды ашып бүгінгі жаңа сабағымыз – Кавказ халықтарының музыкасымен танысайық және мына бейне роликті қарап көрген сюжеттен алған әсерімізбен бөлісеміз.

- Кавказ – ол таудың аты. Каспий теңізі мен Қара теңіздің арасында қоныстанған үлкен ел. Оның шыңдары биік,таулары асқақ. Біздің Алатау, Алтай тауларына ұқсайды.Табиғаты өте әсем.Онда әртүрлі ұлттар өмір сүреді.

Кавказ халқы –көпұлтты. Әрқайсысының өз мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрі бар. Кавказ халқының музыкасы терең ойлы әрі қарқынды.Қазақстандағы кавказдықтар өз асыл мұраларын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

Кавказ халқы көп ұлтты. Олардың өмір - салты,мәдениеті бір-біріне жақын. Музыкалық дәстүрі бойынша да көп ұқсастығы бар

- 2.Торкөздің ішінде орналасқан кавказ халықтарының ұлттық атауларын табайық – балалар табады.

- Соның ішінде Грузин және Әзірбайжан халықтарының музыкасымен танысайық

ІІІ. Музыка тыңдау.

1. Грузин биі «Лезгинка»

2. Аджар халқының әні «Гандагани»

3. Әзірбайжан ашугтарының әні

1. Грузин музыкасы көпдауысты.Хор музыкасы тек бірыңғай ерлердің немесе әйелдердің орындауында орындалады..Грузиндердің «Лезгинка» биі көпшілікке жақсы таныс.Оның билеушілері қыздыра ойналатын ырғағы тыңдаушыларды бейжай қалдырмайды.

Аджария – Грузия еліндегі ең шырайлы жерлердің бірі.Ол Қара теңіз жағалауында орналасқан.Грузин халқы христиан болса, аджарлықтар – мұсылмандар.Олардың төл тілі – мемлекеттік грузин тілі.. Грузин халық әндері үш дауысқа бөлініп айтылады.Үш ішекті пандури және төрт ішекті чонгури деген аспаптары бар.

Осы аспаптардың сүйемелдеуінде көпдауысты грузин әнін тыңдайық:

Грузиннің халық әні «Гандагани»

- Грузиндердердің атақты «Лезгинка» биін тамашалаңдар

2. Әзірбайжан халқы – өте өнерлі халық.Әндері әсем сазды. Олар грузин халқы сияқты емес әнді бір дауыспен айтады. Әуенін нақышпен әсерлей отырып, түрлі бояулармен орындайды. Әзібайжан халқы әншілерін ашуг деп атайды. Ашуг- ақын, композитор, орындаушы.Ол әннің сөзі мен әуенін шығарады, билеп жүріп,аспаппен орындайды.Аспап саз леп аталады.Бұрын әзірбайжан халқы ашугтарды «Ел анасы» деп атаған.Себебі олар халықтың мүддесін,бостандықты қорғаған,туған еліне сүйіспеншілігін жырлаған.Ашугтар шығармашылығында тарихи-батырлық,эпикалық дастандар үлкен орын алады.

ІV.Музыкалық сауат.



Ашуг - әзірбайжан халқында «ақын», «композитор», «орындаушы» деген ұғымды білдіреді.

Дастан - музыкалық поэтикалық жанр.

-Тақырыптан алған білімдерімізді бекітейік. Келесі тапсырма :

1топ – Орыс халқының музыкасы жөнінде

2топ – Украин халқының музыкасы жөнінде

3топ – Грузин музыкасы жөнінде

4топ – Әзірбайжан музыкасы жөнінде алған білімдерімізді тиянақтап қорытамыз және бағалаймыз.

1 топты 2 топ бағалайды және керісінше. 3 топты 4 топ бағалайды және керісінше.

Сабақты қорытындылау.Рефлексия.

- Балалар, бүгінгі сабақтан алған нәтижелерімізді мына білім қоржынына саламыз.

-Үйге тапсырма: Кавказ табиғатын суретке салып келу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!