Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ашық сабақ: Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерініңқұрылысы мен қызметтері 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Биология пәнінен қысқа мерзімді жоспары
-
-
Сабақтың тақырыбы:
Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерініңқұрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.
Мұғалімнің аты-жөні: Алибекова С.К.
Күні:
СЫНЫП: 7
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
7.1.7.4 – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Сабақ мақсаттары
-
Үлкен ми сыңарларының құрылысын білу
-
Мидың қызметін білу, ажырату
-
Ми діңінің құрылысын анықтау
Жетістік критерийлері
-
Үлкен ми сыңарларының құрылысын атайды
-
Мидың қызметіннің айырмашылығын атайды
-
Ми діңінің құрылысын анықтайды
Тілдік мақсаттар
Жұлын.. Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері: сопақша ми, артқы (ми көпірі, мишық), орталық және аралық ми. Үлкен ми сыңарлары.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу
Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау түрлері
Басталуы
10 минут
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу. Топқа бөлу 1 минут
Үй тапсырмасын пысықтау
Жұптық, топтық жұмыс 3 мин
1.Жүйке жүйесі ми, жұлын, жүйке және жүйке түйіндері болып бөлінеді.
2.Жұлын дененің аяқ бөлімінде орналасқан
3.Жұлынның сұр затын нейрон денелері мен қысқа өсінділері құрайды.
4.Жұлынның ақ затын майлы қабықшамен қапталған ұзын өсінділер құрайды.
5.Адамды жануарлардан айыратын үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі.
6.Жүйке жасушалары ақпаратты қабылдау, бері, сақтау қызметін атқарады.
7. Жүйке ұлпалары қантамырлардан, серік жасушалардан, жүйке жасушалардан және пластиттерден тұрады
8.Сезімтал нейрон дендриттер, ядро, аксон, дене, рецепторлардан тұрады.
9.Нейрон денесіне жақын орналасқан қысқа өсінді аксон деп аталады
10. Нейрон денесіне жақын орналасқан ұзын өсінді дендриттер деп аталады
Белгісіз сөздерді анықтау
«Терминология» Кілттік сөздермен жұмыс
Топтық жұмыс 2 минут
№
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
1
Ми
мозг
brain
2
Жүйке
нерв
nerve
3
Жүйке жүйелерінің типтері
типы нервных систем
types of nervous systems
4
Ядро
Ядро
The core
5
Нейрон
Нейроны
Neuron
6
Аксон
Аксон
axon
7
Жұлын
Спинной мозг
spinal cord
8
Рецептор
Рецептор
receptor
Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға логикалық есеп беріледі: АКТ
Сабақ тақырыбы анықталады.
Есеп қалай шығады?
Қанша шықты?
Сұрақтардың жауаптарынан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаттары айтылады.
Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру
-
Үлкен ми сыңарларының құрылысын білу
-
Мидың қызметін білу, ажырату
-
Ми діңінің құрылысын анықтау
Осы тақырып бойынша оқушылар «БББ» кстесінің «Білемін» бөлімін толтырады.
«Б Б Б» кестесі
Білемін
1 минут
Білдім
1 минут
Білгім келеді
2 минут
Орталық жүйке жүйесі:
http://bilimland.kz/kk/home#lesson=12685
Жаңа білім
10 минут
-
Жеке жұмыс.
Топтарға тапсырма:
1 топ
Мидың құрылысын сипаттаңыз
2 топ
Адам миы, ортаңғы ми ерекшеліктерін сипаттаңыз
3 топ
Сопақша ми құрылысы мен қызметінің сипаттаңдар.
4 топ
Аралық ми, Мишық атқаратын қызметін, құрылысын сипаттаңыз
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Ми бөлімдері
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:
1. сопақша ми;
2. мишық (артқы ми);
3. ортаңғы ми;
4. аралық ми;
5. алдыңғы ми сыңарлары.
1. Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
1. Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.
2. Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).
3. Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.
Жаттығудың сипаттамасы:Ортақ сүрақтар:
Ми бөлімдері:
1 –
2 –
3 –
4 –
5 –
6 –
Эволюция барысында мидың қандай бөлігі едәуір күрделенді?
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңізАшық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап табыс табыңыз!Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз. (kaspi Gold, Halyk bank)Ресми байқаулар тізіміРеспубликалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!Материал іздеуСіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
Барлығы 663 959 материал жиналған- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
Осы аптаның ең үздік материалдарыПедагогтардың біліктілігін арттыру курстарыАттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймызАттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесізӨткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасадыТолығырақ -
-