Физикалық шаманың оқу жоспарымен
жұмыс
Жаңа сабақ материалын
түсіндіру/меңгерту
Жаңа сабақта:
Қуаттың анықтамасы
Қуаттың анықтамаға сәйкес
формуласы
Қуаттың ХБЖ-дегі өлшем бірлігі.
Бірқалыпты қозғалыстағы қуаттың
формуласы.
Қуат қандай шамаларға тәуелді екендігі – пропорционалдық
байланыстар
Оқу мақсатына сәйкес, N=A/t, N=Fυ формулаларын қолданып
есептер шығару
Оқушылар мен мұғалімнің
әрекеттері:
Шапшаң жүріп келе жатқан автомобильдің қуаты жоғары
болатынын, қуаттың жылдамдыққа тәуелділігін талдау. Көліктің
қозғалтқышының тарту күшін/сила тяги қамтамасыз ететіндігін
талқылау дұрыс болады. Қуаттың N=Fϑ формуласы қолданылатынын
қорытып шығару керек. Оқушылардан қозғалтқыштың номиналды қуаты
жайлы сұрауға болады;
Оқушыларға денені тасымалдаудың ескі және жаңа әдістерінің
бейнеклипі немесе суреттерін көрсетіп, мысалы, пойыздың немесе
оқтың қозғалысы.
Оқушылардан ұсынылған әдістердің ішінен ең тиімдісі бойынша
болжамдарды ортаға салуды ұсынуға болады.
Практикалық жұмыс
Оқушылар қуатты есептеуге бағытталған зерттеуді жүргізеді.
Олар алдымен ауыр кітап тәрізді дененің салмағын өлшеп алады. Одан
кейін еденнен бастап үстелдің бетіне дейінгі биіктікті өлшейді. Бір
оқушы одан кейін кітаптарды еденнен үстел бетіне 30 с ішінде
көтереді. Бұл уақытта серіктесі қанша кітапты көтергендігін
санайды. Көтерілген кітаптардың салмағы мен үстел биіктігін
пайдалана отырып, орындалған жұмысты есептеуге болады. Орындалған
жұмысты көтерілген кітаптардың жалпы салмағы мен жалпы қашықтық
бойынша есептеуге болады. Нәтижесін 30 с уақытқа бөлу арқылы қуатты
есептейді.
Оқушылар жүкті блок арқылы көтеру кезіндегі қуатты
есептейді.
Оқушылар дәлізге шығып, баспалдағы бар жерге барып, 1
қабаттан екінші қабатқа жүгіріп шығып, немесе жүгіріп түсіп,
өздерінің шыққан уақыттарын есептеп жазады, әр баспалдақтың
биіктігін өлшейді, баспалдақтар санын санап, қандай биіктікке
көтерілгендерін есептеп табады, өз массаларын білу арқылы, ауырлық
күшінің жұмысын есептеп шығарып, оны жоғары көтерілуге/түсуге
кеткен уақытқа бөліп, әрқайсысы өздерінің қуаттарын
есептейді.
Сыныпта қуаттың
формуласын пайдаланып есепте шығарылады
|