Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Жүннен киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Джакупова Гульжан Махасовна Технология пәні мұғалімі Қ. Мырзалиев атындағы ЖББОМ
Сабақтың тақырыбы: Жүннен киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қазақ халқының
қолөнері жайлы
білімдерін бекіте отырып, жүннен киіз өнімдерінің жаңа
үлгілерін жасау технологиясын
білу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс — әрекеттерін қалыптастыру.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың әдіс –
тәсілдері: СТО стратегиялары
(топтастыру, талқылау,
шығармашылық жұмыс, галереяны
шарлау, ББҮ), Нұсқау карта арқылы жұмыс.
Көрнекіліктері: дайын бұйым үлгілері,
суреттер, слайд
Қажетті құрал-жабдықтар:
Оқушылар үшін – Құрал - саймандар: жүн, арнайы инелер № 36,38, бүршікті пленка, сабын, су, губка, сулық, сетка, жіп, қайшы
Мұғалім үшін - интерактивті тақта, нұсқау карталары, ББҮ парақтары, дайын мәтіндер, қауіпсіздік ережесі
Күтілетін
нәтиже: Оқушылар жүннің дымқылдап және
құрғақ басу технологиясын теориялық және практикалық тұрғыда
меңгерулері қажет.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Жаңа сабақтың мақсаты, міндетін баяндау.
- Сыныпты топқа бөліп орналастыру.
- ББҮ парақтарын үлестіру, толтыру ережесімен таныстыру.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Интер белсенді тақтадан әр- түрлі жүннен жасалған бұйымдарды көрсету. Аңыз: Ең алғашқы киіз Нұқ пайғамбардың кемесінде пайда болған екен. Аңыз бойынша кемедегі қойлар бірі- бірімен түйісіп, үйкелген кезде жүндері кеменің еденіне түседі. Дымқылданып, қой тұяқтарымен әбден тапталған жүн киізге айналады.
ІІІ. Мағынаны ашу. Талқылау. Алдын ала - әзірленген мәтін екі топқа таратылады. Оқушылар мәтінді оқып, топта өзара талқылайды. Қарсы топқа түсіндіреді.
Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр- түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде жүннен жасалған бұйымдар қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі таңда шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда пайдаланады. Ол жиhаз бен интерьер заттарынан тиісті орын алған. Сонымен қатар бұл тамаша материалды модельерлер де қазіргі заманғы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, нағыз өнер жауhарларын жасап жүр. Киімге арналған киіз бижутерия мен аксесуарлар, олардың ішінде - моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, білезік, белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқ киім, тіпті бөріктер мен етіктер бар. Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез-келген уағында, шағын орында және азғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді. Киіз бұйымдарын дайындау кез- келген адамның қолынан келеді, тек оған белгілі машық пен төзім керек. |
Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын 2 техникалық тәсілі бар. Бірінші әдіс: Дымқылдап басу. Белгілі бір тәсілмен, бір- немесе бірнеше қабатталып жүн жайылады, үстінен сабынды ысқылтым суды себелейді. Бетіне торлы жайманы жауып алақанмен айналдыра уқалау қажет. 10- 15 минуттан соң жайманы айналдырып салып, қайтадан уқалау қажет. 40 минуттан соң бұйым сапасын тексереді. Егер қолмен киіз қылшықтарын тартқан кезде жұлынбаса, бұйым дайын болғаны. Жүнді басып болған соң жылы сумен жақсылап жуады, жайлап сығып кептіреді. 1,5 см жайма алу үшін жүнді 2 см қалыңдықта жаяды. Бірінші тәсілмен жалпақ бұйымдар киім- кешек, картиналар т.б. бұйымдар жасауға болады. Екінші әдіс: Құрғақ әдіспен басу. Бұл әдіс соңғы кезде пайда болды. Ол жазық заттар мен жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді. Жазылған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау - киізді құрғақ басу деп аталады. Басуға арналған инелердің арнайы кертіктері бар, ине жүн ішінен өткенде, сол кертіктер жүн талшықтарын іліп әкетіп, араластырады, ұйыстырып тығыздайды. Үшбұрышты №36, 38, 40 және жұлдызша тәрізді №38 инелер жиі қолданылады. №36 – жүнді тез басу үшін қолданады. №38 – әмбебап ине. №40 – бұйымды ақырғы өңдеген кезде қолданады. Бұл әдіспен- көлемді бұйымдар, ойыншықтар, моншақтар, және алдын – ала басылып дайындалған киізге өрнектер салады. |
(
Жүннің қасиеттері
Слайд арқылы көрсету)
Созылғыш,
иілгіш
Ауа өткізгіш
Жұмсақ
Жеңіл
Жылу ұстағыш
Шуды және тербелісті төмендетеді
Бояуды жақсы алады
Қауіпсіздік ережелері
Инені арнайы түйрегішке қада!
Қайшыны ұшымен берме!
Судың ыстық болмауын қадағала!
Фелтингке арналған инені қолдану ережесі:
Инені үнемі жоғарғы бөлігінен ұстау керек
Жүн басу кезінде алаңдамау, инені мұқият қарап отыру.
Инені сындырып алмау үшін үнемі тігінен ұстау.
Бұйым тығыздалған сайын инені жіңішкерегіне ауыстырып отыру.
Инені дымқыл жүнге қолданбау.
ІV. Шығармашылық жұмыс
Екі топқа нұсқау карталар таратылады. Нұсқау картаны талдаймыз, жұмыс мазмұнын түсінеміз. Қажетті құралдар мен материалдарды дайындап алып жұмысқа кірісеміз.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы. (музыкалық фон)
Мұнда қыздар практика жүзінде
жүннен: дымқыл киіз басу арқылы картина, құрғақ басу арқылы моншақ
жасайды.
Мұғалімнің іс- әрекеті. Оқушыларға бағыт – бағдар беріп, жұмысын бақылап отырады.
VІ. Галереяны шарлау. Екі топ бір – бірінің жұмыстарын қарайды. Бірінші топ екінші топтың, екінші топ бірінші топтың жұмысын бағалайды.
VІІ. Қорытындылау .
ББҮ кестесін оқушылар мұғалімге тапсырады
Әр оқушыға мұғалім өз бағасын береді
Үй тапсырмасы:
Бастаған жұмыстарын үйде аяқтап келу
Жұмыс орнын жинастыру.
ББҮ кестесі
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
Толтырған:_________________________
Жүннен моншақ жасау
Нұсқау карта
Р/с |
Жұмыстың реті |
Қажетті құралдар мен Материалдар |
1 |
Жүннің шағын бөлшегін алып, домалақтау, губкіге қойып үстінен инемен дөңгеленген қалып бере отырып әбден тығыздау. Осылайша қажетті мөлшерде дөңгелектер жасау. |
«Пехорка» жүні, ине №36, н/е 38 губкі |
2 |
Моншақтарды ыссы, суға бірінші жай ғана малшылап алып сабынмен үйкелеп, алақанмен мұқият айналдыра уқалау қажет. |
Дайын жүн дөңгелекшелері. Суға арналған тостақ, ыссы су, сабын |
3 |
Моншақты қайтадан ыстық суға, тек осы жолы толық батырып алып қайтадан сабындап қаттырақ уқалау. Осылайша моншақ бетіндегі қылшықтар әбден жабысып қалғанша уқалау. |
Дайын жүн дөңгелекшелері. Суға арналған тостақ, ыссы су, сабын |
4 |
Дайын моншақтар қылшықтары саусақпен тартқан кезде алынбайды. Моншақтарды кептіру |
Моншақтар |
5 |
Моншақтарды жіпке тізу. Инеге жіп сабақтап моншақтарды тізу. (тоқыма жіп немесе жіңіке таспа). |
Моншақтар, жуан ине, жіңішке таспа немесе тоқыма жіп, моншақтарға арналған құлып |
Жүннен картина жасау
Нұсқау карта
Р/с |
Жұмыстың реті |
Қажетті құралдар мен Материалдар |
Графикалық бейнесі |
1 |
Жүннен панно негізінің бірінші қабатын жаямыз. Жүн таспасын алдымен екіге, сосын тағы да екі бөлікке бөліп аламыз (төртке бөлу). Таспаның шетін алақанға салып төрт саусақпен қыса отырып жайлап созып бөліп аламыз да жайманың бетіне бір қатар жалғай төсеп шығамыз. Екінші қатарды бірінші қатардың шетін жанай төсейміз. Осылайша астындағы негіздің бетін түгел жаба жүн төсейміз. |
Жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка |
« Пехорка» жүні 1 –қатар 2 –қатар |
2 |
2- ші қабатты бірінші қабатқа перпендикуляр төсейміз |
Жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка |
|
3 |
3- ші қабатты екінші қабатқа перпендикуляр төсейміз |
Жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка, |
|
4 |
Гүл жапырақтарын, сабақтарын әрлеп жаямыз. |
3- 4 түрлі боялған жүн, торлы жайма, бүршікті клеенка |
|
5 |
Сабынды ыстық суды жүн бетіне мұқият себелеп, бетін торлы жаймамен жабамыз. Алақанмен 10- 15уқалап, келесі бетіне аударып қайта уқалау қажет. Жалпы 40 минуттай уқалап сапасын тексереміз. Егер қолмен киіз қылшықтарын тартқан кезде жұлынбаса, бұйым дайын болғаны. |
Сабын, ыстық су, суға арналған тостақ, торлы жайма, бүршікті клеенка |
|
|
Жүнді басып болған соң жылы сумен жақсылап жуады, жайлап сығып кептіреді. 1,5 см жайма алу үшін жүнді 2 см қалыңдықта жаяды |
Сабын, ыстық су, суға арналған тостақ, торлы жайма, бүршікті клеенка |
Киіз басудың кезең реті
Жүнді сабау (тулаққа 1 метр сабау таяқпен сабау)
Жүнді шабақтап тарту (шидің үстіне жүнді жаю)
Ыстық су себу ( 80°-тан жоғары ыстық су себу)
Булау (сулы жүнді шиімен орап, су құю)
Тебу ( саумал жібін өткізіп, шиді ілгері тебеміз)
Білектеу (7-8 адам тізерлеп, білегімен ысқылау)
Қарпу (шуда жіппен тігіп, ұстап айналдырады)
Ұзындау немесе уқалау (қалпына келтіру)
Кептіру (күннің көзіне жайып қояды)
Екінші әдіс инелер техникасы.
Инелер – жуандығы, ұзындығы мен белгіленуі жағынан әртүрлі болып келеді: №32, 36, 38, 40, 42 мөлшері: ірі, орташа және жіңішке немесе A, B, C, D. Бірінші ең жуан инені пайдаланып өңдейміз, содан соң орташа немесе жіңішке инені алуға болады. Инелер өте өткір және морт сынғыш келеді, сондықтан өте абай болғанымыз жөн. Үдеріс аяқталған соң инелерді арнайы қаптамаларда немесе поролонға шаншып қою қажет.
(Слайд арқылы көрсету)
Инелер техникасының артықшылығы
Суреттердің шекарасын айқын салуға
Тура жасалмаған суретті түзетуге
Әртүрлі материалдарды араластыруға
Бұйымды түрлі детальдармен толықтыруға
IV Сарамандық жұмыс
Қажет материалдар:
-
Арнайы киім
-
Эскиз
-
Жүн
-
Сұйық балалар сабыны
-
Қалың клеёнка
-
Сүлгі
)
Сергіту сәті.
V Сабақты бекіту.
Сұрақтары:
-
Жан-жануардың үстіндегі түгі. (жүн)
-
Қойдың күзде қырқылған жүні. (күзем)
-
Жіптің серігі.(ине)
-
«Мата қиындысы» деге мағынаны білдіретін латын сөзі. (панно)
-
Саумал жібін өткізіп, шиді домалата отырып аяқпен ілгерілеу. (тебу)
-
Қалпына келтіру. (ұзындау)
-
Жүннің фактурасы қандай? (жұмсақ)
-
Малдың кептірілген терісі. (тулақ)
-
Жүнді сақтау үшін қандай препараттар саламыз? (фоксид)
-
Малдың жазғытұрымғы ұйысқан қысқы жүні. (жабағы)
-
Сулы жүнді шимен орап ыстық су құю. (булау)
-
Жүнді арнайы инемен өңдеп, басу? (құрғақ)
-
Жүнді шидің үстіне жаю. (шабақтау)
-
Иненің матана екі тесу арасындағы өру. (инешаншым)
-
Киізді күннің көзіне жаю. (кептіру)
-
Жүн сабауға арналған таяқ. (сабау)
-
Мата түрі. (сәтен)
-
Тігістің түрін ата? (арнайы)
-
Саусақты зақымдаудан қорғайтын құрал? (оймақ)
VI Сабақты қорытындылау.
Ахмет Байтұрсынов ағамыз айтқандай: «Әрбір ұлт қолөнеріне көңіл бөлу керек», біз ұлттық қолөнерімізді әрқашанда құрметтеп, оны ары қарай осы заман талабына сай жетілдіріп, күделікті тұрмыста пайдалана білу және жас ұрпаққа үйрете отырып, көздің қарашығындай сақтай біліуіміз керек.
VII Үйге тапсырма:
Слайд арқылы көрсету)
Жүннен жасалған бұйымдардың сапалық көрсеткіші
Жылы
Тұрмысқа қолайлы
Жеңіл әрі ыңғайлы
Денсаулыққа пайдалы
Шыдамды,
төзімді
Мықты,
берік