Ашық сабақ "Жұрнақ пен жалғау. Спорт жарыстары туралы жазамын" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жұрнақ пен жалғау. Спорт жарыстары туралы жазамын" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар спорт жарыстары тақырыбында әңгіме құрайды. Түбір мен қосымшаны ажырату дағдыларын машықтандырады. Сипаттау мәтінін құрап жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар:

Пән: қазақ тілі Бөлім: Дені саудың – жаны сау

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Спорт жарыстары туралы жазамын

Мектеп: Талшық орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:А.Б.Кажмуратова

Күні: 29.01.18ж Сынып: 2 «В» Сабақ №: 77

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату.

2.3.1.1 Мұғалімнің көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;

Оқушылардың басым бөлігі: мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратады;

Кейбір оқушылар: сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау мәтінін құрап жазады.

Бағалау критерийі

-берілген тақырыпқа әңгіме құрайды;

-түбір мен қосымшаны ажыратады;

-сипаттау мәтінін құрап жазады.

Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, интерактивтік тақта, бейнефильм, жұмыс дәптері №2

Оқытуға қажетті сілтемелер мен сайттар

http://bilimland.kz , http://imektep.kz, https://twig-bilim.kz

Тілдік мақсат

жұрнақ – суффикс – suffix; жалғау – окончание – ending

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру

Алдыңғы білім

Түбір мен қосымша

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Қайырлы күн ұстазым, Посмотрите друг на друга

Қайырлы күн достарым, Пожелайте всем добра!

Шеңберге тұрайық Good morning! Good morning!

Жылулық сыйлайық! Good morning to you!

Доброе утро учитель, Good morning! Good morning!

Доброе утро друзья, I`m glad to see you!

Қызығушылықты ояту. Ширату (26 бет 61-жаттығу)

Берілген әріптер қатарында жасырынған сөздерді тауып оқыңдар.

ШАБАСКЕТБОЛҚФ

ТРЕБАССЕЙННЗФК

БОКСШЫПАНСКТЕ

ҢІЮШАКЖҮЗГІШГ

-Тақпан сөздер туралы не білесіңдер? Топқа бөлу

Баскетбол Боксшы Жүзгіш

Шаттық шеңбері













суреттер

Сабақтың ортасы

34 минут











































































Сабақтың аяқталуы

2 минут

Мағынаны ажырату. Ой қозғау. Білу

«Суретті әңгімеле» стратегиясы

-Сурет бойынша мәтін құраңдар. Сурет әңгімелеріңнің бір бөлігі.

-Суретте бейнеленген сәттің алдында не болады?

-Суреттегі спорт түрлерін ұнатасыңдар ма?

Жұмыстарды топта талқылау, әңгімелеу.

Бағалау: Топтар бір-бірін бағалайды.

Түсіну. 64-жаттығу

-Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Қимыл жаса тұра қап,

Жалқаулықты жуытпа.

Көлеңкеңді қуалап

Жүгіруді ұмытпа.

Сергек жүрсең сен енді,

Жоламайды суық бір.

Суық сумен денеңді

Ертең ерте шынықтыр. Тұманбай Молдағалиев

-Өлең не туралы?

-Жалқаулықты сөзін жалқау, жалқаулық сөздерімен салыстырып, қорытынды жасап көріңдер.

Бейнежазба «Жұрнақ пен жалғау»

-Жұрнақ пен жалғау көп сөздерде кездеседі. Жұрнақ пен жалғау  бір-біріне ұқсай ма?

Ережемен танысу:

Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Жұрнақтың белгісі – ^. Мысалы: футболшы, оқулық. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді. Жалғаудың белгісі – □ . Мысалы: футбол ды , оқу ға .

(Ұ) Үштілділік: жұрнақ – суффикс – suffix; жалғау – окончание – ending

Сергіту сәті

Cпорт сенің серігің

Жанға дауа, қолға күш

Сергітетін адамды

Қимыл менен қозғалыс

Қолдану. Жұптық жұмыс

-Әр суреттің атауын жазыңдар.

не? кім? кімдер?

_________ ____________ ______________

-Осы сөздермен сөйлемдер құраңдар.

Жетістік критерийі:

-суреттің атауын жазады;

-жұрнақ пен жалғауды ажыратады;

-сөйлем құрастырады.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі бағалау

Топтық жұмыс.

-Берілген сызбаны пайдаланып, боксшы туралы сипаттау мәтінін құрап айтыңдар.

-Еліміздің спорт дамуына үлес қосқан боксшыларды еске түсіріңдер

Shape1

Бағалау: топта бір-бірін бағалайды.

Синтез. Ой толғау. Жеке жұмыс

Интерактивті жаттығу «Дұрыс/Бұрыс» ойыны

1.Жұрнақ - түбірдің мағынасын өзгертетін қосымшаның түрі дұрыс\бұрыс

2.Жұрнақтар арқылы пайда болған жаңа мағыналы сөзді «түбір сөз» деп атайды. дұрыс\бұрыс

3.Түбірдің мағынасын өзгертпейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаның түрі жалғау деп аталады. дұрыс\бұрыс

4.Түбір сөзге жалғау ғана жалғанады, жұрнақ жалғанбайды. дұрыс\бұрыс

5.Туынды сөз түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады дұрыс\бұрыс

Үй жұмысы (28 бет 65-жаттығу)

«Дұрыс тамақтану»

-Бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңді жазыңдар.



Оқулық 27-28 беттер


























https://imektep.kz/kz/zhurnak-pen-zhalgau




Кесте




Сөздер тақтасы


Сергіту сәттер жинағы





Жұмыс дәптері 19 бет











Ермахан Ыбрайымов

Бекзат Саттарханов

Серік Сәпиев





https://imektep.kz/kz/game#true_false-1437






https://twig-bilim.kz/kz/film/balanced-diet

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

Бағалау. «Бес саусақ» стратегиясы бойынша.

Алақанды бояңдар:

- бас бармақ – берілген тақырыпқа әңгіме құрсаң;

- сұқ саусақ – түбір мен қосымшаны ажыратсаң;

- ортаңғы саусақ – сипаттау мәтінін құрап жазсаң;

- аты жоқ саусақ – сабақта қиын болса;

- кішкентай саусақ – мақсатқа жете алсаң.

Кері байланыс (Ауызша)

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Қабілеті жоғары оқушылар сызбаны пайдаланып, сипаттау мәтінін құрап жазады, топтық жұмыста көмек көрсетеді

Сауалнама, қол белгілері арқылы бағалау жүргізіледі.

Дене шынықтыру құндылықтарды дарыту: Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі

Тәрбиелік мәні: салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
3888
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі