Материалдар / ашық сабақ "Жыл басы - Наурыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ "Жыл басы - Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың "Жыл басы - Наурыз" тақырыбындағы жеке түзете-дамыту сабағы. Дефектологтарға, логопедтерге, психологтарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2022
955
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түзету сабағының технологиялық картасы

Тақырыбы: «Жыл басы – Наурыз».

Мақсаты:

Білімділік: Наурыз мерекесі туралы түсінігін қалыптастыру. Ұлттық аспап түрлерімен, ұлттық тағамдармен таныстыру. Наурыз көженің дайындалу әдісін үйрету.

Түзетушілік: есту, дәм сезу анализаторларын, қол және дене моторикасын дамыту.

Тәрбиелілік: Салт-дәстүрді дәріптеу. Ұлттықшылдыққа, патриозимге тәрбиелеу.

Қолданылатын материалдар: Наурыз мейрамы туралы презентация, «Қара жорға» әні, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, ақ қағаз, ұлттық тағам түрлері.


Сабақ барысы:


Іс-әрекет кезеңдері

Дефектологтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу

Сәлеметсің бе, Әлихан. Көңіл-күйің қалай?

Сәлеметсіз бе? Жақсы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Қазір жылдың қай мезгілі?

Жарайсың. Көктемде қандай мерекелер болатынын білесің бе?

Жарайсың. Алдымызда 22-наурызда болатын Наурыз мерекесі келе жатыр. Соған орай, бүгінгі сабағымыз Наурыз мерекесі туралы болмақ. Олай болса, Наурыз мерекесі туралы презентация көрейік.

Көктем

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі, Наурыз мейрамы

  1. Жаңа сабақ

Қазақ халқының Жаңа жылы –«Наурыз» мерекесі деп аталады. «Наурыз» сөзінің қазақша аудармасы «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл күн 22-наурызға тура келеді. Яғни, халқымыз Наурыз мейрамын наурыз айының 22-жұлдызында тойлайды. Бұл күні адамдар сәнді киініп, ұлттық аспаптармен күй орындап, ән шырқап, би билейді. Қазақтың ұлттық ойындары ойналады, Наурыз көже қайнатылады, ұлттық тағамдардың түр-түрі дайындалады.

Енді қазақ халқының ұлттық ойын түрлерімен танысайық. Олар: бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге алу, тақия тастау, асық, ақ терек және басқалары.

Ал енді, қазақтың ұлттық аспаптарымен таныс болайық және олардың үнін тыңдайық. Қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық музыкалық аспаптары мыналар: домбыра, жетіген, қобыз, сазсырнай, дауылпаз. (музыкалық аспаптардың видеолары көрсетіледі).

Әлихан мұқият тыңдайды.

  1. Шебер қолдар

Әлихан, түрлі түсті қағазда алдын ала ою сызылып қойылған. Сен сол оюды қиып, ақ қағаз бетіне жапсыра қой.

Әлихан орындайды.

  1. Cергіту сәті

Әлихан, шаршаған боларсың. Ал енді, орнымыздан тұрып, халқымыздың «Қара жорға» биін билейік.

Әлихан дефектологпен бірге билейді.

  1. Қазақтың ұлттық тағамдары

Наурыз мейрамында міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көжеге қалауымызша жеті түрлі тағамдар қоса беруімізге болады. Яғни, наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.

Ал енді, ұлттық тағамдарға қатысты ойын ойнайық. Әлихан, алдыңда тұрған – қазақ халқының ұлттық тағамдары. Еттен жасалғандар: шұжық, қазы. Ұннан жасалғандар: бауырсақ, шелпек. Сүттен жасалғандар: айран, қымыз, қымыран, құрт, ірімшік, қаймақ. Алдымен осы тағамдардың бәрінің дәмін татып көріп, дәмін есіңде сақта. Сосын көзіңді жұмып, тағы да дәмін көресің де, қай тағам екенін табасың, жарай ма?

-жарайды



Дәмін көріп, тағам түрін табады.


  1. Қорытынды

Әлихан, бүгін қандай тақырыпты қозғағанымызды еске түсірейік. Мына экрандағы асықтардың әрқайсысының артында сұрақтар жасырылған. Асықтарды біртіндеп ашамын, сен жасырылған сұрақтарға жауап бер, жарай ма?

1-асық. Қазақ халқының ұлттық мерекесі қалай аталады?

2-асық. Наурыз мерекесі қай күні тойланады?

3-асық. Наурыз көже қанша тағамнан жасалады?

4-асық. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата.


5-асық. Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптарын білесің?

Жарайсың, барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердің. Саған өте ризамын, рахмет.

Ендігі сабақта кездескенше, сау бол.

Үйге тапсырма: Наурыз мерекесі жайлы сурет салып келу.

  • Жарайды















  • Наурыз мерекесі



  • 22-наурызда


  • 7 тағамнан жасалады


  • Бәйге, көкпар, қыз қуу, тақия тастау, асық.


  • Домбыра, жетіген, қобыз, сазсырнай.



  • Сау болыңыз


Біледі: Наурыз мерекесінің ерекшелігін

Түсінедіұлттық салт-дәстүрлерді сақтауды, дәріптеуді

Қолданады: ою-өрнектің түрін жасауды


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!