Ашық сабақ "Жыл басына таласқан жануарлар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жыл басына таласқан жануарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілік арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Жыл басына таласқан жануарлар

Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру. Берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын

Жаңа сөздер: Жусан, жабағы, бақташы, өркеш.

Көрнекіліктер: Жыл басына таласқан жануарлар суреттері.

Әрекет кезең Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық Психологиялық дайындық: Балалар бірге жасайды.

қозғаушы Арайлап атқан таңғы сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайнап өскен бізге сәлем,

Тәрбие беріп өсірген

Апайлар сіздерге сәлем!

Ұйымдастыру Сұрақ-жауап:

іздестіру Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі.

Қыс мезгілі неше айдан тұрады? Үш айдан:

Желтоқсан, Қаңтар Ақпан

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Күн суық, аязды,

боранды болады.

Өткен оқу іс-әрекетімізді пысықтау

Балалар біз өткен оқу іс-әрекетімізде

Ж. Смаковтың «Айтшы, әжетай!» өлеңімен

таныстық.

Сурет бойынша әңгімелеу

  • Бала әжесінен нені сұрады?

  • Әжесі қалай жауап берді?

  • Атасы кім екен? Жылқышы.

  • Ағатайым кім менің? Комбайншы

  • Апатайым кім менің? Тәрбиеші

  • Нағашым кім менің? Бақташы

Балалар әжеге не сыйлауға болады?

Қоршап көрсет Білезік пен сақина

Жылқышыға қажетті заттарды сызықпен қос Қамшы мен ертоқым

Жаңа сабақ:

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде

«Жыл басына таласқан жануарлар»

ертегісімен танысамыз.

Бұрынғы өткен заманда жануарлар жыл басы

болуға таласыпты.


Жыл басына таласқан жануарлар

(ертегі)

Жылқы, түйе, сиыр, қой, ит, тауық, тышқан және Балалар ертегіні

басқа жан-­жануарлардың бәрі де жыл басы тыңдайды.

болуға таласыпты.

Жылқы айтты:

  • Менің үстіме адам мінсе, алысты жақын етемін,

күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма

дейін арқан еседі, менен пайдалы мал жоқ, жыл

ағасы мен боламын, - дейді.

Түйе айтты:

  • Сен адам жұмысын қылсаң, арпа, сұлы, шөп

асайсың, тамағың үшін құл болдың.



Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп,

неше айшылық жерлерге барамын, аш болдым деп

арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса,

жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса,

су ішіп, табылмаса, шөлге шыдап жүре беремін.

Жыл ағасы болу маған лайық, - деді.

Сиыр айтты:

  • Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт,

май істейді.

Қой айтты:

  • Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді,

жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күбі тігеді,

арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, - деді.

Ит айтты:

  • Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұры алып,

не қасқыр жеп тауысар еді. Бәріңнің мен

бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап,

иеме хабар беремін.

Тауық айтты:

  • Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бармай,

ұйықтап қалар еді. Мен таңертең ерте тұрып шақырып,

хабар айтамын, таң атты деп. Көп отырса, жұмысыңнан

қаларсың, жатар уақыт болды деп түн ортасында да

шақырамын, демалар мезгіл болды деп, - деді.

Тышқан не дерін біле алмай тұрды да, бір қулық ойлап,

жиналған көпке айтты:

  • Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та,

кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын, - деді.

Түйе бойына сеніп, менен бұрын кім көреді деп,

тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап тұрады.

Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып,

өркешінің басына мінді де отырды. Со­нымен бәрінен бұрын

жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болады.

«Түйе бойына сеніп құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.


Әліппе-дәптермен жұмыс:

Суретте «Жыл басына таласқан жануарлар»

ертегісінің қай сәті бейнеленген? Балалар

Ертегі мазмұнын есіне түсір. Суретте түйенің сұрақтарға

өркешін көрсет. жауап

береді.

Ең үлкен жануар қайсысы?

Ең кішкентайы қайсысы?

Суреттегі жануарларды жылдары бойынша

ретімен атап үйренейік.

Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы,

қой, мешін, тауық, ит, доңыз.



Сөздік жұмысын жүргізу:

Жусан-ащы дәмді, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.

Жабағы-қой мен түйенің көктемде қырқып алған

қысқы жүні.

Бақташы-мал бағушы.

Өркеш-түйенің арқасына бір не екі айыр болып

тік шаншылған қомы.


Суретпен жұмыс:

Түйе-қазақша, орысша-верблюд, ағылшынша-camel

Жылқы-қазақша, орысша-лошадь, ағылшынша-horse

Сиыр-қазақша, орысша-корова, ағылшынша-cow

Тышқан-қазақша, орысша-мышь, ағылшынша-mouse

Ит-қазақша, орысша-собака, ағылшынша-dog.

Суреттегі жануарларды ата. Ертегіге қатысты

кейіпкерлерге сипаттама бер.

Құлын мен бұзауды бастырып сыз. Құлын мен бұзауды

бастырып сызады,

бояйды.

Балалар жануарлардың аттарын атайды. Ертегіге

қатысты кейіпкерлер қайсылар екенін айтады.

Ойын: «Жыл санау».

Шарты: Қандай жануар екенін айтып, сөз құрау

тақтаға ілдіру.



Рефлексивті Сұрақтар:

түзетушілік Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Сұрақтарға дұрыс

Ертегі қалай аталады? жауап беруі.

Жыл басы қай жануар болды?


Күтілетін Балалардың ертегі мазмұнын түсінуі, ойлау Ертегігіні игере білуі.

нәтиже қабілетінің дамуы.


Білуі керек Жануарларды ажырата білуі.

Болуы керек Сабаққа ұқыпты болуы. Сабаққа жақсы, ұқыпты

қатысуы.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2018
3250
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі