Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Жылы және суық түстер. Түс және жыл мезгілдері 2 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пәні: көркем еңбек |
Мектеп:C . Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі |
|||||||
Күні:13.12.2017 |
Мұғалімнің есімі: Абиш Ақерке |
|||||||
Сынып: 1 «а» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жылы және суық түстер. Түс және жыл мезгілдері |
|||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушыларға жылы және суық түстермен түс және жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Түстерді тани білу сезімін дамыту. |
||||||||
Сабақтың түрі: сайыс сабақ |
||||||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Оқушылар түстердің жылы, суық деп бөлінетінін, жылы және суық түстер қандай әсер қалдыратынын біледі . Түстердің белгілі бір жыл мезгілі мен ауа-райы жағдайына қарай суреттей алады. |
|||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Қоршаған ортадағы және суретшілердің туындыларындағы жылы және суық түстерді танып , дұрыс анықтай біледі. |
||||||||
Кейбір оқушылар: Тақырып жайлы түсініктерін қалыптасыра отырып, тақырыптың өзекті түйінді жерлерін практикада қолданады және алған білімдерін кеңейте түсуге тапсырмаларды пайдаланады, өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын дамытуға дағдыланады |
||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: .....(не істей) алады Қоршаған ортадағы және суретшілердің туындыларындағы жылы , суық түстерді танып, дұрыс анықтай біледі. Жылы және суық түстерді орындайтын жұмысына сәйкес пайдаланып, айналадағы алуан түстерді байқап, жұмыстарына қолдануды үйренеді. |
|||||||
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Жылы және суық түстер, жыл мезгілдері |
|||||||
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Жылы –тепло- warm Суық- холодно-cold Түстер- цвета-color жыл мезгілдері- времена года-season қызыл-красный-red қызғылт сары-оранжевый-orange сары-желтый-yellow көк-синий-blue ақшыл көк-сиреневый-ourple көгілдір- голубой-blue көктем- весна-spring жаз-лето-summer күз-осень-autumn зима-қыс-winter Туынды түс үйлесімі бойынша (жылы не суық) белгілі бір түс үйлесімін біріктіре отырып, белгілі бір жыл мезгілі мен ауа-райы жағдайына қарай суреттей білу |
|||||||
Алдыңғы оқу |
Сенің айналаңдағы түстер.Негізгі және құрама түстер. Оқушылар мұнда бізді қоршаған әлем түрлі-түсті, әрбір заттың өзіне тән түсі бар деген қортынды шығарған. |
|||||||
Жоспар Қысқа мерзімді сабақ жоспары |
||||||||
|
Тапсырмалар |
Мұғалімнің әрекеті |
Ресурстар |
|||||
Басталуы |
Ұйымдастыру кезеңі. Эмоциолналды жағымды ахуал орнату "Ішкі және сыртқы шеңберлер" әдісін қолданып, сұрақ -жауап ұйымдастыру арқылы өтілген сабақтарды пысықтау 3минут Топқа бөлу 2минут Миға шабуыл арқылы практикалық жұмыс 5 минут
Мұғалімнің түсіндірмесі 3 минут Сергіту сәті «Ауа-райын болжайық! 2 минут |
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта бірлесе жұмыс істеп, жетістікке жетеміз және өздеріңе керекті мағлұматтар аласыздар деген сеніммен сабақты бастайық! Қазір сіздер көтеріңкі көңіл орнату үшін жылдам , әрі тез берілген сұрақтарға шеңбер бойымен жауап береміз. «Ішкі-сыртқы шеңберлер» әдісі арқылы алдағы сабақты еске түсіру Мақсаты: жалпы қатысушылар тосыннан қойылған сұраққа жылдам жауап беруге және сұрақ қоюға үйренеді. Шарты: ішкі және сыртқы шеңбер бойымен тұрып, сыртқы шеңбер бойында тұрған қатысушылар өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Кейін орын ауыстырып, ішкі шеңбердегі қатысушы сырттағы сыныптастарына сұрақтар қояды. Яғни сыртқы шеңбердегі оқушылар зат не, құбы лыстарды атайды, ал ішкі шеңбердегі оқушы сол затқа, не құбылысқа тән түстерді айтады. Мысалы: Сыртқы шеңбердегі оқушы: -аспан Ішкі шеңбердегі оқушы: -көк т.б . Енді топқа бөлініп аламыз. Топқа бөлінбестен бұрын мен сіздерді түстер әлеміне бір шолу жасатқым келіп тұрғаны. Ол үшін сіздер өздеріңізге ұнаған түрлі- түсті фишкаларды таңдап аласыздар. Мына фишкаларды таңдаңыздар .
Топқа бөлінудің әдістері өте көп, солардың ішінде мен сіздерді осы таңдаған түстеріңіз бойынша топтастырғым келіп отыр. Сонымен топтарға 1 топ- «Жылы түстер» тобына таңдағандар; 2 топ-« суық түстер» тобына т аңдағандар; 3 топ-«Ауа-райы» тобына таңдағандар 4 топ-«Жыл мезгілдері» тобына таңдағандар бірігіңіздер. Сонымен әр топ мүшелеріне психологиялық жақсы қасиеттерін айтып өтемін. Ал енді әр топқа жиналғандар туралы қысқаша қасиеттерін айтып өтемін. Егер нөмірі 1 - таңдасаңыз, бұл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. көңілді жүруді және үнемі бірінші болуды қалайсыз. 2 - таңдасаңыз,жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Таңдауыңыз 3 - түссе, ақылды да қызықты адамсыз. Сізбен әңгіме айту сондай жағымды, себебі кез келген тақырыпты ары қарай өрбіте аласыз. 4 - жан тыныштығын, молшылықты, татулықты
білдіреді. Көк түс ұнайтын болса, .демек үнемі бәрінен
жақсы болуға
ұмтыласыз. ҚБ/ Бүгінгі сабақта әр тапсырма бойынша жақсы жауап берген оқушыларға сол тапсырмаға байланысты мына төмендегі суретті
алады. Оны алдын ала барлық оқушыға берілген мына Бағалау парақшасы
Қызыл бояу
қызғалдақ, суретке сәйекес жапсырып отырады.Сабақ соңында
Көктем мезгілінің суреті толық жасалған оқушы марапатталатынын, сол үшін сабаққа белсенді қатысу қажетті екенін айтып кетемін. №1 тапсырма а)Түстердің атауын білсеңдер үш тілде атап көрейікші?
Жылы –тепло- warm Суық- холодно-cold Түстер- цвета-color жыл мезгілдері- времена года-season қызыл-красный-red қызғылт сары-оранжевый-orange сары-желтый-yellow көк-синий-blue ақшыл көк-сиреневый-ourple көгілдір- голубой-blue Дұрыс атадық па? Қане тексеріп көрелік! https://www.youtube.com/watch?v=sq-fUexZrCY Түстер (ағылшын тіліндегі түс атаулары) -- Colours (edulingo.net) бейнебаянын тамашалайық. ә)Мына суреттегі сураққа жауап беріп көрейікші. Түстерді неліктен жылы ,не болмаса суық түстер деп бөлеміз? Дескриптор: -Суреттермен жұмыс жасайды; -Түстерді ажырата алады; -Олардың белгілі бір затпен немесе құбылыспен байланысты екенін біледі; -Ойларын ортаға салады. ҚБ/ Суретпен жұмыс жасап, түстерді анық ажыратып,олардың белгілі бір затпен немесе құбылыспен байланысты екенін дәлелдеп,өз ойын еркін білдірген оқушыларды күн суретімен бағалаймын. Оқушылардың ойларын тыңдап, өздеріне түстерді неліктен жылы және суық түстер деп бөлетінін қорытындылатымын. Мұғалім : Әрбір түс белгілі бір затпен немесе құбылыспен байланысты екендігіне мысал келтіремін.Мысалы: оқушыларға сары, қызыл және қызғылт сары түсті нені еске түсіреді деп сұраймын күн от, алау Құм Жылы, шуақты күнді, алау, ыстық жерлерді міне өздерің көріп отырғандай, жылы, ыстық заттарды еске салады. Сондықтан суретшілер бұл түстерді жылы түстер деп атайды. Ал енді жылыға қарама-қарсы қандай сөз екенін сұраймын. Оқушылардың жауаптарын тыңдып,ойларын тиянақтаймын. Ал мына суретте қандай түстер көбірек қолданылған? Қыс Қар мұз Оқушыларға көк, , ашық көк және көгілдір түстердің суық түстер деп аталатынын айтамын. Географиялық карта Осы карта бойынша оқушылардың ойын бір тиянақтап аламын. Картадағы түстерге назарларын аударып, олардың жылы және суық түс туралы ойларын тиянақтаймын. Сергіту сәті Тақтаға ауа-райына байланысты суреттер ілінеді. Мұғалім ауа-райын айтады. Оқушылар алдын ала берілген түсті карточкасын ауа-райына сәйкес көтереді. Мысалы: Мұғалім :бүгін күн ашық, жылы десе, оқушылар сары түсті карточкасын көтереді.т.с |
Оқулық, жұмыс дәптерлері Түрлі-түсті борлар, Интерактивті тақта Түрлі-түсті фишкалар,қағаздар Әр тапсырмаға байланысты бағалау үшін берілетін кеспе суреттер мен смайлктер Түстер, https://www.youtube.com/watch?v=sq-fUexZrCY Түстер (ағылшын тіліндегі түс атаулары) -- Colours (edulingo.net) бейнебаяны |
|||||
Ортасы |
Жаңа сабақ №2 тапсырма. Әр топ мүшесі берілген тапсырмаға сай жеке түрлі түсті гаммада орындалған суретшілер жұмыстарының репродук-циялары мен пейзаж фото-суреттерімен жұмыс жасайды. 3 минут 7 минут “Галерея аралау” әдiсi – өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өзіне ұнаған жұмысқа стикер жапсырады 5 минут |
№2 тапсырма Мына берілген екі суретшінің жұмысын көріп тұрсыңдар. Осы екі суреттерді түстер үйлесімі туралы айтыңдар? Ө. Жұбаниязов. Серуен А.Старков.ОрталықТянь-Шань Хантәңірі шыңы. Дескриптор: -Суретпен жұмыс жасайды; -Екі суретшінің туындысын салыстырады; -Түстердің үйлесімі туралы өз ойын айтады; -Оларды суреттейді. ҚБ/ Суретпен жұмыс жасап, суретшілердің туындыларын салыстырып, өз ойын еркін білдірген оқушыларды бәйшешектің суретімен бағалаймын. .
№3 тапсырма №1 жұмыс дәптеріндегі 26-29 беттердегі тапсырмаларды орындайды. Әр топ мүшелеріне бірдей тапсырмалар беріледі. 1 – «Қызылдар» тобына Суретшінің әжесіне суық күндері жылы түстермен жылытатын әдіміше кілем сыйламақшы болды. Ол өз жұмысын бастады, бірақ аяғына жеткізбеді. Суретшіге жұмысын аяқтауға көмектес. Ақ түсті бос орындарды жылы түстермен боя Дескриптор: -Суреттермен жұмыс жасайды; -Түстерді ажырата алады; -Бос орындарды жылы түстерімен алмастырып, бояйды; -Өз ойларын дәлелдейді. ҚБ/ Суретпен жұмыс жасап, түстерді анық ажыратып,бос орындарды жылы түстермен бояйды. Өз ойын еркін білдірген оқушыларды сарғалдақ суретімен бағалаймын. 2 – «Көктер» тобына Ал мына кілемшеге Қар ханшайымының өзі тапсырыс беріпті. Оны өз бетіңмен орындап көр. Бұл кілемшеге қандай түстер үйлесімі сәйкес келетінін ойла. Дескриптор: -Суреттермен жұмыс жасайды; -Түстерді ажырата алады; -Түстер үйлесімін сақтай отырып, суық түстерді орынды қойып, бояйды; -Өз ойларын дәлелдейді. ҚБ/ Суретпен жұмыс жасап, түстерді анық ажыратып,бос орындарды суық түстермен бояйды. Өз ойын еркін білдірген оқушыларды сарғалдақ суретімен бағалаймын. 3 – «Сарылар» тобына Мына фотосуреттердегі түстерге қарап, қандай жыл-мезгілдері бейнеленгенін тауып, олардың әрқайсысына сәйкес келетін түстерді жазып шық. Осы жыл мезгіліне байланысты ұнаған суретін сал. Дескриптор: -Суреттермен жұмыс жасайды; -Түстерді ажырата алады; -Түстерді жыл мезгілдеріне сәйкес жазады; -Осы жыл мезгіліне сәйкес сурет салады; -Өз ойларын дәлелдейді. ҚБ/ Суретпен жұмыс жасап, түстерді анық ажыратып,түстерді жыл мезгіліне сәйкес жазған,соған байланысты салған суреті туралы өз ойын еркін білдірген оқушыларды сарғалдақ суретімен бағалаймын. 4 – «Жасылдар» тобына Көктем мен жаз мезгіліне сәйкес түстер үйлесімін таңда. Мына суретті сол бойынша бояп шық.
Дескриптор: -Суреттермен жұмыс жасайды; -Түстерді ажырата алады; -Осы жыл мезгіліне сәйкес сурет салады; -Өз ойларын дәлелдейді. ҚБ/ Суретпен жұмыс жасап, түстерді анық ажыратып,түстерді жыл мезгіліне сәйкес бояйды,соған байланысты өз ойын еркін білдірген оқушыларды сарғалдақ суретімен бағалаймын. Жұпта жұмыс жасау Әр топ мүшелері жеке жұмыс жасайды. Жұмыс жасап болған соң жұмыстарды жұбымен ауысып ,жұмыс жасайды. Мұнда әр топ мүшелері жұбының жұмысын бағалайды. Бағаланып болған жұмыс иесіне қайтарылады. Барлық жұмыс тақтаға ілінеді. Барлық оқушы тақтаға шығып, өзіне ұнаған суретке стикер жапсырады. Жұмыс несімен ұнағанын айтады. ҚБ/ Бұнда өзара бағалау үдерісі жүреді. Жұмыстар бағаланып болған соң иесіне қайтарылады. Ең көп стикер жинаған жұмыс иесіне қызғалдақтың суретін беремін.
|
|
|||||
Аяқталуы
|
Топтық жұмыс «Сәйкестендіру » әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын 5 минут
«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс 2 минут |
№4 тапсырма Топтық жұмыс Әр топтан бір-бір адамнан шығып суреттерді таңдап алады. Таңдаған суреттерінің тәуліктің қай мезгілі екенін ажыратып жаз. Тәулік мезгілдеріне сәйкес түстер үйлесімін анықтап, түстерді сәйкестендер. Түстер
Тәулік мезгілдері
Азан кеш түн
түс Дескриптор: -Суреттермен жұмыс жасайды; - Тәулік мезгілін анықтайды; -Түстерді ажырата алады; -Оны тәулік мезгіліне байланысты түстерді сәйкестендіреді; -Өз ойларын дәлелдейді. ҚБ/ Суреттермен жұмыс жасай отырып,тәулік мезгілін анықтаған , соғсн сәйкес тәулік мезгіліне байланысты түстерді дұрыс сәйкестендірген топ жұмысын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын
Оқушыларға «Бағдаршам» әдісі арқылы бүгінгі өткен сабаққа кері байланыс аламын.Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша бағдаршам түсіне сәйкес қолындағы карточкаларын көтереді
|
|
|||||
Қосымша ақпарат Өмірмен байланыстыру |
||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Кейбір оқушылар үшін Тапсырмаларды жылдам , әрі сапалы орындаған оқушыларға оқулықтағы 62 беттегі суретшілердің шығармасымен жұмыс жасатамын. Онда олар сол шығармада қандай түстерді қолданғанын жазады. Ойларын ортаға салады. |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?" Өзара бағалау,өзін-өзі бағалау және «Бағдаршам» әдісін басшылыққа ала отырып, әрбір дұрыс жауапқа сол тапсырмаға байланысты суреттерді бағалау парақшаларына жапсырады , бағалау парақшаларында мына төмендегіше суретті толық, яғни көктем мезгілінің суреті шыққан оқушы марапатталады. Бағалау парақшасы
Қызыл бояу
қызғалдақ,
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» арнайы жобасының 4 кіші бағдарламасының бірі «Тәрбие және білім» деп аталады. Осы «Туған жер» арнайы жобасының 11 базалық бағытының біріншісі «Өлкетану» бойынша көктем мезгілінде, туған жерімізді көркейту үшін түрлі ағаштар мен гүлдер егіп,қоршаған айналамызды тазалаймыз.Осы мезгілде шығатын бәйшешек, қызғалдақ гүлдерінің «Қызыл кітапқа» енгенін, оны қорғауымыз керектігін еске салып өтемін. Көктем мезгілі туралы сұрап, онда қандай түстер көрініс табатынын еске түсіремін. Өмір қауіпсіздік ережесін еске ала отырып, көктем кезінде табиғатқа саяхат жасағанда сақтық шараларын сақтау керек екенін айтамын. |
Пәнаралық байланыс -Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері - АКТ – мен байланыс - Құндылықтағы байланыс Сабақты география, қазақ тілі , дүниетану пәндерімен байланыстырылып, сыныпта қауіпсіздік ережелері мен еңбекке баулу,экологиялық тәрбие және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы б/ша «Туған жер» арнайы жобасы туралы айтылды. |
||||||
Рефлекcия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы
ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен
жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт
ішінде үлгердім бе? Сабақты берілген уақыт ішінде үлгердім. Оқушылар өте белсенді қатысты. Оқушыларды қызықтарған “Галерея аралау” әдiсi ,яғни өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өзіне ұнаған жұмысқа кері байланыс бергені оқушыларды өте қатты қызықтырды. Сабақты жоспарлаудағы тапсырмаларым өз ойымнан шықты. |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сабақта жоспарлаған бар лық тап сырмалар ға үлгер дім. Тап сырмаларым оқушы лардың қы зығушылығын арт тырды. Оны олар дың тап сырмаларды орын дау бары сында анық байқадым. |
|||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? "Ішкі және сыртқы шеңберлер" әдісі арқылы үй тапсырмасын тексергеніммен және «Ауа-райын болжайық!» ойынын ойнату арқылы сергітіп, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырып алдым. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) Оқушылардың «Галарея аралау» әдісі арқылы жұпта бағалауы мен топтық жұмысын айтар едім. Бұл жерде оқушылар өздерінің құрбысын бағалай отырып, өз жұмысының сапасын артыра алды.Өзін бағалай отырып, ортаға өзінің әсерінің бар екенін түсінді. Бұл жерде бір сөзбен айтқанда ЖАДА арқылы оқушы белсенділігі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыра білдім.Сабақты жақсартуына ықпал жасады. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім? Қалыптастырушы бағалауда шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдің жекеленген оқушының сабаққа деген қызығушылығыны артыратынын білдім. |