Материалдар / Ашық сабақ. Жынысты және жыныссыз көбею
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Жынысты және жыныссыз көбею

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғаламшардағы тіршілік иелері сан алуан жолдармен көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею. Жыныссыз көбею - көбеюдің ертеректегі жолы. Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады Жыныссыз үдерістің бір үлкен артықшылығы бар - түрдің кез келген дарағы ұрпақ қалдыра алатындықтан, өйткені түрдің кез келген дарағы ұрпак калдыра алды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2020
1515
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ




«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

Әдіскер__________ Е.Мырзабеков ДОЖЖО орынбасары

«______»____________20...ж _________________ Е.Билалов

«____» ______________ 20 ж.








АШЫҚ САБАҚ

«Жынысты және жыныссыз көбею»


Ф-ОИБ-02/19






Пәні: Биология

Оқытушы: Умирбекова А
















Шардара



І - курс Тұ-20 тобы, «26» 12. 2019жыл,

Биология пәнінің оқытушысы: Умирбекова А

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы: Жынысты және жыныссыз көбею

Сабақтың мақсаты: Тіршілік ортасына белгілі көзқарастар және оқушылардың дүниетанымын дамыту.Еркін сөйлеу , салыстыра білу қабілеттерін дамыту.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға организімдердің көбею формалары. Жыныссыз және жынысты көбеюдіңмаңызы туралы түсіндіру, білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Өз ара сыиластыққа, адамгершілікке және тыңдай, сөйлей білу мәдениетін арттыруға тәрбиелеуӨзінің оқушылық міндетіне сай саналылықпен, білімділікпен қарауға тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың сабаққа белсенділіктерін арттыру, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыру,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, тарқатпалар


Пәнаралық байланыс: химия


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі(3минут)

- Білім алушыларды түгелдеу,

- Білім алушылардың оқу құралдарын түгелдеу

2. Кіріспе нұсқау(12минут)

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2.2 Студенттердің теориялық дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру (15 минут)

Ой толғаныс кезеңі

Дайындық кезеңі деп нені айтамыз?

Хромосомалардың диплоидты және гаплоидты жиынтығы дегеніміз не?

Митоз фазалары

Митоз бөлінуінде қандай жасуша бөлінеді?

Жаңа сабақ түсіндіру(30 минут)

Ғаламшардағы тіршілік иелері сан алуан жолдармен көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею. Жыныссыз көбею - көбеюдің ертеректегі жолы. Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады Жыныссыз үдерістің бір үлкен артықшылығы бар - түрдің кез келген дарағы ұрпақ қалдыра алатындықтан, өйткені түрдің кез келген дарағы ұрпак калдыра алды. Демек «Әріптесін кездестіре алмайды» деген кауіп те болмайды; сондай-ақ әрбір ересек ағза жарық дүниеге ұрпақ шығара алатындықтан, ұрпақтары да әлдекайда көп болады. Бірақ бұл жолмен көбейген кезде өзгергіштің төмен болуы - негізгі кемшілік. Анығырақ айтқанда, ұрпақ өзінің жалғыз тегіне ғана ұксап, оның өз түріндегі өзге дарақтардың пайдалы сапасын мұра етуге тіпті әлеуеттік мүмкіндігі болмайды.

Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі - гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылу үдерісі - ұрықтану үпгін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарактың болуы міндетті емес, қызтекелік және қыздықты (ұрықтанбай көбею) көбею түрінде ерекшелігі бар. Бірақ мұнда да гаметалар міндетті түрде дамиды.Жыныстық үдеріс кезінде мүлде ұрпақсыз қалу қауіп-қатері көп екені сөзсіз. Өйткені ұрықтанудың орындалу төртібі күрделі, ол тұтас дарақ болмаса да дарақ гаметаларының болуын қажет етеді. Бірақ нәтижесі жыныссыз көбею үдерісінен шындап ерекшеленеді. Ұрпактарының барлығы жеке болады, олардың әрқайсысында ата-аналарынық ғана емес, кез келген ата тектерінен алуан түрлі белгілері мен барлық қасиеттері қайталанбас жаңа үйлесім де пайда болады. Жынысты кебею үдерісі эволюциялық жолмен жыныссыз көбеюден әлдеқайда кеш пайда болды және едәуір жас үдеріс. Алайда жоғары сатыдағы жануарларда пайда болып үлгерген екен деп ойламаңдар. Жыныстық жолмен көбею бактериялардан сан алуан түрде әлдеқашан бұрын белгілі болды.

Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамалары

Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан дамиды. Ұрыктанбай көбейгенде аталық дарақтар катыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік болады. Бақбак, темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.

Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялардың қосылу (коньюгация) арқылы көбеюі. Бұл - бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі. Шартты түрде «аталық» деп есептелетін бір бактерия өз ДНҚ-сын шартты түрдегі екінші «аналык» бактерияға береді де өзі өледі. «Аналық» бактерия екі ДНҚ молекуласын құрамдастырып, соңынан қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Қосылу арқылы көбеюге ұшыраған жасуша ұрпақтары ата-енелерінің екеуіне тән белгілерге ие болады. Бұдан келесі ұрпактардың өзгергіштігі және тіршілікке бейімділігі артады.

Қосылу арқылы эукариоттардың көбеюі

Жынысты көбеюдің қалған жолдары гаметалардың қалыпты қосылуына байланысты. Өсімдіктер тозаңданған кезде және жануарлар ұрыктанғанда осылай өтеді. Бұл кебею жолын екі топқа бөлсе де болады. Біріншіден, қызтекелік (гермафродит) және өздігінен ұрықтануды жеке бөліп қарауға тура келеді.Жыныссыз көбею өсімдіктердің де, жануарлардың да көптеген түрлеріне тән. Ол вирустарда, бактерияларда, балдырларда, саңырауқұлақтарда, тамырлы өсімдіктерде, қарапайымдыларда, губкаларда, ішекқуыстыларда, мшанкаларда жэне қабықтыларда кездеседі. Жыныссыз көбеюдің ең қарапайым формасы вирустарға тән. Олардың репродуктивті процесі нуклеин қышқылдарының молекулаларымен, осы молекулалардың екі еселене алатын қасиетімен байланысты және нуклеотидтердің арасындағы салыстырмалы әлсіз сутектік байланыстардың ерекшеліктеріне негізделген. Басқа организмдердің жыныссыз жолмен көбеюіне қарай вегетативті көбею және спора түзу арқылы көбею деп ажыратылады. Вегетативті көбеюде-аналық организмнен ажырап қалған бөліктен жаңа организмнің дамуы жүреді. Көбеюдің бұл түрі бір клеткалыларға да, көп клеткалыларға тэн, бірақ оларда ол әртүрлі сипатқа ие болады. Бір клеткалы организмдердің вегетативті көбеюінің: бөліну, көп рет бөліну және бүршіктену сияқты формалары болады. Бактериялар мен көк-жасыл балдырларға (цианобактерияларға) бір ата-аналық организмнен қарапайым тартылу жолымен бөліну арқылы екі еншілес организм пайда болуы тэн. Керісінше, қоңыр және жасыл балдырлар, сонымен қатар бір клеткалы жануарлар (саркодалылар, талшықтылар мен инфузориялар) бөліну арқылы көбейеді, ол цитоплазманың тартылуымен митозды бөліну жолымен жүреді.

Көп рет бөліну (шизогония) жолымен көбею ядроның бөлінуіне негізделеді. Мұндай бөліну нәтижесінде бір клеткадан бірнеше еншілес организмдер қалыптасады. Көп рет бөлінуге мысал ретінде адамның эритроциттеріндегі безгек плазмодиясының (P. vivax) көбеюін алуға болады. Бұл жағдайда плазмодияларда ядроның цитокинезсіз көп рет қайталанатын бөлінуі жүреді, одан кейін цитокинез басталады. Осының нәтижесінде бір плазмодий 12-24 еншілес организмдерге бастама береді.

Көп клеткалы өсімдік организмдерінде бөліну арқылы жүретін вегетативті көбеюі қалемшелер, пиязшықтар, жапырақтар, тамыр сабақтар арқылы жүзеге асады. Бірақ бұл ауылшаруашылық практикасында қолданылатын жасанды көбею түрі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер жасанды жағдайда бір клеткадан да көбеюі мүмкін. Бір клеткадан дамитын организмдер бастапқы көп клеткалы организмдердің барлық қасиеттеріне ие болады. Бұл көбею клонды микрокөбею деген атауға ие. Көптеген вегетативті көбеюдің бір формасы ретінде, әртүрлі мәдени өсімдіктерді телу немесе трансплантациялау, ол бүршікті немесе өркеннің бөліктерін бір өсімдіктен екіншісіне қайта отырғызудан тұрады. Әрине, бұл табиғатта кездеспейтін көбею тәсілінің бір түрі, бірақ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.Көп клеткалы жануарларда вегетативті көбею олардың денелерінің бөліктерге бөліну жолымен жүреді, одан кейін әрбір бөлік жаңа жануарға айналады. Мұндай көбею губкаларға, ішекқуыстыларға (гидра), немертиндерге, жұмыр құрттарға, тікентерілілерге (теңіз жұлдыздарына) және кейбір басқа организмдерге тән. Жануарлардың бөліктену арқылы вегетативті көбеюіне жақын формасы ретінде жануарлардың полиэмбриониясын алуға болады, ол дамудың белгілі бір сатысында эмбрионның әрқайсысы өз алдына организм болып дамитын бірнеше бөліктерге бөлінуден түрады. Полиэмбриония сауыттыларда кездеседі. Бірақта соңғылары жынысты жолмен көбейеді. Сондықтан полиэмбриония дұрысы жынысты көбеюдегі өзгеше деңгей болып табылады, ал полиэмбрионияның нәтижесінде пайда болатын ұрпақ монозиготалы егіздер болып саналады. Бүршіктену кезінде аналық клеткада ядросы бар төмпешіктер пайда болады, кейін ол бөлініп, өз бетінше организмге айналады. Бүршіктену бірклеткалы өсімдіктерде де, мысалы ашытқыларда, сонымен қоса бір клеткалы жануарларда да, мысалы инфузорияларда, кездеседі. Спора түзілу арқылы көбею маманданған клеткалардың-споралардың пайда болуымен байланысты, онда ядро, цитоплазма болады, тығыз қабықшамен қапталған және қолайсыз жағдайларда ұзақ тіршілік етуге бейімді, онымен қоса олардың жеке-жеке орналасуына ықпал етеді. Көбіне, мұндай көбею түрі бактерияларда, балдырларда, саңырауқұлақтарда, мүктерде, папоротниктэрізділерде кездеседі. Кейбір жасыл балдырлардың жеке клеткаларынан зооспоралар қалыптасады. Спора түзу арқылы көбею жануарлар арасында споровиктерде, көбіне, безгек плазмодиясында кездеседі. Көптеген организм түрлерінде жыныссыз көбею жынысты көбеюмен алмасады.

Жынысты жолмен көбею. 

Жынысты көбею жайлы түсінік . Аталық және аналық жыныс клеткаларының (гамета) өзара қосыла келіп , бір- бірімен ұрықтану нәтижесінде жаңа организмнің пайда болуын жыныстық жолмен көбею деп атайды.Жыныс клеткалары ұрықтанғаннан кейін пайда болатын клеткалар зигота деп аталады. Өсімдіктің жыныс клеткалары ұрықтана алмаса, ол клеткалар өсе алмайды, өліп қалады.Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбіреулері, қазіргі гүлді өсіміктердің бәрі де жыныстық жолмен көбейеді. Екі жыныс органдары  бір гүлде болса ,мұндай гүлді қос жынысты  немесе гермафродит деп атайды. Сондай ақ бір өсімдік түрінің бір гүлінде аналық, аталық жыныс органы жеке болса, мұны дара жынысты  гүлдер деп атайды.

       Эволюциялық тұрғыдан өсімдіктердің  жынысты жолмен көбею процесі 3 түрлі болаы. Олардың әрқайсысы өзінше жыныс процесінің жетілуіндегі 3  сатысы. Осылардың ішінде ең қарапайымы-изогамия (төменгі сатыдағы балдырлар мен саңырауқұлақтарда .)Жынысты жолмен көбеюдің екінші түрі-гетерогамия. Жыныс клеткалары әр түрлі, құрылысыда төменгі сатыдағы жасыл балдырлар, қоєыр балдырлар.Жынысты жолмен көбеюдің соңғы сатысы –огамия. Мұнда жыныс клеткаларының пішіні, құрылысы, физиологиялық қасиеттері айқын жіктелген.Аналық жұмыртқа клетка, ал аталық- спермотозоид деп аталады. Аналық жұмыртқа клеткасы үлкен, протоплазмасында қоректік зат көп ,ядросы да үлкен, талшықтары жоқ сондықтан қимылдамайды. Ал аталық клетка майда, біршетінде талшықтары бар қимылдайды, ядросы кіші, протоплазмасы аз. Жоғарғы сатыдағы және кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде болады. Өсімдіктердегі жыныс клеткалары түзілетін органдарды- антерида, аналық жыныс клеткасы түзілетін төменгі сатыдағылардың органын –оогомия, ал  жоғарғы сатыдағы өсімдіктердієкі   архегония деп атайды.  Оогомия бір клеткадан ғана тұрады, ал архегония көп клеткадан тұратын күрделі құрылысты өркен. Жер бетінде жеке өсімдік болып табылады.

  Ұрпақ ауысу және ядро фазаларының алмасуы.

          Көптеген балдырлар мен саңырауқұлақтардың жыныс клеткалары ұрықтанғаннан кейін пайда болған зиготалардың қабықшасы қалыңдайды да, біраз тыныштық дәуірге көшеді.Сондықтан оларды тыныштықтағы споралар дейді. Бұлар тыныштық дәуіріндегі өтісімен-ақ клеткалары бөліне келіп өседі де жас өсімдікке айналады. Бұл жас өсімдіктердің біреулері бұрыңғы өзі өсіпшыққан аналық өсімдіктерге ұқсайтын болса, біреулері одан өзгеше келеді. Бұлардың көпшілігі вегативтік жолмен көбейетін болса, ал кейбіреулері споралар арқылы. Бұл споралар қолайлы жағдай туған кезде аналығына ұқсаған жас өсімдікке айналады. Сонымен ол тағы жынысты жолмен көбейе бастайды. Сөйтіп бір өсімдіктің өзі біресе жыныссыз, біресе жынысты жолмен көбейеді. Бұлардың әрқайсысы өзінше ұрпақ болады, жынысты-жыныссызға, жыныссыз-жыныстыға ауысып, кезектесіп отырады. Мұндай қасиетті ұрпақ ауысу деп атайды.

  Жаңа сабақты бекіту (20 минут)

Аталық пен аналық жыныс органдарында түзілген жыныс клеткасының ұрықтану нәтижесінде тұқым пайда болады. Өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер дейді. Тұқымды өсімдіктердің ұрпағы спорадан емес, өз тұқымының ішіндегі ұрығынан пайда болады. Тұқымды өсімдіктерде папортниктердегі өсімдіктер сияқты көзге айқын көрінетін ұрпақ ауысу циклы болмайды. Оны тек цитологиялық зерттеулер арқылы байқауға болады. Тарихи даму процесінде тұқым гүл мен жемістен бұрын пайда болады. ¦уелі басты тұқым мегаспрофилда пайда болып, ашық жататын болған.

          Ал тұқымы аналық жатынының қабырғасының өсуінен көрінбей, соның қоршауында жататын өсімдіктерді жабық тұқымды дейміз.


5 Бағалау(10 минут)

1тапсырма орындалуы- «3» 2тапсырма орындалуы-«4» 3тапсырма орындалуы «5»

6 Үйге тапсырма(2 минут)

Жыныстық клеткалардың түзілуі.Мейоз



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!