Материалдар / ашық сабақ: Калашников автоматы мен қол пулеметі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ: Калашников автоматы мен қол пулеметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Калашников автоматы мен қол пулеметі тақырыбы 10 сынып оқушыларына , жалпы калашников автоматы туралы мағлұмат береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2022
593
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 1

Мамандық: 09120100- «Емдеу ісі»

Біліктілік: 4S09120101- «Фельдшер»

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: теория

Курс:І

Топ: 1 емдеу ісі «В»


Сабақтыңтақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметі

Сабақтың мақсаты:Калашников автоматы мен Калашников оқшашарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс істеу қағидаттарымен танысу.

Қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың практикалық дағдыларын дамыту.

Ұқыптылыққа, тәртіпке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: : Автоматтың, пулеметтің түрлерімен, құрлысымен таныстыру.

Дамытушылық: Автоматтың, пулеметтің құрлыстарын үйрету, оның дұрыс қолдану қабілеттілігімен және ұқыпты қолданылуын арттыру және дамыту

Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға табандылықпен нық тұруға, өз отанының патриоты болуға , Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген құрметке, батылдыққа тәрбиелеуге

Тақырыптың өзектілігі: Қарудың материалдық бөлігі бойынша жаңа сұрақтарды оқып – үйрену үрдісінде негізгі әдістердің бірі оқу үлгілерінде түсіндіріп көрсету және оқушыларды жаттықтыру болып табылады. Сонымен бірге плакаттар мен сызбаларды да қолдануға болады.

Сабақтың жабдықтары: Плакаттар, АК-74 М Оқулық қаруы,

видео, слайд

Сабақтың өтетін орны: АӘТД кабинеті


Теориялық сабақтың кезеңдерін құрастырудың

Технологиялық картасы:

1. Ұйымдастыру кезеңі– 2 мин

2. Оқытушының кіріспе сөзі– 3 мин

3. Білімнің негізін өзектілеу(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру– 15мин

4. Тексеруді қорытындылау- 5 мин

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру– 50 мин

6. Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту– 10 мин

7. БаСабақты қорытындылау – 3 мин

8. Үй тапсырмасы–2 мин


Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі– Оқытушы білім алушылармен сәлемдесіп. Оқу бөлмесінің дайындығын тексеру. Білім алушыларды түгендеп, жоқ оқушылардың себебін анықтап белгілеу. Жұмыс дәптерлерін, білім алушылардың формаларын тексеру.

2. Оқытушының кіріспе сөзі.

Білім алушылар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға жан-жақтан қоақтар қатысып отыр. Сондықтан тақырып бойыншабілімдеріңді ортаға салып, белсене қатысып отырыңдар. Сәттілік тілеймін!

. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметі. Калашников автоматы мен Калашников оқшашарының тағайындалуы, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс істеу қағидаттарымен танысамыз.

.

Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру:Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы және тақтадағы суреттер арқылы жауап беру.

Тақырыбы: Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы


1. Әскери тәртіп дегенім не?

2. Көтермелеулер мен жазалардың қандай түрлері бар?

3. Сарбаздарға тәртіптік жаза мен көтермелеу не үшін қажет?

4. Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?

5. ҚР ҚК ТЖ ережелерінен көтермелеу іс шараларын қолдану үшін әскери қызметшінің қызметін кім еспке алатынын анықтаңдар

6. ҚР ҚК ТЖ ережелерінен командирлердің өздеріне байланысты мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарынынң курсанттарына жаза қолданудағы құқықтарын атаңдар.

7. «Тәртіпке бағынған құл блмайды» тақырыбында өз ойыңды топта білдір. Сыныптастарыңның ойын тыңда.


ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қару және оның оқ-дәрісімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

2. Калашников автоматы мен қол оқшашарыныңтағайындалуы, ұрыстық қасиеттері, жалпы құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары.


Қару жəне патронды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Қару мен оқ-дəрілерді қолданғанда қауіпсіздік шараларын қатаң түрде сақтау қажет. Олардың ішіндегі негізгілері:

оқушы қарудың құрылысы мен жұмыс істеу қағидатын жəне де оған қолданатын оқ-дəрілерді білуі қажет;

қаруды алғаннан кейін оқталмағанына жəне сақтандырғышта тұрғанына көз жеткізу қажет;

қаруды үйрену барысында оның оқталған немесе оқтал мағанына қарамастан, оны адамдарға, жан-жануарларға, авток өл ікт ерге жəне де төмен ұшып келе жатқан нысандарға кезеуге қатаң тыйым салынады;

атуға дейін саусақты ағытқыш құйрықшада ұстап тұру қажет емес;

қажет болмаса шүріппені соққылы жағдайдан ағытудың (басу- дың) қажеті жоқ. Ол қауіпті жəне қарудың механизмдері мен бөлшек- тері нің ерте тозуына əкеп соқтырады; – патронды бекерге (жайдан-жай) оқтыққа жіберуге тыйым салы- нады;

қаруды оқтағанда жəне де оғын алғанда (ұңғысын) қауіпсіз бағыт- қа бұру қажет;

жұмыс аяқталғаннан кейін қарудың оғын алып, жақсылап қарап, оны сақтандырғышқа қою қажет;

ақауы бар қару-жарақ пен оқ-дəрілерді қолдануға тыйым салынады;

атылмай қалған оқ-дəрілер мен гранаталарды жинауға жəне де оларға тиісуге тыйым салынады.

Калашников автоматы жəне қол оқшашарының қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы жəне жұмыс істеуі

АК-74 Калашников автоматы жəне РПК-74 Калашников қол оқ ша- шары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің автоматтық ату қа- руларының негізгі түрі саналады. Олар қарсыластың тірі күштері мен атыс қару-жарақтарын жоюда қолданылады. 5,45 миллиметрлік Калашников автоматы жеке қару болса, ал 5,45 мил лиметрлік Калашников қол оқшашары (4.1-сурет) атқыштар бөлімінің қаруы болып саналады.



5,
45 миллиметрлік Калашников автоматы жəне қол оқшашары: а – дүмі тұрақты (АК-74); ə – жиналмалы дүмі бар (АКС-74); б – дүмі тұрақты (РПК-74); в – дүмі жиналмалы (РПКС-74)

Қоян-қолтық шайқаста қарсыласты жою мақсатында автоматқа сүңгі-пышақ орнатылады. Түн кезінде атуға жəне бақылауға мүмкіндік беру үшін АК-74Н, АКС-74Н автоматтары жəне РПК-74Н, РПКС-74Н оқшашарларына түнде көздеуге арналған əмбебап көздеуіштер орнатылады.

Автоматпен атуға 5,45 миллиметрлік қарапайым жəне жарқырағыш (трассер) оғы бар патрондар қолданылады.

Автоматтан (оқшашардан) оқты автоматты немесе дара түр де қысқа (бес оққа дейін) жəне ұзақ (автомат тан 10 оққа дейін, оқшашардан 15 оқ қа дейін) кезек пен жəне де тоқ таусыз атуға болады.


АК-74 Калашников автоматы жəне РПК-74 Калашников қол оқшашарының ұрыстық қасиеттері

Р/с

С и п а т т а м а

АК-74

РПК-74

1

Калибрі, мм.

5,45

5,45

2

Ұзақатыс

10

15

3

Оқжатардың сиымдылығы, патрон

30

45

4

Атудың көздеу қашықтығы, м.

1000

1000

5

Жерүстінысаналарыбойыншаатыс  қашықтығы, м.

500

600

6

Тура атысқашықтығы:

Кеуделікфигураға

Жүгірмелі фигураға

440 м

460 м

625 м

640 м

7

Ұрыстың ату жылдамдығыминутына

100

150

8

Жекелейатқанда

40

50

9

Сүңгі пышақ қынабымен қосқандағы салмағы

490 гр

-

10

Сүңгі пышақсыз жарақталғаноқжатарымен  қосқандағымассасы

3,6 кг

-

11

Пулеметтіңоқжатарыменқосқандағы  массасы

-

5,46 кг


Автомат (оқшашар) келесі негізгі бөлшектер мен механизмдер- ден тұрады: көздеу аспаптары, тапанша сабы жəне дүм орнатылған ұңғы мен ұңғы қорабы, ұңғы қорабының қақпағы, газдық піспегі бар бе- кітпе жақтауы, бекітпе, қайтару механизмі, ұңғы қапсырмасы бар газ түтігі, соққыш-ағытқыш механизм, құндақ, оқжатар .

Сонымен қатар автоматта ұңғы аузында орнатылған тежеуіш-ком- пенсатор мен сүңгі-пышақ, ал оқшашарда жалын сөндіргіш пен си рағы бар.

Автомат (оқшашар) жиынтығына оның керек-жарақтары, қарубауы жəне оқжатар салуға арналған сөмке (оқшашарда екі сөмке) кіреді.

Автоматтың (оқшашар) автоматтық əрекеті ұңғы өңешінен газ ка- мерасына бөлінетін оқ-дəрі газдарының қуатын ішінара пайдалануға негізделген.

Ату кезінде оқтың соңынан ілескен оқ-дəрі газдарының бір бөлігі ұңғы қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газдық піспектің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, піспекті, бекітпе жақтауы мен бекітпені артқы жағдайға (өз орнына) итеріп тастайды. Бекітпе жақтауы кері итерілгенде, бекітпе ашылады. Бекітпе оқтықтан оқсауытты алып, сыртқа лақтырады. Бекітпе жақтауы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны автоағытқылы жағдайға қояды).

Бекітпе жақтауы мен бекітпе алдыңғы жағдайға қайтару механизмі əсерінен оралады, осы кезде бекітпе оқжатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы өңешін жабады, ал бекітпе жақтауы автоағытқыш тежеуішін автоағытқылы жағдайдағы шүріппе асты- нан шығарады. Шүріппе соққылы жағдайға қойылады. Бекітпені жабу оны оңға қарай бұру арқылы орындалады, нəтижеде бекітпенің ме ха- ни калық дөңестері ұңғы қорабының механикалық тіректерінің артына өтеді.

Егер ауыстырғыш автоматтық күйге қойылған болса, онда ату ағытқыш құйрықшаны босатқанша немесе оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.

Егер ауыстырғыш дара атуға қойылса, ағытқыш құйрықшаны басқан кезде тек бір ғана оқ атылады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті босатып, оны қайта басу керек.





.

V Жаңа тақырыпты бекіту:

«Калашников автоматы жəне қол оқшашарының қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы жəне жұмыс істеуі» деректі фильм»

Бекіту сұрақтары:

1. Қару-жарақты жəне оқ-дəрілерді қолдану бойынша негізгі қауіпсіз дік ережелерін атаңдар.

2. АК-74 автоматының қолданылуы жəне ұрыстық сипаттамасы туралы айтыңдар.

3.. РПК-74 қол оқшашарының қолданылуы жəне ұрыстық сипаттамасы туралы айтыңдар.

4. Қол оқшашары мен автоматтың құрылымында қандай айырмаш ы- лықтар бар?

5. Автоматтың жұмыс істеу қағидатын түсіндіріңдер.

6. Плакаттағы, оқулықтағы суреттерді немесе Калашников авто- ма тының макетін қолданып, оның негізгі бөлшектері мен меха- низмдерін көрсетіңдер жəне атаңдар.


VI Сабақты қорытындылау,рефлексия

1. Калашников автоматы мен пулеметі не үшін арналған?

2. автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар

3. Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделген?


Сипатттамасы

АК-74

РПК-74

1

Калибрі



2

Көздеу қашықтығы



3

«Кеуделік» фигура бойынша тура ату қашықтығы



4

«Жүгірмелі» фигура бойынша тура ату қашықтығы



5

Атыс қарқны



6

Кезекпен ату кезіндегі ұрыстық ату жылдамдығы



7

1 минутта жеке атыспен ату кезіндегі ұрыстық ату жылдамдығы



8

Қару салмағы ( сүңгі пышақсыз)



9

Оқжатардың сиымдылығы





VІI. Баға қою.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау, ескерту жасау.


578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!