Материалдар / Ашық сабақ Кейп. Бөлшектерді пішу.

Ашық сабақ Кейп. Бөлшектерді пішу.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қарапайым геометриялық фигуралардан құралған "Fast cloth" сәнді киім дизайны. Пончо, кейп, туника" тақырыптарын өту барысында 9 сынып ұстаздарына керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
962
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Қарапайым геометриялық фигуралардан құралған "Fast cloth" сәнді киім дизайны. Пончо, кейп, туника.

Кейп. Бөлшектерді пішу.

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына

сілтеме)

9.2.3.1-Бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтау, таңдау мен қолдану.

9.2.3.2-Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі бұйым жасау.

Сабақ

мақсаттары

Бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтайды, таңдайды, қолданады.

Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі бұйым пішеді.

Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды, конструкция түрлерін зерттейді және сипаттайды.

Бағалау

критерийлері

Бұйым өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтады, таңдады, қолданды.

Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі бұйым пішті.

Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды, конструкция түрлерін зерттеді және сипаттады.

Тілдік мақсаттар

"Fast cloth"- жылдам дайындалатын киім - быстрая одежда

Cape (ағыл) – кейп ағылшын киімдері

Poncho(испанша)- пончо –Латин Америкасы киімдері

Tunica - туника - ертедегі Рим әскерінің киімі

Шеңбер,төртбұрыш,трапеция, жамылғы, кейп -трансформер

  • Қалай ойлайсыздар, пончо деген не?

  • Пончоны алғаш қай ел пайдалана бастады?

  • «Кейп» сөзі сіздерге таныс па?

  • Туника деген не?

  • Қазіргі кезде бұл киім түрі қалай қолданылады?

-- пончо немесе кейп, туника мата мөлшері;

-- пончо немесе кейп, туника материалдары;

- -- пончо, кейп, туника аксессуарлары;

Жаһандылық

Киім өнімдері, жасалуы жайлы тарихи дереккөздер. Әлемдік сән көрсетілімдері.

Пәнаралық байланыс

Тарих, геометрия

АКТ дағдылары

Оқушылар өзіндік жұмыс барысында ғаламтор қорларын пайдаланады.

Бастапқы білім.

Алдыңғы сабақтарда алған білімдері.



Сабақ барысы

Сабқтың жоспарланған кезіңдері

Сабақта жоспарланған іс-ірекет

қорлар

Сабақ басы











Сабақтың жоспарымен таныстыру.

Сабақ барысындағы мақсаттар мен іс-әрекеттерді айқындау.


  1. Киім тарихы, қолданылуы. (3оқушы пончо, кейп, тунико туралы мағлұмат береді)

Пончо- Poncho(испанша)- үлкен тік бұрышты немесе шеңбер матаның ортасында басқа арналған орны бар латиноамерикандық дәстүрлі сырт киім. Алғаш рет пончо Мапуче (Патагония) Үнді тайпасында испандық иеліктің дәуіріне дейін пайда болды деп саналады. Модельерлер XX ғасырдың 60-шы жылдарында Оңтүстік Америка киімінің осы дәстүрлі атрибутын үлгі қылып алды. Пончоның заманауи нұсқасының алғашқы түпнұсқасымен ортақ белгілері қалмады. Мүмкін, өзгермегені тек басқа арналған орны және жеңдердің болмауы сақталған.


Кейпті ағылшын тілінен аударғанда «cape» - бұл жамылғының дәл өзі. Кейптің ерекшелігі қарапайым жеңдердің орнына иықтың нақты сызығы және қол кесіктері. Ол Викториан Англиясында пайда болды, ал уақыт өте келе бүкіл әлемге тарады. Модельерлер кейпті 20-шы және 60-шы жылдардың сәнді көріністерінде, сондай-ақ соңғы бірнеше жылдар бойы пайдаланып келеді.


Tunica - туника - ертедегі Рим легионерлерінің киімі,пончодан айырмашылығы екі жанында тігісі бар.


  1. Миға шабуыл

  • Қалай ойлайсыздар, пончо деген не?

  • Пончоны алғаш қай ел пайдалана бастады?

  • «Кейп» сөзі сіздерге таныс па?

  • Қазіргі кезде бұл киім түрі қалай қолданылады?

-- пончо немесе кейп мата мөлшері;

-- пончо немесе кейп материалдары;

1. Тарихы мен қолданылуы.

2. Миға шабуыл пончо, кейп, аксессуарлары;

  1. Интернеттен алынған суреттер бойынше білімдерін айқындау үшін тапсырма.

  2. Венн диаграммасы. Кейп, пончо

Интернеттен алынған суреттер







Суреттер жаймасы

Венн диаграммасы

Сабақ ортасы


Практикалық бөлім.

  1. Пончо және кейп сызбасына керекті өлшемдер.



  1. Шеңбер, төртбұрыш, трапецияларда кейп, пончоны бейнелеу.

  2. Кейп, пончоның сызбасын түсіндіру.


Оқушылар топтарда көркем материалдарды пайдалана отырып, пончо және кейп үлгісін жасап ,оларды пішеді.

Жұқа жібек, тоқымадан бастап жадағай матасы, флис, драпқа дейінгі кез келген матаны пайдалана беруге болады. Сурет пен нақыштардың да өзіндік орны бар.

Маусымдық жамылғы тіккілерің келсе, оның материалы мен орындау түрін таңцауда шектеу қойылмайды. Мата не тоқыма бүрмелеуге ыңғайлы болып, созылмайтын болса болғаны. Тығыз тоқылған материал, астарлық, түрлі вискоза не драп мата да жарай береді.

Көктем мен күз маусымында киюге арналған пончо не кейптің жұмсақ, түкті жүн матадан жасалғаны ыңғайлы болады.

Жаздық пончо мен туниканы үлпілдек, жеңіл матадан тіккен жөн.

Кейптер әртүрлі мақсатта қолданылуы мүмкін, сондықтан оларды дайындауға сәнді, қымбат маталар, пальто және жадагайга (плащ) арналған материалдар пайдаланылады.

Салтанатты киім түрін толықтыратын кейп шілтер, атлас, жібек, тері және т.б. тігілуі мүмкін.

Кейп түріндегі пальто тігу үшін кашемир, твид, драп және шуғаның (сукно) түрлері қолданылады


Пончо, кейп, туника дайындауға қажет мата мөлшерін есептеу

Пончо, кейп, туника тігуге қажетті мата мөлшері матаның ені мен моделіне байланысты. Әдетте маталардың ені 90, 110, 140, ал кейде 160 см болады. Матадан екі ұзындық алу қажет, яғни

2 Бұ + 15...20 см, ал егер матаның ені 140 см болса, бір ұзындық -Бұ + 15...20 сантиметр қажет. Сәндеу үшін шеттік, жиек, кесте, шілтер, жапсырманы және т.б. қолдануға болады.


  1. Үлгі бойынша түсіндіру. Тігіске қосымша, өңір асты қалай пішіледі?

Кейп жилет трансформер

Picture 13


  1. Оқушылар үлгі бойынша пішеді.

Өңірасты бірге және бөлек пішілген киім жаймасы


Рисунок 2








СМ лента






Шеңбер, төртбұрыш, трапеция қағаздар



















Флипчарт, фломастер, маркерлер

түрлі түсті қарындаштар,






















Мата ,үлгі, бор,қайшы






Сабақ соңы


10. Нәтижені өзара бағалау. Оқушылар өз жұмысын таныстырады. Оқушылар топтарда кейп пен пончоның суреттерін өз бетінше қарап, олардың тиімділігі мен тиімсіздігін, ыңғайлылығы мен ыңғайсыздығын талдайды


Оқушылар талдайды

Рефлексия

11. Сабақтың қорытындысын шығару.

  • Нені жақсы орындай алмадыңыз?

  • Нәтижені жақсарту үшін не істеу керек?

  • Сабақта қандай қиындықтарға тап болдыңыз және неге?

  • Бүгінгі сабақ жайлы пікіріңіз қандай ?

Жеміс ағашы

Дифференциация

Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Шығармашылығы жағынан қабілетіне қарай оқушылар пончо мен кейптің дизайнерлік шешімдегі нұсқасымен жұмыс жасайды.

Оқушы өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалайды.

Оқушылар өз сыныптастарының тапсырманы қаншалықты жақсы орындағаны туралы ауызша пікір айтады

Практикалық жұмыс жасаған кезде оқушылар қауіпсідік техникасын сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспетісі жақсы болды (оқыту және оқу жайлы еске алыңыз)?.

1:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ