400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Кел, ойнайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал түзете-дамыту орталығындағы мамандарына арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагог-психолог: Алтаева Аида Диханқызы

Баланың аты-жөні, жасы, аңғарымы:

  1. 3 жастағы ұл бала - Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуының белгілері. Коммуникативтік бұзылыстарға байланысты сөйлеу тілінің ерекше дамуы.

  2. 3 жастағы қыз бала - Психикалық дамуының тежелуі. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының Ι деңгейі

Ашық сабақтың тақырыбы: Кел, ойнайық!

Сабақтың мақсаты:

  • Ойын ойнау арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамыту.

  • Нұсқау бойынша ойнауға дағдыландыру;

  • Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы танымдық қабілеттерін (ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейін) түзете отырып дамыту;

  • Ұсақ қол моторикасы дамыту

  • Топ ішіндегі қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру;

  • Жеке эмоциялық өрісін тұрақтандыру.;

  • Ойын ойнау барысында қасындағы баламен қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • Ойын арқылы қоршаған ортасын танып білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Жұмыстың түрі: Шағын топтық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын, әңгімелесу, сұрақ-жауап, бақылау.

Кешенді сабақ: Психология, дефектология, логопедия, ЕДШ.

Көрнекі-құралдар: Ойыншықтар, суретті карточкалар, массажды қолғаптар, қоңырау, дәнді дақыл, қағаздан жасалған жұлдызқұрт пен күннің бейнесі, үлкен қасық, пластмассалық ыдыстар, эмоция бейнеленген суреттер, айналар, қайшы.



Ι Ұйымдастыру кезеңі

Баламен сәлемдесу.

Көңіл-күйін, ауа-райын, жыл мезгілін, ай аттарын сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы баланың қызығушылығын оятып, назарын сабаққа аудару.


IΙ Негізгі бөлім. Жаңа сабақ

  • Жаңа тақырып жарияланады (бөлме ішіндегі заттармен жаңа сабақтың тақырыбы байланыстырылады)

  • Дидактикалық ойын

«Эмоцияны таны»

Мақсаты: Баланың суреттер арқылы эмоция түрлерін ажырату, эмоцияны бет бұлшықеттері арқылы көрсете алуы.

Барысы: Маман смайликтерді көрсетеді, балаға суреттер беріледі, сол суреттердің ішінен смайликтерге ұқсас суретті тауып, өзі көрсетеді.

  • Нейрогимнастика бойынша тапсырмалар қатары

«Кедергілерден өту»

Мақсаты: Мидың екі жарты шарын, ұсақ қол моторикасын дамыту, тыныс алуға үйрету.

  1. «Дәндерді сал» - Ұсақ қол моторикасына арналған жаттығу

  2. «Массажды алақан» - Танымдық қабілеттерге арналған жаттығу

  3. «Күнге үрле» - Тыныс алуға арналған жаттығу

  4. «Жылдам саусақтар» - Мидың екі жарты шарын дамытуға арналған жаттығу

  5. «Жұлдызқұртқа көмектес!» - Тыныс алуға арналған жаттығу

  6. «Жұбын тап» - Екі қолмен бірдей орындауға арналған жаттығу




  • Сергіту сәті

Мақсаты: Баланың тапсырмаларды орындау кезінде шаршағандарын басу, көңілдерін көтеру


  • Дидактикалық ойындар

«Шаштараз»

Мақсаты: Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту, қайшы ұстай алу дағдысын қалыптастыру, қиялын дамыту.

Барысы: Балаға қағаздан шаштар беріледі. Қайшымен шаштарды қиып, шаш үлгісін жасауға тырысады.


«Аяқталмаған суреттер»

Мақсаты: Баланың танымдық қабілеттерін дамыту. Шығармашылығын дамыту.

Барысы: А3 форматта балаға жартылай салынған сурет беріледі. Бала суретті үлгіге қарап аяқтайды.



  • Қимыл-қозғалыс ойыны

«Мен сияқты жаса»

Мақсаты: Көріп қайталау дағдысын қалыптастыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Барысы: Маман ойыншық арқылы қимылдарды көрсетеді. Бала сол қимылдарды дәлме-дәл қайталау керек.



III Сабақты қорытындылау

  • Сұрақ-жауап арқылы өтілген сабақты қорытындылау

  • Балаларды мадақтау

  • Сабақ соңында шығармашылығын арттыруға арналған сыйлық беру

IV Үйге тапсырма

Боямақтың ішіндегі суреттерді бояп келу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
17.05.2024
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі