Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық
картасы
Тәрбиеші: Мухамбеткалиева Гулим
Сансызбаевна
Білім беру
саласы: «Таным».
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы: «Тар және кең
жолдар».
Мақсаты: Балаларды тар және кең
ұығмдарымен таныстыру, құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге,
олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға және педагогтің
ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс
орналастыру білуге дағдыландыру, ұқыпты жұмыс жасай алуға
тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс-
әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеттері
|
Мотивациялық
қозғаушылық.
|
Тәрбиеші балаларды бірінің артынан бірін қатарға
тұрғызып, «Пойыз» ойынын ойнатады. Балалардың белсенді
қимыл-қозғалыс жасауына назар аударады.
|
Балалар бірінің белінен бірі ұстап қатармен жүру
арқылы екі рет шеңбер жасап айналып келіп, орындарына
отырады.
|
Ұйымдастыру
іздестіру.
|
Орындарына отырған соң, тәрбиеші
балалардың назарын өзінің алдындағы құрылыс
материалдарына
аударады. Олардың түстерін, көлемін, пішінін
сұрайды. Жіңішке және жалпақ жолақ қағаздарды көрсетіп, түстерін
сұрап, бұл-«жол болады»деп
түсіндіреді. Ол үшін міне, мына ойыншық құлыншақ ол жолмен
қалай жүреді екен, сендер қарап көріңдер,деп өзінің алдындағы
жіңішке жолақ қағаздың үстімен жүргізіп
көрсетеді.
Бір
баланы шақырып, екінші жолақ қағазға құлыншақты жүргізіп көрсетуін
сұрайды. Енді бұл жолды құрылыс материалдарымен жасап көрейік деп
кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп қою арқылы тар жол жасап
көрсетеді. (Жіңішке жолақтың үстіне қояды). Үлкен ойыншықты кең
жолмен, кіші ойыншықты тар жолмен жүргізуге болатынын балалар
өздері ойлануға бағыт береді.
|
Текшелер, кірпіштер,
Қызыл, жасыл, көк
Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап
береді.
Бала жолақтың үстімен құлыншақты
жүргізеді
Әр
бала өзінің қолындағы ойыншығына сәйкес «кең» немесе «тар»жол
құрастырады.
|
Рефлексиялық-
түзетушілік
|
Енді екінші кең жол жасау үшін жалпақ кірпіштерді
пайдаланамыз. Олүшін бірінші кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп
қоямыз. (5 кірпішті)
«Тар және кең
жолдар»ойыны.
Балаларға өздері «тар» және «кең» жолдар
құрастыру үшін құрылыс материалдары, құлыншақ ойыншықтарын тәрбиеші
таратып береді.
Тәрбиеші әр баланың құрастыру іс-әрекетіне көңіл
бөліп, өздері қандай жол жасағанын айтып беруді өтінеді. Түсі,
пішіні, көлемін және кеңістікте қалай орналастырғанына мән береді.
Жақсы жасаған балалардың құрылыстарын
мадақтайды.
|
Балалар құлыншақ жолдың үстімен жүргізіп
көреді.
Балалар өздерінің алдыларындағы құрылыс
матеиалдарынан «тар» жол құрастырады.
Құрылыс материалдарынан «кең»жол
құрастырады.
Олар өздері жасаған жолдарымен құлыншақты
жүргізіп ойнайды, жолдың тр немесе кең екенін айтып
береді.
«Кең», «тар»ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті
қайталап, өздерінің қандай жол жасағанын айтып
береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін
ажырата алуды.
Түсінеді
: «кең», «тар» ұғымдарын және оны іс-әрекет
барысында көрсете алдуы.
Қолданады: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда
оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орналастыра білуге
дағдыланады.