Материалдар / Ашық сабақ "Кеплер заңдары" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Кеплер заңдары" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал 9 сыныпқа физика пәнінен сабақ беретін барлық мұғалімдерге керек дүние. 9 сыныпта Астрономия аспан денелері деген бөлімде Кеплер заңдары туралы сабағымды салып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1684
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үбжанова Гүлнұр Бисенбиевна Тәжірибелік рефлексия Рефлексиялық есеп 01-01-2017 06-05-2017 жыл

САБАҚ: §45. Кеплер заңдары.§46. Күн жүйесі денесіне дейінгі арақашықтықты анықтау


Мектеп: Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп

Күні: 24.04.2017

Мұғалімнің есімі:Үбжанова Гүлнұр

СЫНЫП: 9а,9ә

Қатысқандар саны:

9ә=16

9а=15

Қатыспағандар саны: 9а=15

9ә=16

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылар Кеплер заңдарымен, Күн жүйесіне дейінгі арақашықтықты анықтау тәсілдерімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Кеплер заңдарымен есептер шығаруды, астрономиядағы қашықтықты анықтаудың әдіс-тәсілдерімен танысады.

Кейбір

Есептер шығарып біледі.

Күтілетін нәтиже

Күнге қатысты планеталар қозғалысының 3 заңымен, астрономияда қашықтықты өлшеу әдістерімен танысады. Бірін бірі бағалай біледі.

Пәнаралық байланыс

Георафия, математика, технология, музыка

Алдыңғы тақырып

§42. Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы. §43. Жергілікті белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. §44. Күнтізбе

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

10 мин

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгендеу

1.4. Өткен тақырып бойынша дайындаған жұмыстар





АКТ, макет т.б.

Ортасы

30 мин

Сөзжұмбақ шешу арқылы топқа бөлу. (Кеплер, арақашықтық) 2 топқа бөлінеді).

1. Кеплер тобы

1. 4 жылда бір келетін ай(кәбиса)

2. аспан сферасының тәуліктік айналуының көрінісі бақылаушы орнының геогрфиялық ... байланысты.(ендік)

3. ... сферада тек бұрыштық қашықтықтар өлшенеді (аспан)

4. аспан сферасының элементтерінің бірі(жұлдыз)

5. Жарық өлшегіш аспап(фотометр)

6. Ең жарық жұлдыз (сириус)

2. Арақашықтық тобы

1. Күнделікті өмірде белдеулік ... қолданады (уақыт)

2. қазақша жұлдыз атауы (үркер)

3. 1603 ж. әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды грек алфавитімен таңбалауды ұсынған ғалым(Байер)

4. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі (шоқжұлдыз)

5. 19 ғасырдың ортасында жұлдыздық шаманың осы заманғы шкаласын ұсынған ағылшын астрономы (Норман)

6. Бұл жұлдыз Ақбозатпен Көкбозатты Жетіқарақшыға алдырмай күзетеді (күзетші)

7. ең көне күнтізбе (мысыр)

8. жұлдыздардың көрінерлік жаарықтылығысандық тұрғыдан ... шамамен сипатталады. (жұлдыздық)

9. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі (күнтізбе)

10. Қамбар жұлдызының баламасыс(арыстан)

11. Түркі халықтарының көпшілігінде шөміш тәріздес пішін құрайтын 7 жұлдыз (7қарақшы)

  1. Топтық жұмыс (10 минут) постер қорғау

1 топқа: : §45. Кеплер заңдары.

2 топқа: .§46. Күн жүйесі денесіне дейінгі арақашықтықты анықтау

  1. Жеке жұмыс

Есеп шығару. Оқулықтағы 35 жаттығу

  1. Сергіту

  2. Жұптық жұмыс

Техникалық диктант

Күнге қатысты планеталар қозғалысының ... заңын ... жолмен ... ғасырдың басында ... астрономы ... ... қорытып шығарған.

  1. Әрбір планета, фокустарының бірінде ... тұратын, ... бойынша қозғалады.

Ұйытқымаған қозғалыстағы қозғалушы дененің ..., екінші реттік қисық-..., ... немесе гипербола болады.

  1. Планетаның радиус-векторы тең уақыт аралықтарында тең... сызады. Бұл заңның екінші тұжырымдамасы: планетаның секторлық ... тұрақты.

  2. Күн айналасындағы екі планетаның айналу... квадраттарының қатынасы, олардың ... орбиталарының үлкен жарты ... кубтарының ... тең. Бұл заң алдыңғы екі заңнан ерекшелігі ол тек ... орбитаға ғана ....

2 топқа:

  1. Астрономияда өте алыстағы ... денелеріне дейінгі қашықтықты өлшеу үшін ... ... әдісі қолданылады. Әдіс ... орналасқан ... нүктеден бірмезгілде ... негізделген. Бақылау нүктелерінің арақашықтығы ... деп, ал бақыланатын шырақтан ...көрінетін бұрыш ... деп аталады. Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтау үшін ... ретінде ... алынады. Формула бойынша шыраққа дейінгі қашықтық ... параллакс бұрышының ... қатынасына тең.

  2. Қазір кейбір ... денелеріне дейінгі қашықтықты анықтауда ... әдістеріпайдаланады: ... планетаға жібереді, ... одан шағыладыда қабылдау ... тіркеледі. Сигналдың барып келу ... біле отырып, планетаға дейінгі ... формуласын жаз...

Мұндағы с-...

Сөзжұмбақ



А3, маркер, А4,





















































А3, маркер, А4,




Оқулық


Құм терапиясы


Таратпа бетшелер






Аяқталуы

5 мин

Рефлексия

  1. Ұнады,

  2. Орташа

  3. Ұнаған жоқ деген сұрақтар арқылы ауызша алынады.



Үй тапсырмасы





Бағалау


Лента, түйреуіш, күн макеті








§45. Кеплер заңдары.§46. Күн жүйесі денесіне дейінгі арақашықтықты

Анықтау

Бағалау бетшесі арқылы бағалау


Қосымша ақпарат










Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?













Бұл бағдарламаны оқып-үйреніп оны өз жұмысымда қолданып, мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түсінгендеймін. Мен осы курсқа келмей тұрып көбінесе жақсы оқитын балалармен жұмыс істейтінмін. Қалған оқушылар назардан тыс қалып отыратын. Осы курсқа келгеннен кейін сабақ беру тәсілдерім, бағалауға келгенде көзқарасым түбегейлі өзгерді деп айтуыма болады. Менің үш сабақты өзгертіп өткізгендегі байқағаным, ойлаудың алты деңгейі арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланып ойлау деңгейін арттыруға болады. Мұғалімнің реттеуші – бағыттаушы, жүйелеуші рөлі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, топтық жұмысын, өзара бағалау біліктілігін дамытуға ықпал етеді. Оқушының жауапкершілігі, белсенділігі, сөйлеу мәдениеті артады.

Сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастадым. Үйге берілген әртүрлі макеттерді дайындап әкелгенде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, ізденімпаздығы, ұйымшылдығы арта түсті. Жаңа сабақты ашу үшін өткен материалдарды қайталау мақсатында сұрақтар қою арқылы сөзжұмбақ шешкіздім. Оқу үрдісінде оқушыларға бұрын өткенді қайталай отырып, сол материалды үнемі жаңалай отыра басқа қырынан көрсете білді. Оқушылар ерекшеленген жолдан жаңа тақырыпты ашты.

ЖИГСО әдісі бойынша оқушылар екі топқа бөлінді. Тақырып бойынша постер қорғаттым. Постер қорғағанда оқушылар бірінен бірі асып түсіп, керемет қорғап шықты.

Келесі бөлімде сергіту сәтін пайдаландым. Сергіту сәті оқушылардың сабақтың алдында оқушының алдыңғы сабақтардан шаршағанын басып, сабаққа деген құлшынысын оятады және оқушылардың бір-бірімен, ынтымақтастықта жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды.

Күн жүйесімен байланыстырып мәтін оқып, оқушыларға құм терапиясын ұсындым. Осы кезде бұрынғы тұйық оқушыларымда белсене араласқанын байқадым. Жұптық жұмыстарды жасағандада оқушыларымның, тіпті сабақта селқос отыратын оқушылар бірігіп жұмыс жасады. Келесі бөлімде оқушылар техникалық диктант тапсырды.

Рефлекцияны күн макетіне лента тағу арқылы айтты. Сабақтың жақсы өткенін, болашақта осындай сабақтар бола берсе екен деген тілектер айтылып жатты.

Сонымен, жоғарыда аталған жеті модулдердің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндім. Қорытындылай келе, менің басты міндетім–рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті оқушыларды тәрбиелеу. Сыныбымдағы әр оқушының ойлау қабілеттері әр түрлі болғандықтан физика сабағында әр оқушының жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтарды өткізіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруым керек. Қорытындылай келе жақсы нәтижелерге қол жеткіздім, сондай-ақ сабақ барысында кемшіліктер де кездесті. Алдымен кемшіліктеріме тоқталатын болсам 45 минуттың ішіне барлық нәрсені қамтып үлгеруге тырыссам да уақытымның жетіспеуі. Кейбір оқушылардың тақырыпты түсінбеуі, өз ойына сенбеуі, сөздік қорының жетіспеуінен пікірлерін ашық айтуға жасқанушылық сияқты қиындықтар кездесті.

Аталған кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығып нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалімге алдымен мықты төзім мен шыдам керек, ең бастысы жаңа бағдарламаны жетік меңгеруі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың қызығушылығын ояту, уақытты тиімді пайдалануды үйрету, өз ойын ашық жасқанбай айтуға үйрету, топта жұмыс жасағанда өзгенің пікірімен санасуды, техникалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыруым керек деп ойлаймын. Енді жеткен жетістіктеріме келсем, дәстүрлі сабақ беру жүйесінен, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ беруге көштім. Оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға, сабаққа деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырдым. Осы аталған әдістердің арқасында шығармашылық қабілетті дамыту, көшбасшылықты анықтау, дарындылықты дамыту, еркін ойды айта білуге үйрету сияқты қабілеттерді оқушы бойында қалыптастыру болатын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!