Материалдар / Ашық сабақ "Киелі киіз үй" 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Киелі киіз үй" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныптарға Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2019
2403
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың
тақырыбы:

Киелі киіз үй

Күні:

Сыныбы: 7

Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары

7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат
бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.4.2.1. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпінннің мәнін
түсініп қолдану. Сабақ аяғында оқушылар киіз үй жабдықтарын біледі.
Сөйлеуде кідірісті дұрыс қолдануды үйренеді
1.Тыңдалған мәтіннің мазмұынын түсінеді.
2. Ұсынылған ақпаратты фактісі мен көзқрарастарын білдіреді.
3. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпінннің мәнін түсініп
қолданады.
4. Киіз үй жабдықтарын біледі
Оқушылар орындай алады: мәтініндегі мәселені түсінеді, мәтіндегі
негізгі ойды анықтай алады, қосымша ақпарат береді,
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: киіз үй, құтты, «Алтын
Орда», «Ақ Орда», «Көк Орда» , мекенжайы, баспанасы.т.б.

Сабақ мақсаттары
( критерийлер)

Тілдік мақсат:

Жоспарлан
ған уақыт
Ұйымдас
тыру
Басы
(Тыңдалым)
(Айтылым)

Ортасы
(Оқылым)
(жазылым)

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Оқшыларды түгелдеп, жағымда ахуал тудыру мақсатында бір- Оқушының бір
біріне мадақтау сөздер айтқызу, оқушыларды 2 топқа бөліп
затын алып, сол
отырғызу. Оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстыру
арқылы топқа бөлу
Мағына тану . Жұмбақ
Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды /кереге, уық, шаңырақ/.
Киіз үй дегеніміз не?
Киіз үй туралы не білесіңдер?
Қазіргі кезде қазақ үйді қолданамыз ба?
Қандай киіз үй түрлері бар? /6 қанатты, 8 қанатты т.б./ 5.
Мұғалім сөзі: Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш»,
«Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз
айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы.
1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, онда берілген
мәліметтерді кластер әдісімен түсіндіріңдер, пікірлеріңді
түйінді сөздермен қорытындылаңдар. Жанрлық ерекшелігін
ажыратыңдар.
Кері байланыс
Берілген жауаптар бойынша топтар бір-біріне кері
байланыс беріп отырады
Видео көрсету. 2-тапсырма. Киіз үй түрлері мен бөліктерін
«Түртіп алу» әдісімен жазып алыңдар. Ұсынылған деректерге
өз көзқарастарыңды білдіріңдер.
Әдеби тіл нормасы бойынша тақырып кідіріс.
1-топқа: Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі
допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған
қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп
ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.
Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды.

Жарайсыңдар!
Тамаша !
Өте жақсы!
Жақсы , бірақ....

Видео
Мәтіндер

Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті
қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін
білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,деді Ораз.
2-топқа:
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
- Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
- Қолым тимеді, ағай!
- Не істедің?
- Үй шаруасымен айналыстым.
- Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
- Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
- Мұғалім аяғандай болды.
- Отыра ғой, шырағым!- деді.
Ертеңіне Мұрат Оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң,
біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз
жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп
салыстық.
Кідіріс дегеніміз не?
Сөйлеуде қажетті жерінде жасалған кідірістің мңызы орасан
зор. Бұл- баяндама оқығанда ғана емес, күнделікті сөйлегенде
де ескеретін нәрсе. Ешбір кідірісссіз сөйлейтін болсақ,
сөздеріміз шұбырып, не айтқанымызды айыру қиын болады.
Ал керекті жерде жасалған кідіріс ойды айқын етеді. Кідірісті
дұрыс пайдаланғанда, негізгі ой тыңдаушының есінде жақсы
сақталады. Шарты белгісі –тік сызық, ұзақтығына қарай : /,
//,/// Кідірістің үш түрі бар:

Сергіту сәті
Соңы

Грамматикалық
Белгілі бір
грамматикалық
ережеге сәйкес
жасалады: Мысалы,
бірыңғай мүшелер,
құрмалас сөйлем
жігінде кідіріс
жасаймыз. Киіз үй /
тек баспана ғана
емес,, // ол/- сәулет,/
құрылыс,/ сурет,/
қолөнер сияқты
бірнеше өнердің
басын құрайтын
ғажайып туынды.///

Психологиялық
Мәтіннің мазмұнмағынасына,
кейіпкердің ісәрекетіне, көңіл
күйінің құбылуына
байланысты .
Мысалы, кеіпкер
қобалжығанда: Ағатай... // Біл...//
Білмей қалдым///

Логикалық
Сөйлемде
айтылатын ойға
қазық болып тұрған
сөздерді көтеріңкі
айтып, дауыс
кідірісі арқылы
жеткізуге болады.
Мысалы: Киіз
үйдің// пайдасы зор.

Видеоға қарап іс қимыл жасайды.
3-тапсырма. Оқылым мәтініндегі бірнеше сөйлемге кідіріс
белгісін (/,//,///) қойып жазыңдар.
Қорытынды сұрақтар:
1. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
2. Кереге қандай ағаштардан жасалады?
3. Киіз үйдегі қандай жасауларды білесіңдер?
4. Біздің құрметті Елтаңбамызда шаңырақ ненің

Сергіту видеосы
Мәтін

Дискриптор

белгісі?
Тест тапсырмасы
1.Киіз үйдің ағаш есігін не деп атайды?
А. сықырлауық Ә.Маңдайша
Б.Табалдырық
2. Шаңырақ киіз үйдің қандай бөлігі?
А. Ең төменгі бөлігі Ә.Ең жоғарғы бөлігі
Б.Ортаңғы бөл
3 .Киіз үйдің сүйегі қандай ағаштан жасалады?
А.Шыршадан
Ә.Ағаштан Б.Қайыңнан
Сабақ соңындағы оқушылар рефлексиясы:
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Киіз үйдің түрлерін біліп келу
1.Көтерілген басты мәселені анықтайды;
2. Ойын тиянақты, сенімді жеткізеді;
3. Мәтіндегі айтылатын ойды анықтайды, мәтіндегі ақпаратты
ажыратады;
4. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпінннің
мәнін түсініп қолданады.
5. Сабақ аяғында оқушылар киіз үй жабдықтарын біледі.
6. Сөйлеуде кідірісті дұрыс қолдануды үйренед?
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!