Материалдар / Ашық сабақ. «Кірпіштен және тастардан өрілген беттік қаланым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. «Кірпіштен және тастардан өрілген беттік қаланым»

Материал туралы қысқаша түсінік
ғимараттар мамандығында беретін оқытушыларға қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2018
1007
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"АКАДЕМИК С.А. ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ"

БІЛІМ МЕКЕМЕСІ




"Келісілді" "Бекітемін"

Директордың оқу-әдістемелік Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары

Р.А. Турмаханова _________ Ш.А.Дауленбаева

" " 2018ж "_ _"_________2018ж





АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: «Кірпіштен және тастардан өрілген беттік қаланым»


Өткізілетін күні: 02.05.2018ж

Өткізілген орны: 211 дәрісхана

Оқу тобы: Ғ-171

Курсы: 1

Жауапты оқытушы: Ш.Е.Назарова






"Арнайы пәндер" бірлестігінің жетекшісі Назарова Ш.Е







Байқоңыр қаласы, 2018 жыл

Сабақ тақырыбы: «Кірпіштен және тастардан өрілген беттік қаланым»


Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, студенттердің білімін пысықтау, құрылыстағы қаланымдарды ағымдық және күрделі жұмыстарының қызметтерін және айырмашылықтарын ажырата білу


Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.


Тәрбиелік мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Модульдік технология бойынша сабақ барысын ойын арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) студенттердің жаңа сабаққа өзіндік дайындықтарын көру

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ жауап слайдтары.

Сабақ барысы:

* Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдары



* Өткен сабақты пысықтау

Тас қалау кезінде жадығаттардың жұмсалу шығыны.

(мұғалім өткен сабақтан сұрақ қояды)



1.Тас материалдары мен ерітінділерінің түрлері, тас қалаудың жіктестіру

ережелері.

2. Тас жұмыстарының өндірісінің мөлшержинағы..

3. Қалау тәсілдері мен операция құрамдары.



Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері

Дара материалдардан тас қалау үймереттер мен ғимараттар құрылысының ең бір ежелгі және төзімді бекінген түрі болады. Дара тас материалдардын қолдану практикады қай кескін үйлесімі, әр түрлі сәулет формасы болса да, үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу және оларға монументтік, сәулеттік айқындық енгізуге мүмкіндік береді. Тас материалдардың бағалы қасиеттеріне беріктігі, ұзаққа шыдамдылығы, өртке төзгіштігі, табиғатта кең таралуы және қолдан жасауға болатын мүмкіншілігі жатады.

Тас жұмыстары ерітіндіге даралап тас төсеуден тұрады. Ерітінді жеке тастарды бір тұтасқа біріктіреді, олардың бірге жұмыс істеуін және күшті біркелкі беруін қамтамасыз етеді, жел өтуден және ылғал енуден қорғайды.

Тас қалау қолданатын тас материалдардың түріне байланысты табиғи және жасанды тастардан жасалған қалауға бөлінеді.

Сыртқы пішіндері дұрыс емес табиғи тастардан жасалған қалауды шой (бут) тастан, ал дөрекі, жартылай таза және таза өнделген тастардан жасалған қалауды шабылған тастан қалау деп атайды.

Жасанды тастардан жасалған қалау тұтас немесе қуыс кірпіштен әлде тастан орындалады. Балшықты күйдіріп жасаған кірпіштер күйдірілген, ал байланыстырғыш заттар негізінде дайындалғандар күйдірілмеген болады.

Тас жұмыстары негізгі және қосалқы процестердің кешені болады. Негізге жасанды немесе табиғи тастардан жасалған кірпішті ерітіндіге төсеу, ал қосалқыларға – төсеніштер орнату, материалдар әзірлеу, арматура салу және т.б. жатады.

Тас қалау процесіне келесі жұмыс операциялары кіреді: қатарлағыш орнату; қалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бау тарту, кірпіш еперу және оны қабырғаға жаю; қабырғаға ерітінді беру және оны сыртқы шек қатарына жаю; сыртқы шек қатарын қалау; ішкі қатары астына ерітінді жаю ішкі шек қатарын қалау; шойма астына ерітінді жаю; шойма қалау; қалаудың төселген қатарының дұрыстығын тексеру.







Жаңа сабақ тақырыбы: Кірпіштен және тастардан өрілген беттік қаланым.





Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) студенттердің жаңа сабаққа өзіндік дайындықтары

Қалау түрлері және қалау жұмыстарына қажет материалдар

Тас қалау табиғи және жасанды тастардан орындалады. Табиғи тас материалдар ретінде мыналарды қолданады: төсемді және жырымдалған шой тас (әк тас, доломит, құмдақ және басқа жыныстардан); қаптау және сәндік қалау үшін шабылған тастар; әк тастан, туфтан, ұлутастан және басқа жеңіл тау жыныстарынан араланған уақ тастар. Жасанды тастар ішінде ең кең таралу алғандары: кәдімгі балшық (толық денелі), кеуекті, қуыс және кеуекті – қуыс кірпіш; өң балшық және силикат кірпіші, қуыс керамикатастары; тесіктері және тесіп өткен үш қуысы бар жеңіл бетоннан жасалған уақ тастар.

Кәдімгі балшық (қызыл) кірпішті созымды немесе жартылай құрғақ сығымдап, кептіріп және күйдіріп (ГОСТ -530-80) балшықтан жасайды. Оның өлшемдері 250х120х65 мм, салмағы 3,5 кг-нан 3,8 кг-ға дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 75 болады, соншалық мына қысу беріктіктеріне сәйкес келеді 30; 25; 20 МПа және т.б. Кәдімгі кірпіштің 1м3 көлемдік массасы 1800 кг шамасында болады. Кірпіштің ең маңызды техникалық көрсеткіштеріне беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, су сіңіру жатады.

Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150 және 200 жәй (ізбес, цемент) және күрделі (цемент – ізбес, цемент – балшық) ерітінділермен жүргізіледі.

Цемент ерітінділерін беріктігіне және тұрақтылығына көтеріңкі талаптар қойылатын конструктивті элементтерді (діңгектер, күмбездер, үймереттердің төменгі қабаттарының аралық қабырғалары) тұрғызғанда және суға қаныққан топырақтарды қалау үшін қолданады.

Ізбес ерітінділерінде аз күш түсетін және құрғақ жағдайларда пайдаланатын қалау жүргізіледі.

Цемент – ізбес және цемент – балшық ерітінділері ең үлкен таралу алған. Оларды құрғақ және дымқыл жағдайларда жұмыс істейтін қалауға дағдылы күштер әсер ететінде қолданады.

Ерітінділер құрғақ күйіндегі тығыздығы бойынша тығыз толтырғыштарда дайындалған – ауыр (тығыздығы 1500 кг/м3 артық) және жеңіл толтырғыштардағы (шлак, пемза құмы және т.б.) жеңілдерге (тығыздығы 1500 кг/м3 кем) бөлінеді.

Аязға төзімділігі бойынша ерітінділер мына маркаларға бөлінеді: 10; 15; 25; 35; 100; 150; 200 және 300.

Тас қалауының ерітінділері берілген маркадан басқа созымды және жақсы су ұстайьын қабілетті болу керек. Ерітіндінің қажетті жеңіл төселуі байланастырғыштың, судың және қосымшалардың мөлшерімен реттеледі.Ерітінділер ерітінді – бетон араластырғыш зауыдтарда және қондырғыларда (тораптарда) дайындалады. Орталықтандырылған кәчіпорындарынан әкелінген ерітінділердің әр тобында дайындалған күні және уақыты, маркасы, жылжымалығы, ал құрғақ қоспалар үшін 1% - тен аспайьын нақты дымқылдығы көрсетілген паспорт болу керек.

Қолданатын тас түріне байланысты қалаудан келесі түрлері болады: сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастардан – шой тастан қалау; фундаметтер, үй асты қабырғаларын, биік емес үймереттерді, тірек қабырғаларды және оған тастар батырылған – шой бетонды қалау; қабырғалары, діңгектер, аркалар, күмбездер және т.б. тұрғызу үшін кәдімгі толық денелі, кеуекті, қуыс, кеуекті – қуыс немесе силикат кірпіштен жасалған – біріңғай кірпіштен қалау; сыртқы қабырғаларды тұрғызу үшін кірпіштен тұрғызу үшін кірпіштен және жылу өткізбейтін материалдардан жасалған – жеңілдетілген қалау; қабырғалар және діңгектер құру үшін керамика, жеңіл бетон және пішіні дұрыс табиғи тастардан жасалған – ұсақ блокты қалау; жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін түзілістерді қаптау және қалау үшін шамотты, магнезиалы, көміртекті және кірпіштің басқа түрлерінен жасалған – отқа төзімді қалау.

Сырты қаланбасы іріктелеп боялған немесе факторландырылған кірпіштен қаланып,жапсарлары мәнерлеп сығылған қаланымды беттік қаланым деп атайды.

Мұндай қаланым қасбетті өрудің ең кең таралған түрі.

Қасбетте жарық көлеңкесін жасау үшін кірпіштерді қабырғаның жазығына бұрыш етіп қалайды. Кірпіштердің бір бөлігін жалпағынан жатқызып қалайды,ал басқа бір бөлігін қырынан қалап,сыртқа шығатын кірпішті шахмат тәртібімен орналастырады. Қаптау үшін керамикалық беттік кірпіштерді және беті тегіс бедерлі және факторландырылған тастарды,боялған силикат кірпіштерді және силикат тастарды қолданады.

Кірпіш қалауының көлденең жіктерінің орташа қалыңдығы 12, ал тіктердікі 10 мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10 – 15 мм шегінде, ал тіктердікі 8 – ден 15 мм – ге дейін болуы мүмкін.







Қорытындылау.

  • Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:

  • Қаланымды байланыстыру жүйесі?

  • Көп қатарлы байланыстыру?

Жұмыстан қорытынды шығару.

  • Топ қалай жұмыс істеді. Студенттер қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай студент ерекше тырысты. Студенттерді салыстырмалы түрде бағалау.

Үйге тапсырма беру.

  • Түтін шығатын мұржаларды қандай кірпіштермен қалайтынын зертеу.

  • Қабырғаларды қалау кезіндегі қаптау әдісі.















Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Б.Д. Дүрманов "Құрылысшы" оқулық « Көркем» Баспа үйі»Қызылорда,2015ж.

  2. И.И.Ищенко Каменные работы.1993г.

  3. Ж.К.Буртаев – Технология стройтельных работ. 1991г.

  4. Филимонов П.И. Молодой каменщик. 1992г

  5. Ф.Әбдішүкір.Хамзин С. «Құрылыс материалдары» Оқу құралы 2 басылым «Фолиант»баспасы Астана,2011ж

  6. С.Хамзин «Құрылыс өндірісінің ұйымдастыруы мен технологиясы» Оқу құралы 2 басылым-Астана:Фолиант, 2010ж

5. Youtube сайтынан видеолар алынған





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!