Ашық сабақ "Көгілдір көктем"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Көгілдір көктем"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың санасында табиғатта көктемде болатын құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы айтып өту, байқампаздығын дамыту. Көктемде табиғаттың оянуына, оны қызықтауға деген ынтасын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Белес МББК КММ











Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті







Өткізген: Мамбетказиева Г.Т.











Белес - 2022

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Көгілдір көктем

Смарт мақсаты: балалардың санасында табиғатта көктемде болатын құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы айтып өту, байқампаздығын дамыту. Көктемде табиғаттың оянуына, оны қызықтауға деген ынтасын ояту.
Қажетті материалдар: қар, ыдыс, суреттер, үлестірмелі материалдар, желім, дайын үлгі.

Қостілдік компонент: көктем весна, қар снег, құс птица.
Сөздік жұмыс: сурет бойынша әңгімелеу.

Оқу іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Көңілді көктем мезгіліне сай әуен орындалады.

Балалармен шаттық шеңберін орындау.

Табиғатым тамаша.

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса

Сәлем саған жер ана,

Сәлем саған нұрлы күн!
Балалар жағдаятқа қызығушылық танытады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

Табиғатым тамаша.

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса

Сәлем саған жер ана,

Сәлем саған нұрлы күн!



Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Көгілдір көктем. Балалар мен сендерге сұрақтар қоямын, ал сендер жауап беруге дайынсыңдар ма?

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Көктем мезгілінің ай аттарын атайық?

- Көктемде табиғатта тағы қандай өзгерістер болатынын сұрайды. Балалар ойларын ортаға салады. Балалармен бірге қайталау.Күн жылынады, жылғалардан су ағады,ағаштар бүршік жарады, адамдар бұрынғыдан жеңіл, жұқалау киім киеді. Алғашқы бәйшешектер гүлдеді, көңілді көктем мерекесі де келіп жетті.

Кері байланыс суреттер арқылы алған білімдерін бекіту. Балаларды тақтаға шығарып сұрау.

Зерттеу жұмысы:

Қар. Қар қарайып, ластанып, түйіршіктеніп кетті. Күн түскенде ериді.

Көлеңке жерлерде, салқын жерде қар əлі жатыр. Ал күннің көзі түсетін жерлерде қар еріп кетті.


Қарды алып ыдысқы салады, терезенің алдына күннің көзіне қояды, ҰОҚ аяғында қардың ерігенін балаларға бақылатады.

Қар/мұз қай жерде тез еріп кетеді? Неге?

АКТ арқылы балаларға көктем мезгілінде болатын маусымдық өзгерістер туралы әңгімелеу.

Күн. Балалар көктемде күннің жылынатынын байқадық. Қолғабыңды

шешіп, сырт киіміңнің түймесін ағытып тастағың келеді. Күн ерте шығып,

адамдарды оятады. Таңертең тұрғанда күн жап-жарық болады. Яғни түн қысқарып, күн ұзарды деген сөз.


Сүңгілер. Шатырдың астында мұз сүңгілерінен су тамшылап тұр. Тамшының

дыбысын естуге болады, шатырдың үстіндегі қар еріп осындай сүңгілерге айналды. Қыста сүңгі аз болатын,енді көбейді.


Шалшық су. Көктемде əр жерде шалшық сулар пайда болады. Таңертең олардың беті қаймақтанып, жұқа мұз қабаты жауып

жатады. Мұзды таяқпен түртіп қалсаң сынып кетеді. Астынан су шығады. Күндіз шалшық сулар еріп жатады.


Аспан. Көктемде аспанның түсі ашықкөк түсті, болады. Ал қыста ол сұр болатын. Аспандағы бұлттар бірде қатты жөңкілесе, бірде ақырын жылжиды. Неге олай? Бұл – желдің күшіне байланысты нəрсе. Қатты жел бұлтты айдап əкетеді. Ауадан көктемнің исі шығады.


Құстар. Суықторғай, сарышымшық, тоқылдақтар жемсауытқа келмейтін болды. Неге? Себебі күн жылынды.

Сергіту сәті. Музыка әуенімен орындау.

Ары қарай жұмыс мен сендерге тапсырма беремін сол тапсырмаларды орындаймыз.

Дидактикалық ойын: «Суретті жалғастыр»

Балалардың тапсырманы орындау барысын қадағалау.

Жақсы.





Балалардың жауабы.














Зерттеу жұмысына қызығушылық танытады.













АКТ ға мұқият қарайды, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.































Сергіту сәтін орындайды.


Ойынға қызыға қатысып, тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық- түзетушілік

Балалардың сабақты түсінгенін смайликтер беру арқылы түсінген түсінбегенін анықтау.

Жақсы балалар осымен сабағымыз аяқталды, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар өз өздеріне баға береді.

Балалар мадақтауға риза болады.


Күтілетін нәтиже:

Балалардың білуі: Көктемде болатын табиғаттағы маусымдық өзгерістер жөнінде түсінік білді.

Балалардың меңгеруі: Көктемгі маусымдық өзгерістерді ажырата алады. Балалар берілген сұрақтарға сыни ойлау арқылы жауап беруді меңгерді.

Балалардың жасай алуы: өз бетімен берілген тапсырмаларды орындай алады. Сұрақтарға толық жауап бере алады, табиғатты аялап, қорғай алады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2022
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі