Сыныбы:
5 Пәні:
Технология
Тақырыбы: Көкөністердің
маңызы. Көкөністерден салат дайындау
Мақсаты:
Білімділік:оқушыларды көкөніс
құрамындағы дәрумендермен таныстыру.Емдік,пайдалы қасиеттері туралы
білуге баулу,салат түрін жасап үйрету.
Дамытушылығы: көкөніс туралы білімдерін
қолдану,турау шеберлігін дамыту,көкөністерді түрлі формада турауды
үйрету.
Тәрбиелік:ізденімпаздыққаұқыптылыққа,ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын
қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: сайыс сабақ
Әдісі:
СТО
әдістері, сұрақ-жауап,ой қозғау
Көрнекілігі: Слайд,салат жасауға қажетті
ыдыстар, нұсқау карта.
Сабақ
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі: Сабаққа
дайындық.
Топқа бөлу І топ «
Көкөністер»
ІІ топ
«Жемістер»
Оқушыларға сабақ сайыс түрінде
өтетінің хабарлап, сайыс кезендерімен таныстыру.
І кезең:
«Кім жылдам»
ІІ кезең:
«Ойлы болсаң ,озып көр»
ІІІ
кезең: «Ой ұшқырлығы»
ІY кезең:
«Топ басшылар сайысы»
V кезең: «Салат әзірлей білу де
өнер»
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу,топ атымен
таныстыру.
І
кезең: «Кім жылдам» Үйге берілген тапсырманы
сұрау.2топқа бірдей сұрақтар беріледі.Дұрыс жауап берген оқушыларға
жұлдызша беріледі.
1.Көкөністерді нелер жатады?
2.Көкөністер не үшін қажет?
3.Салат
дайындағанда көкөністердің қалай пайдалануға
болады?
4. Тамыр
жемістілерді ата
5.Көкөністерді алғашқы өңдеу деген не?
6.Көкөністерді турау түрлері.
ІІ
кезең: «Ойлы болсаң ,озып көр»
Математикалық ойын.
Шарты:берілген санның орнына әріптер қойып сөздер
құрастыру.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
л
|
р
|
і
|
м
|
ы
|
с
|
б
|
қ
|
ә
|
т
|
ш
|
з
|
а
|
І.
6.13.1.13.10(салат)
ІІ.
8.5.12.5.1.11.13(қызылша)
ІІІ.
8.5.12.13.3.13.8(қызанақ)
ІV.
6.9.7.3.12(сәбіз)
V.
6.13.2.5.4.6.13.8.(сарымсақ)
ІІІ
кезең: «Ой ұшқырлығы»
Адам
ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді.оның ішңнде көкөніс
пенжеміс-жидектердің пайдасы өте мол. Көкөністердің маңызы
туралы мағлұматтар оқып келуге тапсырма
берілген.(Слайд)
ІY
кезең: «Топ басшылар сайысы»
Үш тілде
сөйлей білесіңбе? (Жұмбақтар шешу)
1.Қос
құлағы қалқайып
Су ішкен
сайын марқайып.
Күн ысыса
тон жинайды
Доп
болғанда ел жинайды.
2.Бұйра
тұлымы
Желмен
ойнайды
Қызыл
мұрны,
Жерге
байлайды.
3.Сопақша
көк өңі бар
Пайдалы,мөлдір сөлібар
Піскен
кезде жияр
Оның
аты...
Бұл не
деген көп киім
Жетпіс
қабат көк киім
Түймелеуге жетпейді
Жаңбыр
одан өтпейді
V кезең: «Салат әзірлей білу
де өнер»
Сергіту
сәті.
Жемістер
мен жидектерге байланысты қандай адам есімдерін білесіндер. Мысалы:
Алма, Анар, Құлпынай, Қарақат т.б
Сарамандық жұмыс. Асханалық құралдармен жұмыс істеу
барысындағы ТҚЕ сұрау.
1-топ «
Көкөністер»күз салатын жасайды
2-топ
«Жемістер»винегрет салатын жасайды
Бағалау:
Екі жұлжыз, бір ұсыныс.
Жаңа
сабақты бекіту.
-
Салат құрамына қарай
қалай бөлінеді?
-
Салат дайындау барысында
қандай заңдылықтарды ескерген дұрыс деп
ойлайсындар?
Қортындылау.
Жинаған
жұлдызша саны бойынша жеңімпаз топты анықтау.
«Шығу
парағы» стратегиясы
-
Мен бүгін не
үйрендім.
-
Маған не қиын
болды.
-
Мұғалімге
сұрағым.
Оқушыларды бағалау.
Үйге
тапсырма. 1. Күздік салат түрлерін
жасау.
2.
Ас-мәзірін дайындау қыз балаға қажет пе, - деген сауалға өз
пікірлерін жазып келу.