Материалдар / Ашық сабақ "Көкшетау аңыздары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Көкшетау аңыздары"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1188
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11сынып
Сабақтың барысы: 

1. Ұйымдастыру 
2. Үй жұмысын тексеру. 
3. Жаңа сабақ. 

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық

-Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар? -Көңіл күйлерің қалай?

Ой қозғау: 
Өткен сабақтарда бiз Қазақстанның табиғаты туралы айттық. Ал «Табиғат» деген ұғымды қалай түсiнесiңдер?

3 Слайд Бүгінгі сабаққа балалар шығармашылық жұмыстарын көрсетеді.

1.Саша

2.Ваня Б.оқушы Көркем табиғат, таза ауа.

Қазақ даласын қанша араласаңыз да, дәл мұндағыдай сұлу табиғат, саф ауа таба алуыңыз неғайбыл.

Туристерді еліктіретін екінші нәрсе – демалар қоныстың тауға таяу болуы. Бұл жағынан да Көкшетауға жетер жер сирек. Өзіңіз ойлап көріңіз, Көкше өңірінің шығысынан батысына қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді, Айыртау, Сырымбет секілді сан алуан таулар мен қыраттар орналасқан! Және бұлардың бәрі дерлік кей аймақтардағы секілді – түксиген, жалаңаш, сұр таулар емес, етегін мейлінше жасыл желек көмкерген, арша мен шыршаның, өзге бұталар мен өсімдіктердің түр-түрі өсетін, көруге көз керек көрікті таулар.

Жазғы демалыстың ең маңызды шарты – суға шомылу. Мамыражай маусымда, шіліңгір шілдеде немесе тамылжыған та

3.Быржан. оқушы Оқжетпес (биіктігі - теңіз деңгейінен 400 метр жоғары) - Бурабайдың ең көрікті жері. Бұл бірегей жартас Көгілдір шығанақ (Әулиекөл көлінің солтүстік-батысында) жағасында орналасқан. Көптеген көріпкелдер жартастың жанынан еңкейген кемпірдің сұлбасын көрген, бірақ мұндай бейне бәріне көріне бермейді. Атақты ақын, ғалым, саяхатшы Шоқан Уәлиханов Оқжетпес туралы 15 аңыз жинаған.

Аңыздардың бірінде Көкше тауын Үш әпке жартасы мен олардың ағасы Оқжетпес жартасының анасы деп атаған. Олар туған жерді жау шапқыншылығынан қорғаған. Бірде сансыз жау көшпелілерге лап қояды. Үш әпке мен ағасы жаумен ұзақ шайқасады. Күштері қалмаған сәтте олар тас боп қатып, жауларының жолын бөгеген.

Бірінші тас - Үлкен әпке (534 м), екіншісі - Ортаншы әпке (460 м), үшіншісі - Кіші әпке (434 м), ал жанында конус тәріздес нағыз ердің кейпіндегі шың Оқжетпес тұр. Кейде Оқжетпесті пілге ұқсатады. Шынында, шыңның басындағы алып тас демалып жатқан пілге ұқсайды.

4.Юлия М. оқушы 

Жұмбақтас - Әулиекөл (Бурабай) көліндегі Көгілдір шығанақ суында орналасқан биіктігі 20 метр болатын керемет тас арал. Ол шашы желбіреген жас қыздың бейнесін елестетеді. Егер Көгілдір шығанақ жағалауымен жүре берсең, тас қыз біртіндеп қартайып, ақырында көз алдымызда данышпан қарияның кейпі елестейді.

Жұмбақтас - бұл әйел тағдырының, оның жай таппаған жанының символы. Жартас бізден қаншалықты алыс болса, жас қыздың бейнесі соншалықты жас, ал қаншалықты жақын болса, ол соншалықты кәрі. Біздің өміріміздің пәлсапасы да осында.



4 Слайд

5 Слайд

Синтаксис нені зерттейді?

Құрмалас сөйлемдер дегеніміз не?

Сабақтас құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді?

Салалас құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді?

Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемдер нешеге бөлінеді?

Құрамына қарай жай сөйлемдер нешеге бөлінеді?


6 Слайд

-Бүгінгі сабақтың тақырыбын тауып көріңіздерші


Ал балалар бүгінгі тақырыбымыз «Көкшетау аңыздары » сабаққа қандай мақсатымызды қоямыз,(аңыздар туралы сөйлесеміз,топпен жумыс жасаймыз,тапсырмаларды орындаймыз)ал енді орындайық.

Қазір 3 топқа бөлінеміз. .(суреттер арқылы)Жұмбақтас.Оқжетпес.Бурабай Топпен тапсырмаларды орындағанда ,ережені ұмытпаңдар.Топтың ішінде өздерінің спикерлерін таңдап алыңдар. Бағалау парақта белгілейді.

1 топ Жұмбақтас Аңызға айналған орын бұл. Ол туралы рубаяттар бізді Абылай хан заманына сапар шектіреді. Бірде, ол қалмақтарды жеңіп, туған жеріне үлкен олжамен оралады. Тұтқындардың арасында жас сұлу қалмақ қызы болады. Жауынгерлер сұлу қыздың кімге бұйыратынына өзара бәстесіп жатты. Абылай хан оған күйеу жігітті өзі таңдауды ұсынды. Ол Оқжетпес жартасының үстіне шығып, ақ орамалды бекітті де, осы орамалға кім жебесін тигізсе, ол соған жар болатынын жариялады. Жігіттер көп күш сынасты, көп жебе атылғанымен, олардың бірде-бірі шың басына жете алмады. Ашуланған хан сұлуға «жерге түс» деп бұйырады, бірақ ол өздігінше шешім қабылдап, Көгілдір шығанақ суына құлады да, мәңгілік азат болды. Ал біраз уақыт өткен соң, көл ортасында беймәлім жұмбақ жартас - Жұмбақтас пайда болды.

Құрмалас сөйлемдерді тауып ажырату.

2 топ

Бурабай туралы аңыз

Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері. Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген. Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек болады. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады. Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен. 

Мңтін бойынша сұрақтарды құру.

3 топ Оқжетпес

 Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» атала­тын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлай­ды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.  

Мәтін бойынша сұхбат құру



Сендердің назарларыңызға бейнежазба.



-Балалар, бейнежазбаны көргенде не сездіңдер?(демалдық,табиғаттың әсемдігін көрдік,еске түсірдік)

Мақал- мәтелдерді табу

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Боранда күні ит пен бала құтырады.

Алпыс күнде тасыған су, Алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді.

Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.

Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс.

Таумен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.

Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.
Рефлексия

Не білдім? Не білгім келеді? Не білдім? (стикерлерді тақтаға жабыстырады)

Сексен көл Көкшетаудың саясында

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісі –

Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба!



-Қазір сендер Бурабай туралы бейнефильм көріп,үйде эссе жазып келесі сабаққа әкелесіңдер.











1 топ Жұмбақтас

Аңызға айналған орын бұл. Ол туралы рубаяттар бізді Абылай хан заманына сапар шектіреді. Бірде, ол қалмақтарды жеңіп, туған жеріне үлкен олжамен оралады. Тұтқындардың арасында жас сұлу қалмақ қызы болады. Жауынгерлер сұлу қыздың кімге бұйыратынына өзара бәстесіп жатты. Абылай хан оған күйеу жігітті өзі таңдауды ұсынды. Ол Оқжетпес жартасының үстіне шығып, ақ орамалды бекітті де, осы орамалға кім жебесін тигізсе, ол соған жар болатынын жариялады. Жігіттер көп күш сынасты, көп жебе атылғанымен, олардың бірде-бірі шың басына жете алмады. Ашуланған хан сұлуға «жерге түс» деп бұйырады, бірақ ол өздігінше шешім қабылдап, Көгілдір шығанақ суына құлады да, мәңгілік азат болды. Ал біраз уақыт өткен соң, көл ортасында беймәлім жұмбақ жартас - Жұмбақтас пайда болды.

Құрмалас сөйлемдерді тауып ажырату.











































2 топ

Бурабай туралы аңыз

Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері. Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген. Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек болады. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады. Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен. 

Мәтін бойынша сұрақтарды құру.































3 топ Оқжетпес

 Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» атала­тын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлай­ды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.  

Мәтін бойынша сұхбат құру































Мақал- мәтелдерді табу

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Боранда күні ит пен бала құтырады.

Алпыс күнде тасыған су, Алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді.

Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.

Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс.

Таумен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.

Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.


Мақал- мәтелдерді табу

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Боранда күні ит пен бала құтырады.

Алпыс күнде тасыған су, Алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді.

Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.

Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс.

Таумен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.

Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.
















Мақал- мәтелдерді табу

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Боранда күні ит пен бала құтырады.

Алпыс күнде тасыған су, Алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді.

Жел дауылды шақырады, Бұлт жауынды шақырады.

Қыстағы қар - жерге ырыс, Жердегі ылғал – елге ырыс.

Таумен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.

Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.








Нөсер алдында

найзағай ойнайды.


Күн күркіресе,


көп дүркірер.

Күркіреген бұлттың


жаңбыры аз.

Боранда күні ит пен


бала құтырады.

Алпыс күнде тасыған су,


Алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді,


Батамен ел көгереді.

Жел дауылды шақырады,


Бұлт жауынды шақырады.


Қыстағы қар - жерге ырыс,


Жердегі ылғал – елге ырыс.




Таумен тасты су бұзар,

Ел арасын қу бұзар.


Ағаш тамырымен мықты,


Адам дос-жарымен мықты.


Су жетпейін демейді,

жар жеткізбейді,


Ер жетпейін демейді,

мал жеткізбейді.


Жазғытұрым жел жардай

атанды жығар.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!