Материалдар / Ашық сабақ "Көміртегі және оның қосылыстары".9 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Көміртегі және оның қосылыстары".9 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 9 класқа құрылған. Мүғалімдерге көмекші құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
1190
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні Химия 9 класс Мерзімі 06.12.2017ж

Сабақтың тақырыбы

Көміртегінің қосылыстары

Мақсаты

а) білімділік: Оқушыларға көміртек және оның қосылыстары: көміртек оксиді, тұздары, көмір қышқылы жайлы жүйелі білім беру.

б) дамытушылық: Көміртек элементі түзетін жай заттар жөніндегі түсініктерін кеңейту.

в) тәрбиелік: Оқушылардың дүниеге ғылыми – материалистік көзқарастарын тәрбиелеу.


Міндеттері:

-Естілікке,ынталы болуға,ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу.

-Оқушылардың ой-өрісін,сөйлеу тілін,сыни ойлау қабілетін дамыту,шығармашылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

Химиялық реакциялар құра білу.

Шешім қабылдай білу.

Сабақ типі

Зерттеу-іздену сабағы

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Пән аралық байланыс

физика ,биология.

Түйінді идеясы

Көміртегі – маңызды элемент

Әдіс-тәсілдер

постер қорғау, оқулықпен жұмыс, зерттеу жұмыстары .

Ресурстар

маркерлер,А-4 қағазы,приборлар, карбонаттар,конфеттер, .периодтық жүйе т.б




Уақыты

Сабақ кезеңдері

Сабақтың мазмұны


2 минут


Ұйымдастыру бөлімі


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Топқа бөлу
Оқушыларды төрт топқа бөлу. Психологиялық ахуал туғызу. Бағалау парақтарын үлестіру.

Оқушылар бір-бірімен амандасады.

Олар бөлініп конфеттер түсіне қарай топ құрайды

3минут

Үй тапсырмасы сұрақ-жауап

Жуан –жіңішке сұрақтар ?

Көміртегі туралы сұрақтар?

  1. Химиялық таңбасы –

  2. Реттік нөмірі –

  3. Салыстырмалы атомдық массасы –

  4. Электрон саны –

  5. Протон саны –

  6. Нейтрон саны –

  7. Электрондық қабат саны –

  8. Валенттілігі –

  9. Электрондық формуласы –

  10. Cыртқы қабаттағы электрон саны

Табиғатта тараллуы

  1. Химиялық таңбасы – С

  2. Реттік нөмірі – 6

  3. Салыстырмалы атомдық массасы – 12

  4. Электрон саны – 6

  5. Протон саны – 6

  6. Нейтрон саны – 6

  7. Электрондық қабат саны – 2

  8. Валенттілігі – II, IV.

  9. Электрондық формуласы – 1s2 2s2 2p2

  10. Cыртқы қабаттағы электрон саны -4

Табиғатта таралуы

11Алмаз Графит Карбин ,гауһар.




2 минут

Қызығушылық ояту

Көміртегі тұздарын көрсету арқылы сабақ тақырыбын анықтау.

Көміртегінің қосылыстары.

15минут

Мағынаны тану кезі. Постер қорғау

Топтарға тапсырмалар жазылған нұсқау хат беру.

1.көміртегінің қосылыстарының формуласы?

2.Алынуы?

3.физикалық қасиеттері?

4.Физиологиялық әсері?

5.Қышқыл жауындар ?

6.Тұздардың қолданылуы?

7. Көміртегінің табиғаттағы айналымы, фотосинтез процесі?

Топтардың жұмыстарды қорғауы:

СО көміртек (ІІ) оксиді – түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа

заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала

жанғанда бөлінген иіс газымен адам дем алса, уланады. Ауада көгілдір

жалынмен жанатын газ . 2СО + O2 = 2CO2

СО тұз түзбейтін, бейтарап оксид, көбінесе жоғары температурада

тотықсыздандырғыш ретінде домна пешінде, органикалық синтезде

қолданылады. Қыздырғанда металл оксидтерінен металды

тотықсыздандырады. CuO + CO = Cu + CO2

SiO2 + 2CO = Si + 2CO2

CO2 көміртек (ІV) оксиді түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын,

жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ. Ауадан

ауыр болғандықтан жертөлелерде, шұңқырларда, шахталарда, құдықтарда

жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтану ережелері қолданады.

Ауадағы мөлшері -0.03%. Жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі

температурада қар сияқты массаға айналады. Оны «құрғақ мұз» деп атап,

тоңазытқыш қондырғыларында қолданылады.

СО2 – қышқылдық оксид.

1. Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

СО2 + CaO = CaCO3

  1. Негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді:

2CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3↓ + H2O

  1. Cумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі.

CO2 + H2O = H2CO3

Кальций гидроксиді, ізбес суы, әк сүті көмірқышқыл газына сапалық реакция жасайтын реагент болады.

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O

Көмір қышқылы – H2CO3 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл, оңай айырылады.

Алынуы.

1. Көмірқышқыл газын суда ерітіп: CO2 + H2O = H2CO3

2.Тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:

Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl+H2CO3

Көмір қышқылы екі түрлі тұз түзеді, олар гидрокарбонаттар (NaHCO3,

Ca(HCO3)2, және карбонаттар деп аталады (CaCO3, MgCO3);

Қолданылуы. NaHCO3 - ас содасы тамақ, шыны өндірісінде және асқазан

ауруларына. LiCO3 – ағзада тұз жиналғанда, сондай –ақ Na2CO3, CaCO3

К2CO3 – өндірісте, құрылыс материалдары ретінде қолданылады.

2-топ тәжірбие арқылы тұнба түзілуді көрсетеді.

10минут

Оқулықпен жұмыс

4 –есеп,8- есеп 9- есептерді шығару.

1-топ -№4 есеп

2-топ тәжірбие көрсету, реакциясын жазу.

3-топ №8есеп

4-топ №9 есептерді шығару.

5минут

Сабақты қортындылау.

Оқушыларға тест жұмыстары орындату.

1-нұсқа

1. Көміртектің периодтық жүйедегі орны:

а) ІІІ период, ІV топ, негізгі топша;

ә) ІІ период, V топ, қосымша топша;

б) ІІ период, ІV топ, негізгі топша;

2. Көміртек атомының ядро заряды:

а) 6 ә) 8 б) 4

3. Көміртектің атом құрылысы:

а) 1s22s22p2 ә) 1s22s22p4 б) 1s22s22p63s2

4. Көміртек атомындағы нейтрон саны:

а) 12 ә) 6 б) 4

5. Алмаздың физикалық қасиеттері қандай:

а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;

ә) өте қатты, мөлдір, электр тогын өткізеді;

б) қатты , түссіз, электр тогын өткізбейді;

2-нұсқа

1. Көміртек (ІІ) оксидінің формуласы:

а) СО ә) СО3 б) СО2

2. Графиттің физикалық қасиеті қандай?

а) өте қатты, электр тогын жақсы өткізеді;

ә) морт, сұр түсті металдық жылтыры бар, электр тогын өткізбейді;

б) өте қатты, электр тогын өткізбейді;

3. Алмаз қайда қолданылады:

а) тау жыныстарын бұрғылауға; ә) шыны кесуге; б) бриллиант жасауға

4. Графит қайда қолданылады:

а) электродтар жасауға; ә) қарындаш жасауға;

б) майлағыш материалдар алуға;

5. Көміртек (ІV) оксидінің формуласы:

а) СО2 ә) СО4 б) СО


1.б.2,а.3,а.4,ә.5б,

1а,2ә,3б,4а,ә.б.5а

5минут

Рефлексия

Сабақ басына қайта оралсақ шипучка конфеті және напиток екеуінің қандай байланысы бар?

Конфетті ауызға салғанда қандай өзгеріс бар?

Құрамында не бар?

газдалған су, газдалмаған су кандай пайдасы бар?

Газды қалай кіргізеді?

Шипучка конфетінің құрамы: Лимон қышқылы, Ас содасы бар. Ауызға салғанда Реакция жүріп көмірқышқыл газы бөлінеді.

СО2,

напиток құрамы: Ароматизатор,(Алма,Дюшес) бояғыш заттар,су, сироп, шекер,сок, лимон қышқылы.көмір қышқыл газы қысымен кіргізіледі. Шалқарсу асқазанда астың қорытылуына көмектеседі.

3 минут

Бағалау

Оқушыларға сабақ барысында берілген бағалау парақтары жиналып алынады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!