Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. Компьютерлік желілер туралы түсінік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Авторы: Ахатова Замира Абдикаимовна
Алматы қаласы, Алматы экономика және статистика колледжі, информатика пәні мұғалімі
САБАҚ ЖОСПАРЫ № 12
201 топ. Информатика пәні.
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер туралы түсінік.
Модуль/Пән атауы: Информатика.
Дайындаған педагог: Ахатова Замира Абдикаимовна.
Сабақтың мақсаты: Компьютерлік желілердің қызметін біледі. Компьютерлік желі түрлерін анықтайды. Компьютерлік желілердің жағымды және жағымсыз жақтарын салыстырады.
Сабақ типі мен түрлері: Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық технологиялар, аралас сабақ, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, саралап деңгейлік оқыту.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар: Анықтамалық әдебиет, сілтемелер, лекциялар, анықтамалар, деңгейлік тапсырмалар бойынша үлестірме материалдары, плакаттар, формулалар.
Техникалық жабдықтау, материалдар Тақта, проектор.
Бағалау критерийлері Компьютерлік желілердің қызметін біледі. Компьютерлік желі түрлерін анықтайды. Компьютерлік желілердің жағымды және жағымсыз жақтарын салыстырады.
Бағалаутапсырмалары Смайликтер арқылы бағалау.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру, кабинеттің тазалығын және дайындығын тексеру, оқушылардың жұмыс белсенділігін көтеру, жұмыс дәптерінің барын тексеру, білім алушыларды түгендеу.
-
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Алдыңғы сабақта өтілген материалдарды еске түсіру.
3. Білім алушылардың негізгі кезеңде дайындығын тексеру.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы ауызша сұрақтар беріледі.
1.Желіде жұмыс істеуде қандай қауіп-қатер бар деп ойлайсыңдар?
2.Интернетте қандай ақпаратты жариялауға болмайды?
3.Әлеуметтік желілерді пайдалануда қандай қауіп-қатер бар?
4. Жаңа білімін және дағдыларын дамытуды қалыптастыру.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Компьютерлікжелілер туралы түсінік. “Геймификация” технологиясы арқылы оқушылар жаңа тақырыптың атауын өздері табады.
Видеоролик. “Сен білесіңбе?”
-
Жаңа тақырыпты меңгерту;
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
Көлемі бойынша кішігірім, бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті желі деп аталады. Олар: аймақтық және ауқымды желілер болып 2-ге бөлінеді.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қйсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына тиісті болса, онда бұл корпоротивтік деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің желісі –Banknet, негізгі банктің компьютерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоротивтік те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады.Адаптер компьютердің аналық тақшасынгдағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Әр қосылу - деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы - бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір- біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді.
-
тапсырма /Жұптық жұмыс/
Компьютер желісінің параметрлерін сәйкестендір
№ |
Терминдер |
|
Анықтамасы |
1 |
Желінің өткізу қабілеті |
А |
Ақпаратты айнытпай, жоғалтпай беру |
2 |
Құны |
Ә |
Деректерді тасымалдау жылдамдығы |
3 |
Сенімділік |
Б |
Желіге қосымша компьютерді жалғау |
-
тапсырма /Жеке жұмыс/
“Информатикалық диктант” әдісі. Дәптермен жұмыс.
Берілген сөйлемдерді толықтырады.
-
Компьютерлік желі ағылшынша (..............) деп аталады
-
Ең үлкен желі ..............
-
Желілік тақша .............. Мбит/с жылдамдықпен жұмыс жасайтын түрлері бар.
-
Патч кортың ................ ұшында ағытпалы жалғағыш орнатылған .
-
Таымалданған ақпарат көлемінің формуласы ................
-
Әлемдегі ең көп тараған, интернетке қосылуға арналған құрылғы ...............................
-
тапсырма /Сөздіктермен жұмыс/
Компьютер – Компьютер - Computer
Пернетақта – Клавиатура - Keyboard
Жүйелі блок – Системный блок - System block
Тінтуір – Мышка - Mause
Компьютерлік желі – Компьютерная сеть - Komputer netuork
Электронды пошта – Электронная почта - Email
Браузер бағдарламасы – Браузер программа – Browser sof taure
Онлайн – Онлайн - Online
Басып шығарғыш – Принтер - Printer
Желі - Интернет – Internet
Желінің өткізгіштік қабілеті - Пропускная способность сети - Network Bandwidthy
Мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы - Скорость передачи данных -Data transfer speed
Сымсыз желі - Беспроводная сеть - WirellesNetwork
Желінің өнімділігі - Производительность сети - Network performance
Коаксиалды кабель - Коаксиальный кабель - Coaxial cable
Бұралған жұп - Витая пара - Twisted pair
Талшықты -оптикалық кабель - Оптоволоконный кабель - Fiber optic cable
4 - тапсырма /Сергіту сәті/
Балалар табиғат аясына саяхаттау мақсатында балық аулау арқылы берілген сұрақтарға жауап береді.
-
Компьютерлік желі дегеніміз не?
-
Компьютерлік желілердің қандай түрлерін білесіңдер?
-
Желінің өткізу қабілеті дегенді қалай түсінесің?
-
Ақпараттың көлемі қалай есептеледі?
-
Жаңадан шыққан қандай әлеуметтік желілер бар?
-
Сіз қандай әлеуметтік желіде көп отырасыз?
-
Компьютерлік желілер құрылымына қарай неше бөлікке бөлінеді?
-
Сервер дегеніміз не?
-
Ақпаратты бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін не қолданылады?
-
Клиент дегеніміз не?
-
Жұмысчшы стансысы дегеніміз не?
-
Сымсыз желі туралы не білесің?
5 - тапсырма /Топтық жұмыс/
“Постер әдісі” Плакатпен жұмыс.
Фигуралар арқылы 2 топқа бөлінеді.
1 топ “Аймақтық желі”
2 топ “Жергілікті желі”
Әр топ өздеріне берілген топтарының аттарын қорғап шығады.
Қорытындылау: ”Рефлексия” (Кері байланыс)
Оқушылар Ватсап желісі арқылы рефлексия жасайды
Нені білдік? |
Не білгіміз келеді? |
Бағалау: Жеке оқушылар бағаланады.
Үй тапсырмасы: «Компьютерлік желі» тақырыбына тест құрастыру.
Ғаламтор беттерінен желінің негізгі құрылғылары жайлы ақпараттық ізденіс жасап келу.