Материалдар / Ашық сабақ Көне түрік жазуы 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Көне түрік жазуы 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазға ҚМЖ 6-сынып Қазақстан тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
7418
91 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.1А VI-IX ғасырлардағы Қазақстан

Мектеп: Төле би орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Асилбекова Актолкын Торебековна

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ежелгі түріктердің жазуы

Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегеннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1- көне түрік жазуының маңызын түсіндіру;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Көне түркі жазуының маңызын білу

Оқушылардың басым бөлігі: Көне түркі жазба ескерткіштері туралы маңызды тарихи ақпараттарды түсіну

Кейбір оқушылар: Руна ескерткіші, Орхон-Енесей ескерткіштері, тастағы жазбалардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайды

Оқыту деңгейі

Білу, түсіну

Бағалау критерийі

- көне түркі жазуының маңызын біледі;

- көне түркі жазуының маңызын түсіну




Тілдік мақсаттар

1.Мәтінді оқып, жаңа ұғымдар мен түсініктерді жазады (оқылым, жазылым) Тірек сөздер: Руна, Орхон-Енесей, Тастағы жазбалар

2.Түсініреді, өзара пікір алмасады (тыңдалым, айтылым)

Пәндік лексика және терминдер:

Қағанат, қаған, «он-оқ бұдын», миграция

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Көне түркі жазуының басты ерекшеліктері...

Көне түркі жазуының ең басты өзгерістері/жетістіктер/ болды...

Бұл оқиға /өзгеріс маңыздды болды/ айтарлықтай, өйткені...

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің бір тұтастығы құндылықтарға баулу

Пәнарлық байланыс

Әдебиет. Орхон-Енесей ескерткіштері «Күлтегін» жыры

Алдыңғы білім

5.2.3.1 Қазақстандағы ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын біледі.


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құрал жабдықтарын түгендеу.

Ширату жаттығуы "Досыма хат"-өтілген алдыңғы материал бойынша оқушылар өзінің білгенін досының қаншалықты білетіндігі туралы екі, үш сұрақпен досына түрлі-түсті қағазға хат жазады.

Сұрақтар:

  1. Түркі елдерінің билеушілері кімдер?

  2. Бумын қай жылы билік етті?

  3. Шығыс түрік қағанының билеушісі кім?

  4. Түрік мемлекетінің құрамында неше ру тайпалар бар?

  5. Қандай себептерге байланысты Батыс түрік қағанаты ыдырады?

  6. Білге қаған қай қағанатты қалпына келтірді?

Сабақтын мақсатын оқушылармен бірге анықтау (жазылым) дәптерге жазып алады.

ОМ: көне түрік жазуының маңызын түсіндіру;

СМ: көне түрік жазуының маңызын түсіндіреді;

«Тірек сөздер» әдісі арқылы топқа бөлу. Оқушылар қима қағазға жазылған « Руна, Орхон-Енесей, Тастағы жазбалар»

І топ: Руна

ІІ топ:Орхон-Енесей

ІІІ топ: Тастағы жазбалар

ІІ. Ой шақыру. АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып тақырыптық бейнежазба арқылы төмендегі сұрақтар,а жауап береді. жаңа тақырыпқа жалпы шолу. «Көне түркі жазбалар» бейнежазба

Сұрақтар:

-Бейне жазбада не туралы айтылған?

-Түркі тайпаларының әліпбиі неше әріптен тұрады?

-Руна деген қандай мағына береді?

-Орхон-Енесей жазба деректерінің аталу себебі неде?

- Күлтегін ескерткіші қайдан табылды?

- Білге, Күлтегін, Тоныкөкке қысқаша сипаттама бер

- Тас жазуда із қалдырған қолбасшы кім?





Хат



Оқулық,

Дәптер






















бейнежазба












Сабақтың ортасы

Өкіл әдісі. (топтық жұмыс) 10-минут

Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.


Тапсырма:


  1. Суретті негізге ала отырып, сұрақтарға жауап беріңіз



1. Руна жазуы ұғымы қандай мағына береді?

2. Орхон – Енисей ескерткіштерінен қандай мәліметтер алуға болады?

3. Неліктен зерттеушілерді түркі жазулары қызықтырады?


  1. Көне түркі жазуының маңыздылығын анықтаңыз.

1

Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолданды

Себебі...

2

Көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар береді

Себебі...

3

Көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін көрсетеді

Себебі...

4

Көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін сипаттайды

Себебі...


Дескриптор:

-Руна жазулар ұғымын анықтайды;

- Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі мәліметті саралайды;

- зерттеушілердің түркі жазуына қызығуының себептерін көрсетеді;

- көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолдануын түсіндіреді;

- көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар беретіндігін түсіндіреді;

- көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін, сауаттылығын көрсететіндігін түсіндіреді;

- көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін көрсететіндігін түсіндіреді;


Қалыптастырушы бағалау. Оқушылардың дұрыс жауаптарын Екі жұлдыз бір тілек стикер беріліп,


«Жоба әдісі» топтық жұмыс (15 минут)

Зерттеу сұрағы:

Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?

Зерттеу жұмысының қадамдары негізінде зерттеу жұмысын орындау.

Зерттеу жұмысын презентация арқылы қорғайды.

Зерттеу қадамдары:

1. Зерттеу тапсырмасын анықтау

2.Орхон-Енесей жазбалары туралы қажетті ақпаратты жинастыру.

3.(интернет, бейнежазба- “Көне түркі жазуы”)

4.Алынған ақпараттың қайда және қандай ақпарат көздерінен алынғанын көрсет.

5.Идеяларды ұсыну жасаған жұмысын презентация арқылы өзімнің сыныптастарының алдында таныстыру

6. Оргфографиялық және грамматикалық нормалардың сақталуын тексеру.

Оқушалар өзін-өзі бағалау

Кері байланыс

Мұғалім кері байланыс

Дескриптор:

Тапсырманы анықтай алады:

Ресурстарды таңдай біледі;

Ресурстарды сұрыптай алады;

Идеяларды ұсына, көрсете алады;


Критерийлер арқылы өзара бағалау:

  1. Зерттеу сұрағы бар ма?

  2. 3 ақпарат ұсынылды ма?

  3. Ақпарат көздеріне сілтеме жасалынды ма?

  4. Қорытынды ойы бар ма?



Постер


Ресурс


Интернет ақпараты


Тастағы жазба ескерткіштері (суреттер)









Оқулық

28-30 беттер





















































Сабақтың соңы













Рефлексия

5 минут

Өзіңізді тексеріңіз (жеке жұмыс) (шындық па, жалған ба?) 3минут

1. Руна әріпі пайда болғанға дейін түріктер соғды әріпін пайдаланған.

2.Руна жазуларының ескерткіштері Монғолияның батыс бөлігінде орналасқан.

3.Алғаш рет Руна жазуын оқыған Шоқан Уалиханов.

5.Жаңа түркі жазуының ерекшелігі саз балшыққа жазылған.

6.Орхон-Енесей жазулар түрлерінің саны -150.

7. Түріктердің әліппесі УІІ ғасырдан бастап танымал болды.

8.Ежелгі түркі жазулары түркілердің рухани мәдениеттің жоғары болғанын дәлелдейді.

Рисунок 8

Бес саусақ

Кері байланыс «Бәрі сенің қолыңда» . бойыншы хабарлама

Бас бармақ - мен үшін маңызды және

қызықты болды.

Сұқ саусақ - осы сұрақ

бойынша мен

өзіме қажетті мәлімет алдым.

Ортаңғы саусақ - бұл маған қиынға

соқты...(маған ұнамады)...

Шылдырлы саусақ - менің психологиялық ортаны бағалауым.

Кішкене саусақ - мен үшін

Жеткіліксіз болды...




Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау -Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Барлық оқушылар:

Топтық жұмысқа араласады.Топтық, жеке жұмыстар арқылы өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

Кейбір оқушылар:

-Топтағы ұйымдастыру жұмыстарын қолға алады. Өкіл әдісі бойынша бір өкіл топтан сайланып,, тақырыпты өзге топтарға түсіндіреді;

Өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете алады. Берілген тапсырмаларды басқаларға қарағанда жылдам орындайды.

Тақырып бойынша өзіндік тұжырым жасай алады, көзқарасын нақты жеткізеді.

Қабілеті орта оқушылар.

- "Шындық детекторы" Шындық па жалған ба ойыны бойынша сұрақтарға жауап береді.


«Бас бармақ» әдісімен бағалау.

түсіндім, түсінгенім аздық етеді, түсінбедім

Түсіндім

Көне түркі жазуының маңыздылығын түсіндім.

Орхон-Енесей ескерткіштері туралы мәліметтерді түсінгенім аздық етеді

Көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін көрсететіндігін түсінбедім

Кері байланыс «Бәрі сенің қолыңда» бес саусақ бойыншы хабарлама

Бас бармақ - мен үшін маңызды және

қызықты болды.

Сұқ саусақ - осы сұрақ

бойынша мен

өзіме қажетті мәлімет алдым.

Ортаңғы саусақ - бұл маған қиынға

соқты...(маған ұнамады)...

Шылдырлы саусақ - менің психолог

иялық ортаны бағалауым.

Кішкене саусақ - мен үшін

Жеткіліксіз болды...

Рисунок 8

Сабақта сергіту белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Санитарлық - гигиеналық ережелерді, техникалық- қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!