Материалдар / Ашық сабақ Көркем еңбек 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Көркем еңбек 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Көркем еңбек 3 сынып Жапырақтарды əртүрлі тəсілмен бейнелейміз. Суретшілер жанды табиғатты қалай бейнелейді? тақырыбы қамтылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2022
1161
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Жанды табиғат

Педагогтің аты-жөні:

Шаужанова Н.Б

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жапырақтарды əртүрлі тəсілмен бейнелейміз. Суретшілер жанды табиғатты қалай бейнелейді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.1.3.1 – орындау техникасын негіздеп таңдай отырып, шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) көрсету;

3.2.1.1 – қоршаған ортаның визуалды элементтерін əртүрлі тəсілдер мен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу;

Сабақтың мақсаты:

Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып, шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) көрсетеді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Көркем еңбек 3 сынып Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.



Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.



Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



1. Өзің білетін ағаштарды ата.



2. Олардың жапырақтарын суретте.



3. Сен тұратын жерде қандай ағаштар өседі?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.





Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Суретші алдымен табиғатты бақылайды. Одан соң пейзажды, жануарлар мен өсімдіктерді өз тәжірибесін пайдалана отырып бейнелейді.

Егер сен жақсы суретші болғың келсе, байқампаздығың мен қиял ұшқырлығын, қабілетіңді ұшта. Жапырақтарды әртүрлі тәсілмен бейнеле: • жай және түрлі түсті қарындашпен;

акварель және монотипия тәсілімен, әрі қарай фломастермен бояу арқылы;


3-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері


Суретті екіге бүктелген түрлі түсті қатты қағазға жапсыруға болады. Сонда ерекше құттықтау ашық хатын дайындайсың. Ал суретті жақтауға салатын болсаң, оны қабырғаға іліп, бөлмеге сән беруге болады.

1. Жапырақты қалай бейнелейтініңді шеш. 2. Жасаған жұмысыңды қай жерде пайдалана алатыныңды ойлан.

Сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты қалыптастырушы бағалау бойынша мадақтау сөздері арқылы ынталандырады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.


Суретшілерді жанды табиғат әлемі әрдайым қызықтырады. Ежелгі заманның өзінде алғашқы суретшілер әртүрлі жануарларды – зіл, өгіз, жылқыны жартастар мен үңгірлердің қабырғасына бейнелеген. Сондықтан да олар үңгір немесе жартастағы суреттер деп аталды. Уақыт өте келе суретшілердің табиғат туралы білімдері тереңдеп, жануарлар мен өсімдіктерді дәл бейнелейтін болды.

1. Табиғатты бейнелейтін суретшіні қалай атайды?





2. Жануарларды бейнелейтін суретшіні ата

Сабаққа қатысу белсенділігіне байланысты қалыптастырушы бағалау бойынша мадақтау сөздері арқылы ынталандырады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!