Материалдар / Ашық сабақ, Көркем еңбек пәні- 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ, Көркем еңбек пәні- 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне күнделікті сабақ өткізуге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2019
5781
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты: Көркем еңбек

Күні:13.02.2019ж

Сынып: 6

Мұғалім: Аманжолова А.А

Сабақтың атауы

Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар

Мақсаты


Оқушыларға тоқу өнері туралы толық мағлұмат беру; теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой- өрісін дамыту; оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

Дайын тоқылған бұйымдар, интерактивті тақта

Құрал-жабдықтар

тоқыма жіп, біз, қайшы

Психологиялық ахуал

2 мин

Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Сабақ барысы

2 мин





3 мин


10 мин














































































10 мин


I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылырмен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30мм.
Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу
Айналдырып шеңбер жасай тоқу.
Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.

Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді.
• 3. Сарамандық жұмыс:
• (Жұмыс барысында техниқа қауіпсіздік ережесін айту).
• Іммекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады. Мақтадан иірілген немесе жібек жіптер. Әдетте үстімізге киетін киімдерді бостау иірген, ал
• дастарқан ,салфетка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды.
• Бөлшектердің сыртқы пішініне үлгі мен есепке сәйкес шалуды (петель)
• Қосу ,яғни қысқарту сирек-сирек қылып жиі тоқу.
• Негізгі шалулар:
• * үлпілдек шалу. Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалады,тізбектер алғашқы қатар болып саналады.
• + – қысқа шалу.Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан артына қарай өткізеді.Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі 2-шалудан өткізіп алады.
• Оқушыларға жке дара жұмыс тапсыру.
• жке дара жұмыс кезінде мұғалім оқушының жұмысқа дайындығын тексеу, құралдарын түгендеу.

Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек.
1. Инені ауызға салмау керек;
2. Инені киімге қадауға болмайды;
3. Қайшыны ашық тастама;
4. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме;
5. Жұмыс соңында орныңды тазалап кету керек.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
• Жұмысты технологиялық картаның көмегімен орындау;
• Жұмысты таза, ұқыпты орындау.
Қорытынды бөлім.
Оқушылар сендер бүгінгі сабақта тоқу өнері туралы толық мағлұматтар алдық.
• Тоқу өнері қандай өнер түріне жатады?
• Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе қандай жіптерді пайдаланған?
• Тоқу түрлерін атаңдар?
• Жүн дегеніміз не?
• Ұршық дегеніміз не?


Ой толғаныс

8 мин

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма

1 мин

Ілмек бізбен башмақ тоқу

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

2 мин

Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қою.


Жіберілген қателіктерін қайта түсіндіру

Кері байланыс

2 минут

Рисунок 2333





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!