Материалдар / Ашық сабақ, Көркем кестелеу. 5 сынып

Ашық сабақ, Көркем кестелеу. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, Көркем кестелеу. 5 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2024
109
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Көркем еңбек

Мектеп: №

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

Көркемдік кестемен бұйымды безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.2.3.3- Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

5.2.6.1-Материалдар мен құралдарды техника қауіпсіздігін сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау

Сабақтың мақсаты:

  • Көркем кесте түрлері мен тәсілдерін қолдану;

  • ұлттық нақыштағы кестеленген бұйым дайындау;

  • техника қауіпсіздігін ұстану;

  • ұқыптылық пен зерделілікті дамыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-2 мин



















Бағалау парағын түсіндру

1 минут


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сәлемдесу.
Оқушылар шаттық шеңберін құрып  бір –біріне жүрекше беру арқылы жақсы тілектер айтады.

Топқа бөлу

«Шебер» және «Іскер» деп жазылған, реттік нөмірі бар нұсқамалар таңдауы  арқылы 2 топқа бөлінеді.
Сонымен бүгінгі сабағымызды жасап жатқан кестелерімізді әшекейлеп безендіру үшін
«кестелер  әлеміне  саяхат» жасаймыз.

Бағалау «Өрнекті тізбек»

Топқа берілген бағалау парағында әрбір оқушының реттік нөмірі көрсетілген нұсқамалар салынған. Сабақ кезеңдері бойынша оқушылар нұсқама бойына тапсырма орындау немесе сұрақтарға жауап беру арқылы қызғалдақ оюлар жинайды.

Рисунок 1 Рисунок 3 Рисунок 4



Жеке оқушыны бағалау

3 боялған оюға - керемет: 9-10,  2 боялған оюға -жақсы:7-8, 1 боялған оюға - талпын: 4-6 ұпай  беріледі. 

Рисунок 5

Жеңімпаз топты бағалау –

Топтағы боялған ою саны арқылы анықталады.

Топты бағалау үшін әр оқушы өзінің гүлді оюларын бағалау парағына реттілік нөмірі бойынша жапсырып шығады.

 Біздің сабағымыз «мәдени мұра круизы» деп аталады.

Яғни, ұлттық салт-дәстүрлерді өнермен ұштастыра отырып, сайыс түрінде өтіледі.

Круизде үш айлаққа тоқтаймыз:

1 айлақ – өткен сабақты пысықтау, «сиқырлы қоржын» әдісі;

2 айлақ – сарамандық жұмыс, « Кестелер  қалашығы»;

3 айлақ – бекіту, «Өз орныңды тап!» ойыны.

Соңғы мәре – бұл ою саны арқылы жеңімпаздарды анықтау.

Ендеше, балалар, кемеге мініп, круизге шығайық, жеңімпаз атануға асығайық!

Сәт сапар тілеймін!

Оқушылар амандасып, бір - біріне сәттілік тілейді.





Оқушылар 2 топқа бөлінеді.



















Оқушылар бағалау тәсілімен танысады.

Қалыптастырушы бағалау:

Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


Ой қозғау

4-8 мин




Ортасы

































Сұрақ-жауап

9-15 мин





















 Сарамандық жұмыс

16-35 мин




















Бекіту

36-40 мин



















Бағалау

41-43

Слайд  шолу

Ой қозғау

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.

 Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай.

Тұсау кесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді,ал қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек - байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп - көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.

Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.

Салт-дәстүр туралы мәліметті қоржынға салып алдық, балалар, кемеден 1-айлаққа түсеміз.
1-айлақ  «сиқырлы қоржын» әдісі (жұптық жұмыс)
Қоржыннан суреттер алып, сұрақтарға жауап береміз.

Бұл қандай кесте?

Салт дәстүр дегеніміз не?

Баланың тұсауын қай кезде кеседі?

Тусау кескеннен соң қандай. ән айтылады?

  1. Көркем кесте

  2. Айқас кесте

  3. Дөңес бетті ілмек кесте

  4. Шырша кесте

  5. Шырша дөңесті кесте

  6. Құртша кесте

  7. Толықтырма кесте

Дискриптор:

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

  • Ойларын толық жеткізеді.

Бейнебаян көрсетілімі
2- айлақ « Кестелер  қалашығы»
 
Сарамандық жұмыс (топтық жұмыс)

Тұсаукесер әнін тыңдап отырып оқушылар тұсау кесер жолын әсемдейді.

Рисунок 6

Дискриптор:

  • Кестелеуде түс үйлесімділігін анықтайды;

  • Сәндеу тәсілдерінің дұрыс орындалуын қадағалайды;

  • Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

  • Оқушылар суреттің беткі қабатына, мысалы стразаларды желімдейді немесе өрнектің шеттерін бисермен қаптайды, атласты лентамен тігіп, оның үстіне моншақтар, пайеткамен, тоқыма баулармен сәндейді.

Сарамандық жұмысты қорытындылау

  • Салт-дәстүр дегенімізді қалай түсінесіздер?

  • «Тұсау кесер» салты туралы толық мағлұмат беріңіздер.


3-айлақ. Бекіту.

«Өз орныңды тап!» ойыны (топтық жұмыс)

-Балалар, қазір мен сендерге қима кеспелер беремін. Бұл кеспелер «Өз орныңды тап!» деген ойынға қажет. Ойын сендердің зейінді, тапқыр екендіктеріңді талап етеді.

-Қазір музыка қосылады, бәріміз кеспелерден сөйлем құраймыз. Музыка тоқтағанда әркім өз қолындағы кеспенің орнын тауып тұра қалу керек.

Шым кесте - материалдың ашық жерін қалдырмай тұтас кестелеген шымқай кесте.

Әредік кесте - материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынатын кесте.

Дискриптор:

  • Оқушылар кеспе сөздерді ретімен тауып, құрастырады;

  • Сөйлемді ептілікпен, жылдамдықпен оқып, көрсетеді.

Бағалау

Оюлар жинау арқылы өрнекті тізбек жасайды.


Жеке оқушыны бағалау

3 оюға - керемет: 9-10,  2 оюға - жақсы:7-8, 1 оюға - талпын: 4-6  

Рисунок 7 Рисунок 8 Рисунок 9

Жеңімпаз топты бағалау -

Топтағы жиналған ою саны арқылы анықталады.

Рисунок 10

Жеңімпаз топты марапаттау



Оқушылар қоржыннан суреттер алып, сұрақтарға жауап береді.





















Оқушылар әртүрлі тәсілдер арқылы жоспарланған кестеге сәйкес өзінің бұйымын сәндеуді орындайды.

Қауіпсіздік ережесін ұстанады.









Оқушылар кеспе сөйлемдерді ретімен тауып, әуен тоқтағанда құрастырып тез-тез бірінен кейін бірі тақтаға тұра қалады.











Оқушылар бағалау парағын толтырады, жеңімпаз топты анықтайды.

Дискриптор

көркем кестелеудің бірнеше түрлерін үйлесімді қолданады;

шығармашылық жұмыстыұқыпты орындайды;

ұлттық ою-өрнектердің танымалдылығын сақтайды;

жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтайды;

Иллюстрациялық материалдары: көркем кестемен сәнделген бұйымдар т.б. СҚӨ заттары.

http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – баумен кестелеу және т.б. қолөнер шеберлік сағаттары бойынша видео сабақтары.

http://www.trozo.ru/archives/22708 – кестелеу, сәндік және еркін тігістер түрлері.

Интернет ресурстары:
http://www.trozo.ru/archives/22708 – вышивание, виды декоративных и свободных швов.
http://atlanticrus.ru/content/osnovy-dekorativnoi-kompozitsii?page=show – примеры построения композиции, виды и структура орнаментов
http://www.tvorchistvo.ru/vidy-dekorativnyh-kompozitsiy/ - мир ДПИ
http://vrukodelii.com/vishivka-dlya-nachinayushhih/ Вышивка для начинающих
http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – видео уроки по вышиванию лентами, крестиками и др. мастер-классы.

44-45 мин

Аяқталуы



Рефлексия
 1. Бүгінгі саяхатта қиыншылықтар кездесті ме?
 
2. Осы саяхат сен үшін маңызды болды ма?
 3. Сабақ несімен қызықтырды
?

Жұмыс орнын тазалау

Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ