Джакупова Гульжан Махасовна,
Қ.Мырзалиев атындағы ЖББОМ, Жымпиты ауылы, Сырым ауданы,
БҚО.
Сабақтың тақырыбы: Көркемдік кесте. Қол
жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Сабақтың мақсаты: Көркемдік кесте туралы
білім қалыптастыру, кесте тігу тәсілдерін үйрету арқылы шеберлікке
баулу. Кесте тігу өнерін үйрету барысында оқушыларды ұқыптылыққа,
әсемдікке, көркемділікке, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың әдіс –
тәсілдері: СТО стратегиялары (топтастыру,
талқылау, семантикалық карта,
шығармашылық жұмыс, галереяны шарлауББҮ), тірек сызба арқылы
түсіндіру,
Көрнекіліктері: Кестемен безендірілген қолөнер бұйымдары, нұсқау карта,
бағалау парағы, А- 4 форматтар, карточкалар.
Қажетті
құрал-жабдықтар:
Оқушылар үшін
- Бір түсті
мата, мулине, ине, қайшы,
қарындаш, кергіш, бор,
үлгі. Мұғалім үшін
- интерактивті тақта, нұсқау
карталары, ББҮ кестелері, кесте түрлері бейнеленген
суреттер.
Күтілетін
нәтиже: Көркемдік кесте туралы жалпы
мағлұмат алу, кестенің көп тараған түрлері айқас кесте мен баспа
кестені тігіп үйрену
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
-
Сабақтың мақсаты, міндетін
баяндау.
- Сыныпты топқа бөлу
(оқушыларға мата қиықтарын үлестіру, матаның түріне байланысты
топтасу), ат қою, топ басшыларын
белгілеу
- Бағалау парағын үлестіру,
толтыру ережесімен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру
Оқушылар кесте тігу өнерімен
төменгі сыныптардан таныс, сондықтан оларға алдын - ала үйден
тізбек кестемен безендірілген бір бұйым (сүлгі, панно, жастыққап,
ұстатқыш т.б.) тігіп келу тапсырылған. Оқушылар өздері жасаған
шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, қысқаша түсіндіріп өтеді. Көрмеге
қояды.
ІІІ. Қызығушылықты
ояту
Интер белсенді тақтадан
кестемен безендірілген бұйымдарды
көрсету.
Оқушылардан слайдқа байланысты
өз ойларын сұрау
Кестелеу өнері ертеден келе
жатырған, кең таралған қолөнердің бір
түрі.
Кесте дегеніміз - белгілі бір
материал бетіне (мата, киіз, тері, қағаз) түрлі -түсті жіптермен
өрнек салып тігу өнері. Кесте және көркемдеп
тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден
келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай
инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ
өнер. Кестені көңіл сызады, қол
тігеді, көз сынайды дегендей, бұл өнер табандылықты, ісмерлікті,
шеберлікті талап етеді. Қазақ халқында кесте тігумен
тек қана әйелдер айналысқан. Анасы қызына кестені бала кезінен
үйретеді. Адам бойында, әсіресе
бойжеткендердің табанды, сабырлы, ұқыпты зерделі мінез-құлық
қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы
көп.
ІV. Мағынаны ашу.
Талқылау. Алдын ала әзірленген мәтін
оқушыларға таратылады. Оқушылар мәтінді оқып, топта талдайды,
сыныпқа түсіндіреді
Кестенің шығу
тарихы
Кесте – сәндік қол
өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр
түрлі боялған жіптермен, сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады.
Қазақ ұлттық кесте өнері тарихының түп тамыры ғасырлар қойнауында
жатыр.Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Кестенің
алғашқы үлгілері Пазырық, Ноин-
ұлан (б.з.б.5 ғ.) қорғандарынан
табылған тұскиіз, тұскілем, киім- кешектер, шекпен, камзол,
жауынгерлердің киімдерінен көруге болады.
Аспан шырақтарын, табиғат
құбылыстарын, мифтік тұрғыдағы «киелі» деп білген жан- жануар, аң-
құстардың бейнелерін, табиғаттың көз тоймас көркем суреттерін, ру-
тайпалардың таңба- белгілерін сан алуан жіптермен түрлеп аса бағалы
кестелі қазыналар шоғырын қолдан
шығарды.
Киім-
кешек: камзол, шекпен; бас киімдер:
тақия, сәукеле, қалпақ ; Аяқ киімдер: кебіс, етік т.б. Үй
жиһаздары: тұскиіз, шымылдық, сейсеп, басқа да тұрмыстық заттар қол
орамалдары, сүлгілер, кесе қап, жастық
қап
Сән-салтанат бұйымдарына
моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар
таққан, алтындап, күмістеп
тіккен.
|
Кесте
түрлері
Біз
кесте -
дөңгелек немесе төрт бұрышты
етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген
ою-өрнек бойынша қарамақты
бізбен өткермелеп шалу арқылы
кестеленеді.
Әредік кесте -
Перде, жаға, тақия т.б
киімнің әр
жеріне салынатын
кесте
Шым
кесте -
деп тігілетін материалдың ашық
жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз
қалдырып, тұтас кестелеген
шымқай кестені
айтады. Баспа
тігісі –
Гүл, жапырақ,
т.б. өрнектерін
бойлай тұтас жауып тігетін
кесте.
Тік, көлденең және
қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін.
инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс
түсіреді. Тігіс жиі, ашық жері қалмай орындалуы
тиіс.
Айқас
кесте - бір-
бірімен айқасқан екі
инешаншымнан тұрады.
Бір айқас кесте бір торкөзді
алып тұрады. Барлық үстіңгі инешаншымдар бағыты сәйкес түскен кезде
ғана өрнек өте әдемі, ұқыпты болып көрінетін
болады.
Қайып
тігу - әрі беріктік, әрі әдемілік
үшін қолданылады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін
машинасының тігісі тәрізді тізіліп
түседі
|
Кесте
тігуге арналған құрал- жабдықтар,
материалдар
Мата
Ине
Кесте тігуге арналған
құрал-
жабдықтар
Жіп
Қарындаш Кергіш
Қайшы
Ой толғаныс
кезеңі. Семантикалық
карта
Кестенің түрлерін
ажырату
Тобы________________________
Аты-
жөні_____________________________
Кестенің тігілу тәсілдері
мен ерекшеліктері
|
Айқас
кесте
|
Шым
кесте
|
Біз
кесте
|
Әредік
кесте
|
Тізбек
кесте
|
Баспа
кесте
|
Қармақты бізбен тігілетін
кесте
|
|
|
+
|
|
|
|
Мата бетіне ашық жерін
қалдырмай тігетін кесте
|
|
+
|
|
|
|
|
Бір- бірімен айқасқан екі
инешаншымнан тұратын кесте
|
+
|
|
|
|
|
|
Әр жерге салынатын
өрнек
|
|
|
|
+
|
|
|
Тұтас кестеленген шымқай
кесте
|
|
+
|
|
|
|
|
Перде, жаға, тақия т.б киімнің
әр жеріне салынатын кесте
|
|
|
|
+
|
|
|
Гүл, жапырақ, т.б. өрнектерін
бойлай тұтас жауып тігетін
кесте
|
|
|
|
|
|
+
|
Жалпы
балы__________
Бағасы___________
Қауіпсіздік
ережелері:
-
Қол жұмысына арналған
құралдарды арнайы қобдишада сақта
-
Қайшыны жолдасыңа сабымен
ұсын.
-
Өтпейтін қайшымен жұмыс
жасама.
-
Тот басқан, майысқан инемен
тікпе
-
Инемен жұмыс істеген кезде
оймақ киген дұрыс
-
Инені арнайы жастықшаға
түйре.
Шығармашылық
жұмыс. Екі топқа тапсырма: Нұсқау
карта бойынша 1ші топ оқушылары баспа кестесін, екінші топ айқас
кестесін орындау керек.
1. Топ Баспа кестені
орындау
2. Айқас кестені
орындау
Галереяны
шарлау. Екі топ бір – бірінің
жұмыстарын қарайды. Бірінші топ екінші топтың, екінші топ бірінші
топтың жұмысын бағалайды. Топ жұмысына жалпы баға
береді.
Қорытындылау
.
ББҮ кестесін әр топтан бір
оқушыдан оқиды.
ББҮ
Білемін
|
Білгім
келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Баға
қою
Үй
тапсырмасы: Жұмысты аяқтау. Дәптерге
бисермен, таспамен кестелеу өнері туралы жазып
келу.
Жұмыс орнын
жинастыру.
Бағалау парағы. Толтыру
ережесі: Бағалау парағын топ басшысы сабақ бойы толтырып
отырады.
№
|
Оқушының аты-
жөні
|
Үй тапсырмасы 5 балдық
жүйе
|
Талқылау 5 балдық
жүйе
|
Семантикалық карта 1
балдық жүйе
|
Шығармашылық тапсырма 5
балдық жүйе
|
І
топ
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|